Қазақстандағы бай рантье әйел әрі кәсіпкер Әбілғазиннің әйелі Айдан Сүлейменова Ресей паспортынан бас тартты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
11 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин «Ресей азаматтығына қабылдау және Ресей азаматтығынан шығу туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатқа сүйенсек, Айдан Сүлейменова ресейлік паспорттан бас тарту туралы өтініш берген.
Сүлейменова -Қазақстанның тұңғыш сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовтің қызы, оған қоса қазақстандық кәсіпкер Данияр Әбілғазиннің әйелі.
Forbes мәліметінше, Сүлейменова ADD Invest Properties компаниясының иесі, осы арқылы ол ерлі-зайыпты Құлыбаевтармен бірге астаналық Keruen City сауда орталығы мен Talan Gallery сауда орталығына иелік етеді және Keruen City сауда орталығындағы үлеске ие. Серіктестік қоржынында Ақтөбедегі Keruen City сауда орталығының 50 пайызы да бар. Айдан Сүлейменова «Аяла» қайырымдылық қорын да басқарады.
2023 жылдың соңында Сүлейменова 4,3 миллиард теңге табыспен ең табысты рантье рейтингінде сегізінші орынды иеленген.