Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммиті түркі елдері арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды басқосу болды. Түркияда өткен жиында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түркі әлемінің бірлігі, сауда-экономикалық ықпалдастық және ортақ даму бағыттары жөнінде сөз сөйледі. Мемлекет басшысының Түркияда жылы қабылдануы да екі ел арасындағы достық пен стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін аңғартты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Саммитте Президент Қазақстанның Ұйымға мүше елдермен сауда айналымы биыл 10 миллиард долларға жуықтап, өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артқанын атап өтті. Сонымен қатар 2027–2031 жылдарға арналған стратегия аясында сауда, инвестиция, өндіріс, ауыл шаруашылығы, қаржы және цифрлық технологиялар салаларында нақты жобаларды жүзеге асыру қажеттігін айтты. Бұл бастамалар Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттердің бірі саналатын Қазақстанның түркі кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастықты дамытуға қосатын үлесін айқындай түседі.
Осы орайда экономист Диана Мамырбековамен сұхбаттасып, Мемлекет басшысының саммиттегі сөзінің маңызы, Қазақстанның өңірлік экономикалық рөлі және түркі елдері арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктері жөнінде әңгімелестік.
Өзара сауданың 10 миллиард долларға жуықтауы нені білдіреді?
— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде мүше елдер арасындағы сауда көлемі биыл 10 миллиард долларға жуықтағанын және өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артқанын атап өтті. Бұл көрсеткіш Қазақстан мен түркі мемлекеттері арасындағы экономикалық ықпалдастықтың қандай мүмкіндіктерге жол ашатынын көрсетеді?
— Саммит аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда көрсетілген ерекше құрмет пен жылы қабылдау екі ел арасындағы достық пен бауырластық қатынастардың жоғары деңгейін аңғартады. Бұл Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси сенімнің және өзара сыйластықтың берік орныққанын көрсетеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы өзара сауда көлемінің 10 миллиард долларға жуықтап, бір жылда 40 пайызға өсуі – жай ғана статистикалық көрсеткіш емес. Бұл – түркі әлемінің экономикалық әлеуеті артып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың жаңа сапалық деңгейге көтеріліп келе жатқанын көрсететін маңызды белгі. Мен бұл көрсеткіштен бірнеше стратегиялық мүмкіндікті көремін. Біріншіден, Қазақстан үшін экспорттық нарықтарды әртараптандыруға үлкен мүмкіндік ашылады. Түркі мемлекеттері – халқының саны, тұтыну нарығы, өндірістік әлеуеті және географиялық орналасуы жағынан бірін-бірі толықтыра алатын елдер. Қазақстан өзінің дәстүрлі шикізаттық экспортын ғана емес, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін, азық-түлікті, химия өнеркәсібі өнімдерін, металлургия және машина жасау саласындағы тауарларды жеткізуді ұлғайта алады. Екіншіден, бұл ықпалдастық инвестициялық ынтымақтастықты күшейтуге жол ашады. Ортақ кәсіпорындар құру, өндірістік кооперацияны дамыту, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, технологиялар трансферті жеделдейді. Әсіресе, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, энергетика, логистика және цифрлық экономика бағыттары ерекше маңызға ие. Үшіншіден, қаржы-экономикалық тұрғыдан алғанда, түркі мемлекеттері арасындағы сауда байланыстарын дамыту өзара есеп айырысуды жеңілдету, қаржы