Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы, журналист, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сауытбек Абдрахмановты мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Мемлекет басшысының құттықтау хатын мерейтой иесіне ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев табыстады.
Мемлекет басшысының құттықтауы
Құттықтауда Президент Сауытбек Абдрахмановтың отандық журналистика мен әдебиетті дамытуға, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге қосқан елеулі үлесін атап өтті.
«Саналы ғұмырыңызды ұлттық рухани құндылығымыздың кең қанат жаюына арнап келесіз. Қазақ баспасөзінің қара шаңырағы – «Егемен Қазақстан» газетінің беделін арттыруға, отандық медиа саласының жаңа белеске көтерілуіне қосқан үлесіңіз мол. Сіз саяси-әкімшілік қызметтерді абыройлы атқарып, қоғам дамуындағы іргелі істердің бел ортасында жүрдіңіз», – делінген құттықтауда.
Мемлекет басшысы мерейтой иесіне мықты денсаулық, отбасына амандық, ұзақ та жемісті ғұмыр тіледі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







