26 қыркүйекте Қазақстанның солтүстік өңірлерінде түнгі үсік байқалса, оңтүстікте ауа температурасы +26 градусқа дейін көтеріледі. Шымкент, Қызылорда, Тараз және Түркістанда жаңбыр жауып, найзағай мен екпінді жел күтіледі, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада жауын-шашынсыз, ала бұлтты ауа райы болжанады. Түнде +4…+6, күндіз +12…+14 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.
Алматыда жауын-шашын болмайды, түнде +12…+14, күндіз +22…+24 градус күтіледі. Қонаевта күндіз +24…+26, Талдықорғанда +23…+25 градусқа дейін жылынады. Желдің екпіні секундына 5-14 метр шамасында болады.
Оңтүстікте жаңбыр мен найзағай күтіледі
Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +24…+26 градус болады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Осындай ауа райы Қызылорда мен Түркістанда да сақталады. Екі қалада күндіз +24…+26 градусқа дейін жылынса, екпінді жел мен найзағай болжанып отыр. Таразда түнде +10…+12, күндіз +21…+23 градус болады.
Ақтауда жауын-шашынсыз, күндіз +25…+27 градус күтіледі. Атырауда ауа +22…+24, Оралда +21…+23 градусқа дейін жылынады. Ақтөбеде түнде +4…+6, күндіз +17…+19 градус болады.
Жезқазғанда күндізгі температура +18…+20 градусқа жетеді. Қарағандыда жаңбыр жауып, түнде +6…+8, күндіз +12…+14 градус көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады.
Солтүстікте түнгі үсік басталады
Көкшетауда түнде +2…+4 градус болғанымен, топырақ бетінде температура -1 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа +13…+15 градусқа дейін жылынады. Жауын-шашын болжанбайды.
Петропавлда түнгі температура 0…+2 градус шамасында болады. Топырақ бетінде -3 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз термометр +13…+15 градусты көрсетеді.
Қостанайда түнде +1…+3, күндіз +14…+16 градус болады. Павлодарда да күндізгі температура +14…+16 градустан аспайды. Екі қалада жауын-шашынсыз, желді ауа райы сақталады.
Семейде күндіз +17…+19 градус күтіледі. Өскеменде түнде +2…+4, күндіз +17…+19 градус болады. Синоптиктер солтүстік өңір тұрғындарына түнгі үсікті ескеріп, өсімдіктер мен бау-бақша өнімдерін қорғауға кеңес береді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