институттарының ынтымақтастығын арттыру, инвестиция тарту және төлем жүйелерін интеграциялау үшін де маңызды. Бұл трансшекаралық саудадағы шығындарды азайтып, кәсіпкерлер үшін қолайлы бизнес ортасын қалыптастырады. Қазақта «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген жақсы мақал бар. Экономикалық интеграция да дәл осындай ұстанымды қажет етеді. Әр мемлекет өз әлеуетін жеке дамытумен шектелмей, ортақ экономикалық мүдделер төңірегінде бірігуі керек. Төртіншіден, Қазақстанның географиялық орналасуын ескерсек, Орта дәліздің (Транскаспий халықаралық көлік бағытының) әлеуетін толық пайдалануымыз қажет. Бұл бағыт Қазақстанды Әзербайжан, Грузия, Түркия арқылы Еуропа нарықтарымен байланыстырады. Яғни еліміз тек шикізат жеткізуші мемлекет емес, Еуразия кеңістігіндегі маңызды транзиттік-логистикалық орталыққа айнала алады. Меніңше, бүгінгі басты міндет – қол жеткізілген сауда өсімін тұрақты экономикалық нәтижеге айналдыру. Ол үшін экспорт көлемін ғана емес, оның сапасын, қосылған құнын, инвестициялық қайтарымын және отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруымыз керек. Мемлекет басшысының Түркі инвестициялық қорының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану және 2027–2031 жылдарға арналған жаңа стратегияны нақты жобаларға бағыттау жөніндегі бастамалары да осы тұрғыдан өте маңызды. Қазақта «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Бүгінгі жаһандық экономикалық бәсеке жағдайында түркі мемлекеттерінің бірлігі тек мәдени және тарихи жақындықпен шектелмеуі тиіс. Ол нақты сауда келісімдерінен, бірлескен инвестициялардан, өндірістік жобалардан және ортақ экономикалық нәтижелерден көрінуі қажет.
Түркі инвестициялық қоры және жаңа жобалар
— Мемлекет басшысы Түркі инвестициялық қорының әлеуетін барынша пайдалануға және 2027–2031 жылдарға арналған стратегия аясында нақты экономикалық жобаларды жүзеге асыруға басымдық берді. Бұл бастамалар Қазақстан экономикасына қандай инвестициялық мүмкіндіктер әкелуі мүмкін?
— Түркі инвестициялық қорының әлеуетін барынша пайдалану және 2027–2031 жылдарға арналған стратегия аясында нақты экономикалық жобаларды жүзеге асыру бастамасы Қазақстан үшін инвестициялық саясатты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Бұл жерде мәселе тек шетелдік капитал тартуда емес. Ең маңыздысы – инвестицияны экономиканың нақты секторына бағыттап, оның ел ішіндегі өндіріс көлеміне, еңбек өнімділігіне, жаңа жұмыс орындарына және халықтың табысына әсер етуін қамтамасыз ету. Экономист ретінде мен бұл бастаманың мәнін қаржы ресурстарын нақты экономикалық өсімге айналдыру мүмкіндігімен байланыстырамын. Түркі инвестициялық қоры Қазақстан үшін жаңа қаржыландыру арналарына жол аша алады. Әсіресе, шағын және орта бизнесті қолдау, өнеркәсіпті жаңғырту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көлік-логистика инфрақұрылымын жетілдіру және цифрлық технологияларды енгізу бағыттарында бірлескен жобаларды қаржыландырудың маңызы зор. Мысалы, Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында тек шикізат өндірумен шектелмей, оны терең өңдеу, дайын өнім шығару және экспорттық нарықтарға жеткізу тізбегін қалыптастыруға мүмкіндігі бар. Бұл ретте түркі мемлекеттерінің технологиялық, қаржылық және нарықтық әлеуетін біріктіру өзара тиімді экономикалық серіктестік қалыптастырады. Тағы бір маңызды бағыт – инвестиция тарту арқылы Қазақстанның өңірлік экономикалық әлеуетін ашу. Мәселен, Шығыс Қазақстан үшін тау-кен