Тұрғындардың «Ауданның әр жері қазылып жатыр, жұмыс қашан бітеді?» деп наразылық білдіруі орынды. Алайда жер астында 40 жылдан бері жаңартылмаған құбыр жатса, үстіне төселген жаңа асфальт та ұзаққа шыдамайды. Қыста құбыр жарылса, жолды қайта қазуға тура келеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтқан деректеріне сілтеме жасап.
Электр және су желілеріндегі өзгерістер
Сондықтан биыл жазда қолайсыздық туғызса да, инженерлік желілерді жаңартуға кірістік. Алдымен аудан аумағындағы 154 шақырым электр кабелі ауыстырылды. Соның нәтижесінде электр желілерінің тозу деңгейі 25 пайызға қысқарды.
«Жер астында 40 жылдан бері жаңартылмаған құбыр жатса, үстіне төселген жаңа асфальт та ұзаққа шыдамайды. Қыста құбыр жарылса, жолды қайта қазуға тура келеді», – деді Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.
Су және кәріз желілері бойынша сегіз нысанда жалпы ұзындығы 7,3 шақырым құбыр жаңартылды. Оның ішінде Бұқар жырау және Васильев көшелеріндегі ауызсу құбырлары ауыстырылды. Сырғабек көшесі мен Орбита-1, Орбита-3 шағынаудандарындағы кәріз желілерінде де жұмыс жүргізілді.
Жылу және газбен қамту жүйелері
Жылумен қамту жүйесі бойынша сегіз нысан қамтылды. Масанчи көшесінің бойындағы жылу магистралі мен Березовский көшесіндегі сорғы стансасында күрделі жұмыс жүргізілді. Тимирязев, Розыбакиев, Жандосов, Радостовцев, Гагарин, Шмелев және Байзақов көшелеріндегі жылу желілері де жаңартылды.
Газ желілерін жаңарту бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» 12 нысанда жұмыс жүргізіп жатыр. Әл-Фараби даңғылы, Жароков көшесі және Абай даңғылынан Бұқар жырау көшесіне дейінгі аумақтағы жер асты газ құбырлары сақиналы жүйеге қосылды. Мұндағы мақсат – қыс мезгілінде газ қысымының төмендеу қаупін азайту.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







