Шымкентте Crystal Study халықаралық білім беру компаниясының жаңа кеңсесі ашылды. Қазақстандағы үшінші өкілдік қала жастарына шетелде оқу, тіл үйрену және кәсіби бағдар алу қызметін бір жерден ұсынады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Crystal Study 2013 жылдан бері оқушылар мен студенттердің шетелдік мектептерге, колледждер мен университеттерге түсуіне қолдау көрсетіп келеді. Компания тілдік бағдарламалар, білім беру сапарлары, емтиханға дайындық және мамандық таңдау бағытында да қызмет атқарады.
Кеңсе көрсететін қызметтер мен мүмкіндіктер
Компания басшысы Мұхтар Әуезовтің айтуынша, Шымкенттегі кеңседе IDP IELTS емтиханын тапсыру орталығы мен тілдік дайындық курстары жұмыс істейді. Мұнда талапкерлер елді, университетті және білім беру бағдарламасын таңдаудан бастап, құжат әзірлеу мен визалық рәсімдерге дейін кеңес ала алады.
Компания 13 жыл ішінде 974 шетелдік серіктеспен байланыс орнатып, 3,5 мыңнан астам студенттің шетелде білім алуына көмектескен. Олардың бір бөлігі оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстанға оралып, түрлі салада еңбек етіп жүр.
Жаңа кеңсенің ашылуына Шымкент әкімдігі мен білім басқармасының өкілдері, оқу орындарының басшылары, педагогтер, кәсіби бағдар мамандары және халықаралық серіктестер қатысты.
Гранттық бағдарламаларға басымдық
Crystal Study гранттық бағдарламаларға ерекше назар аудармақ. Кеңсе мамандары талапкердің білім деңгейі мен мақсатына қарай лайықты бағдарлама ұсынып, стипендия алу мүмкіндігін түсіндіреді.
Жобаның негізгі мақсаты – Шымкент пен оңтүстік өңірдегі жастардың сапалы халықаралық білімге қолжетімділігін арттыру. Жаңа өкілдік оқушы мен ата-анаға шетелдік оқу орындары туралы сенімді ақпарат алып, болашаққа қатысты шешімді жүйелі қабылдауға мүмкіндік береді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