металлургиясы, түсті және сирек металдарды терең өңдеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, туризм, энергетика және шағын өндіріс орындарын дамыту бағыттарында бірлескен инвестициялық жобаларға мүмкіндік бар. Мұндай жобалар тек ірі қалаларға емес, өңірлерге де капитал тартуға ықпал етеді. Түркі инвестициялық қорының жарғылық капиталы 600 млн АҚШ долларын құрайды. Қордың басым бағыттарына шағын және орта бизнесті қаржыландыру, көлік-логистика, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп, энергетика, туризм және цифрлық экономика кіреді. Алайда инвестицияның тиімділігін тек тартылған қаражат көлемімен өлшеуге болмайды. Оның қаншасы жаңа өндіріс ашуға, қаншасы технологиялық жаңғыртуға, қаншасы экспорттық әлеуетті арттыруға жұмсалды деген сұрақтарға жауап беруіміз керек. Инвестицияның нақты қайтарымы, жаңа жұмыс орындары, жергілікті қамту үлесі және бюджетке түсетін салық түсімдері негізгі көрсеткіштер болуы тиіс. Бұл ретте мемлекет пен жеке сектордың әріптестігіне де ерекше назар аудару қажет. Халықаралық қаржы институттары мен инвестициялық қорлар ұзақ мерзімді капитал ұсына отырып, отандық кәсіпкерлердің ірі жобаларға қатысу мүмкіндігін кеңейте алады. Әсіресе, шағын және орта бизнес үшін қолжетімді қаржыландырудың маңызы зор. Инвестициялық саясатта да батыл әрі есептелген шешімдер қажет. Біз капитал тартумен ғана шектелмей, оны тиімді игеретін, бәсекеге қабілетті өнім шығаратын және халықаралық нарыққа шыға алатын кәсіпорындар қалыптастыруымыз керек.
«2027–2031 жылдарға арналған стратегияның басты нәтижесі Қазақстанға қанша инвестиция келгенімен емес, сол инвестицияның есебінен экономикамызда қандай жаңа өндіріс, қандай технология, қандай жұмыс орны және қандай қосылған құн пайда болғанымен бағалануы тиіс», – деді экономист Диана Мамырбекова.
Өйткені инвестицияның түпкі мақсаты – капиталды көбейту ғана емес, елдің экономикалық дербестігі мен халықтың әл-ауқатын арттыру.
Орта дәліздің стратегиялық әлеуеті
— Саммитте Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы ерекше атап өтілді. Орта дәліз арқылы тасымал көлемінің артуы Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтуге және халықаралық логистика нарығындағы орнын нығайтуға қалай әсер етеді?
— Транскаспий халықаралық көлік бағытының, яғни Орта дәліздің маңызын тек көлік-логистика мәселесі ретінде қарастыруға болмайды. Бұл – Қазақстанның халықаралық экономикалық жүйедегі орнын нығайтуға, экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге және Еуразия кеңістігіндегі транзиттік-логистикалық хаб ретіндегі рөлін арттыруға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыт. Қазіргі әлемдік экономикада логистика – жай ғана тауарды бір нүктеден екінші нүктеге жеткізу қызметі емес, ол елдердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды экономикалық факторлардың біріне айналды. Жаһандық жеткізу тізбектеріндегі өзгерістер, геосаяси тәуекелдер және нарықтардың жаңа бағыттарды іздеуі баламалы көлік дәліздерінің стратегиялық құндылығын арттырып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанның географиялық орналасуы үлкен экономикалық артықшылық береді. Біз Қытай мен Орталық Азияны Каспий теңізі, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы Еуропамен байланыстыратын маңызды буынбыз. Демек, еліміздің міндеті – осы географиялық мүмкіндікті нақты экономикалық капиталға айналдыру. Маңыздысы, Орта дәліз арқылы тасымал көлемі соңғы бес жылда бес еседен астам