Қоғам қайраткері Арман Шораевқа қатысты іс тоқтатылды. Бұл туралы ақпаратты Tengrinews.kz-ке Нұра ауданы прокуратурасы растады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«2024 жылғы 24 шілдеде Нұра аудандық полиция басқармасы ҚК 109-1-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша А.Т. Шораевқа қатысты қылмыстық істі тараптар татуласуына байланысты тоқтатты», — деп жазылған Астана прокуратурасының ресми сауалға жауабында.
Бұл әрекет «қылмыстық теріс қылықтарға» жататыны айтылды.
Еске салайық, бұған дейін белгілі қоғам белсендісі Арман Шораев бірге тұратын әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінді. Бұл туралы журналист Михаил Козачков телеграм арнасында хабарлады. Оның сөзінше, оқиға Астана қаласында болған.
Артынша Арман Шораевтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше медиада тараған ақпаратқа жауап берді. Оның сөзінше, Козачков жалған ақпарат таратқан.
«Жасанды интеллекттің құрбаны болдым! Козачков өтірігің үшін жауап бересің!», — дейді Арман Шораев.