өскен. Қазақстан 2030 жылға қарай осы бағыттағы жылдық жүк тасымалы көлемін 10 миллион тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Бұл көрсеткіштер халықаралық нарық тарапынан бағытқа деген сұраныстың артып келе жатқанын аңғартады. Алайда транзит көлемінің өсуі өздігінен экономикалық табысқа кепілдік бермейді. Негізгі мәселе – тасымалдың жылдамдығы, құны, тұрақтылығы және қызмет көрсету сапасы. Қазақстан үшін бұл бағыттың экономикалық тиімділігі бірнеше маңызды нәтижеден көрінуі мүмкін. Ең алдымен, транзиттік тасымал көлемінің артуы көлік қызметтерінен түсетін кірісті көбейтеді, логистикалық компаниялардың дамуына серпін береді және шетелдік инвестиция тартуға жағдай жасайды. Сонымен қатар теміржол инфрақұрылымы, теңіз порттары, құрғақ порттар, қойма кешендері, жүк терминалдары мен кедендік қызметтерді дамытуға жаңа сұраныс қалыптастырады. Мен ерекше атап өткім келетін мәселе – Қазақстан транзиттік жүктерді тек өз аумағы арқылы өткізіп қана қоймай, сол жүктерден барынша жоғары экономикалық қосылған құн алуға ұмтылуы керек. Мысалы, логистикалық орталықтарда тауарларды сақтау, сұрыптау, қаптау, өңдеу және қайта экспорттау қызметтерін дамытуға болады. Бұл отандық шағын және орта бизнес үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады. Әлемдік тәжірибе де осыны көрсетеді. Дүниежүзілік банктің 2026 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған зерттеуіне сәйкес, Транскаспий көлік дәлізіне қажетті инфрақұрылымдық және институционалдық инвестициялар жүзеге асқан жағдайда, 2040 жылға қарай дәліз бойындағы сауда көлемін үш еседен астам арттыруға, жеткізу уақытын екі есеге қысқартуға және өңір елдерінің жиынтық ЖІӨ-сіне 3,3 пайызға дейін қосымша өсім әкелуге әлеуеті бар. Әрине, бұл нәтижелер автоматты түрде қалыптаспайды. Ол үшін Каспий порттарының өткізу қабілетін арттыру, теміржол желілерін жаңғырту, паромдық тасымалдарды дамыту, шекарадағы рәсімдерді жеңілдету және барлық қатысушы мемлекеттердің логистикалық жүйелерін цифрландыру қажет. Әсіресе, жүк құжаттарын электронды форматқа көшіру, бірыңғай цифрлық ақпарат алмасу жүйесін қалыптастыру және кедендік рәсімдерді үйлестіру тасымал уақытын едәуір қысқартуы мүмкін. Тағы бір маңызды мәселе – Орта дәліздің тиімділігі тек Қазақстанның ішкі инфрақұрылымына емес, бүкіл бағыт бойындағы мемлекеттердің өзара үйлесімді жұмысына байланысты. Өйткені бір елдегі шекаралық немесе порттық кідіріс бүкіл логистикалық тізбектің жылдамдығына әсер етеді. Қазақта «Жол қадірін жүрген біледі» деген сөз бар. Бүгінгі жағдайда жолдың қадірі оның ұзындығымен емес, қаншалықты тиімді, қауіпсіз және үздіксіз жұмыс істейтінімен өлшенеді. Қазақстан үшін Орта дәліз – тек транзиттік бағыт емес, экономиканы әртараптандырудың, экспорттық әлеуетті арттырудың және жаңа инвестициялық орталықтар қалыптастырудың мүмкіндігі. Біз Еуропа мен Азияны байланыстыратын көпір ғана болып қалмай, сол экономикалық байланыстың толыққанды қатысушысына айналуымыз қажет. Өйткені географиялық орналасу – табиғи артықшылық, ал оны экономикалық табысқа айналдыру – мемлекеттің инфрақұрылымдық, инвестициялық және басқарушылық саясатына байланысты.
Цифрлық ынтымақтастық және жасанды интеллект
— Президент Қазақстанның цифрлық даму бағытындағы тәжірибесін бауырлас елдермен бөлісуге дайын екенін жеткізді. Жасанды интеллект, суперкомпьютерлер және деректерді өңдеу орталықтары саласындағы ынтымақтастық түркі мемлекеттерінің экономикалық дамуына қандай серпін бере алады?
— Мемлекет басшысының Қазақстанның цифрлық даму бағытындағы тәжірибесін түркі мемлекеттерімен бөлісуге дайын екенін білдіруі – экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Бүгінде әлемдік экономика жаңа технологиялық трансформация кезеңіне аяқ басты. Бұрын мемлекеттің экономикалық қуаты табиғи ресурстарымен, өнеркәсіптік өндірісімен және қаржы капиталымен өлшенсе, қазір оған технологиялық дербестік, деректерді өңдеу мүмкіндігі, жасанды интеллектіні пайдалану деңгейі және адами капиталдың сапасы қосылды. Экономист ретінде айтарым, жасанды интеллект енді тек IT саласының құралы емес, ол экономиканың барлық секторындағы еңбек өнімділігін арттыратын, шығындарды оңтайландыратын және жаңа нарықтар қалыптастыратын экономикалық ресурсқа айналып келеді. Бұл тұрғыда Қазақстанның тәжірибесімен бөлісуі өзара тиімді технологиялық серіктестікке жол ашады. Президент атап өткендей, елімізде Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылып, екі суперкомпьютер іске қосылды. Сонымен қатар деректерді өңдеу орталықтарының алқабын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл инфрақұрылымның экономикалық маңызы өте зор. Суперкомпьютерлер үлкен көлемдегі деректерді өңдеуге, күрделі экономикалық модельдер құруға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және отандық технологиялық шешімдерді дамытуға мүмкіндік береді. Ал деректерді өңдеу орталықтары цифрлық экономиканың іргетасы болып саналады. Өйткені жасанды интеллектінің тиімді жұмыс істеуі үшін қуатты есептеу ресурстары, тұрақты энергиямен жабдықтау және қауіпсіз деректер инфрақұрылымы қажет. Алайда бұл мүмкіндіктің ең үлкен құндылығы – технологияны бірлесіп пайдалану арқылы нақты экономикалық секторлардың тиімділігін арттыруда.
Мысалы, агроөнеркәсіп кешенінде жасанды интеллект ауа райын болжауға, егістік алқаптарының жағдайын бақылауға, су ресурстарын тиімді пайдалануға және өнімділікті арттыруға көмектеседі. Өнеркәсіпте өндірістік процестерді автоматтандыруға, жабдықтардың істен шығу қаупін алдын ала анықтауға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қаржы секторында тәуекелдерді бағалау, алаяқтық операцияларды анықтау, кредиттік талдау және қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағыттарында үлкен әлеует бар. Логистика саласында да жасанды интеллектінің рөлі ерекше. Ол жүк ағындарын оңтайландыруға, шекарадағы рәсімдерді жеделдетуге және тасымал шығындарын төмендетуге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде Орта дәліздің бәсекеге қабілеттілігін арттырумен тікелей байланысты. Мен тағы бір маңызды мәселеге назар аударғым келеді. Түркі мемлекеттерінің технологиялық ынтымақтастығы тек дайын цифрлық өнімдерді сатып алумен шектелмеуі керек. Біз бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіп, стартаптар экожүйесін қалыптастырып, жасанды интеллект саласында өз өнімдерімізді әзірлеуге ұмтылуымыз қажет. Осы тұрғыда Президенттің Түркі мемлекеттері арасында жасанды интеллект орталықтарының желісін құру, Turkic AI ортақ IT-хабын қалыптастыру, киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейту және түркі елдерінің жастарына арналған білім беру гранттарын бөлу жөніндегі ұсыныстары ерекше мәнге ие. Сонымен қатар, мұндай ынтымақтастықтың маңызды нәтижесі – ортақ технологиялық және ғылыми кеңістіктің қалыптасуы. Түркі тілдеріне бейімделген жасанды интеллект модельдерін әзірлеу, ортақ цифрлық платформалар құру, ғылыми деректермен алмасу және университеттер арасындағы зерттеу жобаларын дамыту үлкен мүмкіндіктер ашады. Әсіресе, білім беру саласына тоқталғым келеді. Жасанды интеллект дәуірінде мемлекеттің басты капиталы – табиғи ресурстар ғана емес, білімді, білікті және технологияны меңгерген адами капитал. Сондықтан университеттер арасындағы академиялық ұтқырлықты, бірлескен зерттеулерді, IT және инженерлік бағыттардағы мамандар даярлауды күшейту қажет. Бұл ретте Қазақстанның болашақ Жасанды интеллект университеті арқылы түркі мемлекеттерінің жастарына білім беру бастамасы да маңызды. Әрине, цифрлық дамудың өзіндік талаптары бар. Деректердің қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік, цифрлық инфрақұрылымның сенімділігі және деректер орталықтарын энергиямен тұрақты қамтамасыз ету мәселелері қатар шешілуі тиіс. Себебі цифрлық экономика үшін технологияның болуы жеткіліксіз, оны тиімді басқара алатын маман мен институционалдық орта қажет. Қазақта «Білімді мыңды жығады» деген мақал бар. Бүгінгі технологиялық бәсекеде бұл сөздің мәні бұрынғыдан да терең. Қай мемлекет білімге, ғылымға, инновацияға және адами капиталға инвестиция салса, сол мемлекет жаңа экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алады.
«Түркі мемлекеттері жасанды интеллектіні тек технологиялық жаңалық ретінде емес, ортақ экономикалық өсудің стратегиялық құралы ретінде қарастыруы керек. Егер біз қаржылық ресурстарымызды, ғылыми әлеуетімізді, технологиялық инфрақұрылымымызды және адами капиталымызды біріктіре алсақ, түркі әлемі әлемдік цифрлық экономикада тек технологияны тұтынушы емес, оны өндіретін және экспорттайтын кеңістікке айналу мүмкіндігіне ие болады», – деп атап өтті экономист Диана Мамырбекова.
Өйткені ХХІ ғасырда кімнің табиғи ресурсы көп екені ғана емес, сол ресурсты кімнің технология арқылы тиімді пайдалана алатыны шешуші мәнге ие болады.
Секторалдық байланыстарды кеңейту мүмкіндігі
— Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы аясында сауда, өндіріс, ауыл шаруашылығы және қаржы салаларындағы байланысты кеңейту қажеттігін айтты. Сіздің ойыңызша, Қазақстан осы бағыттарда қандай экономикалық артықшылықтарға қол жеткізе алады?
— Мемлекет басшысының Қазақстанның цифрлық даму бағытындағы тәжірибесін түркі мемлекеттерімен бөлісуге дайын екенін білдіруі – экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Бүгінде әлемдік экономика жаңа технологиялық трансформация кезеңіне аяқ басты. Бұрын мемлекеттің экономикалық қуаты табиғи ресурстарымен, өнеркәсіптік өндірісімен және қаржы капиталымен өлшенсе, қазір оған технологиялық дербестік, деректерді өңдеу мүмкіндігі, жасанды интеллектіні пайдалану деңгейі және адами капиталдың сапасы қосылды. Экономист ретінде айтарым, жасанды интеллект енді тек IT саласының құралы емес, ол экономиканың барлық секторындағы еңбек өнімділігін арттыратын, шығындарды оңтайландыратын және жаңа нарықтар қалыптастыратын экономикалық ресурсқа айналып келеді. Бұл тұрғыда Қазақстанның тәжірибесімен бөлісуі өзара тиімді технологиялық серіктестікке жол ашады. Президент атап өткендей, елімізде Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылып, екі суперкомпьютер іске қосылды. Сонымен қатар деректерді өңдеу орталықтарының алқабын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл инфрақұрылымның экономикалық маңызы өте зор. Суперкомпьютерлер үлкен көлемдегі деректерді өңдеуге, күрделі экономикалық модельдер құруға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және отандық технологиялық шешімдерді дамытуға мүмкіндік береді. Ал деректерді өңдеу орталықтары цифрлық экономиканың іргетасы болып саналады. Өйткені жасанды интеллектінің тиімді жұмыс істеуі үшін қуатты есептеу ресурстары, тұрақты энергиямен жабдықтау және қауіпсіз деректер инфрақұрылымы қажет. Алайда бұл мүмкіндіктің ең үлкен құндылығы – технологияны бірлесіп пайдалану арқылы нақты экономикалық секторлардың тиімділігін арттыруда.
Мысалы, агроөнеркәсіп кешенінде жасанды интеллект ауа райын болжауға, егістік алқаптарының жағдайын бақылауға, су ресурстарын тиімді пайдалануға және өнімділікті арттыруға көмектеседі. Өнеркәсіпте өндірістік процестерді автоматтандыруға, жабдықтардың істен шығу қаупін алдын ала анықтауға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қаржы секторында тәуекелдерді бағалау, алаяқтық операцияларды анықтау, кредиттік талдау және қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағыттарында үлкен әлеует бар. Логистика саласында да жасанды интеллектінің рөлі ерекше. Ол жүк ағындарын оңтайландыруға, шекарадағы рәсімдерді жеделдетуге және тасымал шығындарын төмендетуге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде Орта дәліздің бәсекеге қабілеттілігін арттырумен тікелей байланысты. Мен тағы бір маңызды мәселеге назар аударғым келеді. Түркі мемлекеттерінің технологиялық ынтымақтастығы тек дайын цифрлық өнімдерді сатып алумен шектелмеуі керек. Біз бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіп, стартаптар экожүйесін қалыптастырып, жасанды интеллект саласында өз өнімдерімізді әзірлеуге ұмтылуымыз қажет. Осы тұрғыда Президенттің Түркі мемлекеттері арасында жасанды интеллект орталықтарының желісін құру, Turkic AI ортақ IT-хабын қалыптастыру, киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейту және түркі елдерінің жастарына арналған білім беру гранттарын бөлу жөніндегі ұсыныстары ерекше мәнге ие. Сонымен қатар, мұндай ынтымақтастықтың маңызды нәтижесі – ортақ технологиялық және ғылыми кеңістіктің қалыптасуы. Түркі тілдеріне бейімделген жасанды интеллект модельдерін әзірлеу, ортақ цифрлық платформалар құру, ғылыми деректермен алмасу және университеттер арасындағы зерттеу жобаларын дамыту үлкен мүмкіндіктер ашады. Әсіресе, білім беру саласына тоқталғым келеді. Жасанды интеллект дәуірінде мемлекеттің басты капиталы – табиғи ресурстар ғана емес, білімді, білікті және технологияны меңгерген адами капитал. Сондықтан университеттер арасындағы академиялық ұтқырлықты, бірлескен зерттеулерді, IT және инженерлік бағыттардағы мамандар даярлауды күшейту қажет. Бұл ретте Қазақстанның болашақ Жасанды интеллект университеті арқылы түркі мемлекеттерінің жастарына білім беру бастамасы да маңызды. Әрине, цифрлық дамудың өзіндік талаптары бар. Деректердің қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік, цифрлық инфрақұрылымның сенімділігі және деректер орталықтарын энергиямен тұрақты қамтамасыз ету мәселелері қатар шешілуі тиіс. Себебі цифрлық экономика үшін технологияның болуы жеткіліксіз, оны тиімді басқара алатын маман мен институционалдық орта қажет. Қазақта «Білімді мыңды жығады» деген мақал бар. Бүгінгі технологиялық бәсекеде бұл сөздің мәні бұрынғыдан да терең. Қай мемлекет білімге, ғылымға, инновацияға және адами капиталға инвестиция салса, сол мемлекет жаңа экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алады. Менің негізгі тұжырымым: түркі мемлекеттері жасанды интеллектіні тек технологиялық жаңалық ретінде емес, ортақ экономикалық өсудің стратегиялық құралы ретінде қарастыруы керек. Егер біз қаржылық ресурстарымызды, ғылыми әлеуетімізді, технологиялық инфрақұрылымымызды және адами капиталымызды біріктіре алсақ, түркі әлемі әлемдік цифрлық экономикада тек технологияны тұтынушы емес, оны өндіретін және экспорттайтын кеңістікке айналу мүмкіндігіне ие болады. Өйткені ХХІ ғасырда кімнің табиғи ресурсы көп екені ғана емес, сол ресурсты кімнің технология арқылы тиімді пайдалана алатыны шешуші мәнге ие болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







