Айтыскер ақын, медиа-менеджер, дінтанушы Мұхамеджан Тазабек Парижде өткен Олимпиада ойындарында чемпион атанған Елдос Сметовтің медалімен түскен суретін жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Сурет Астана қаласында түсірілген.
«Жалғыз алтынды жақыннан көрдік», — деп жазды ол.
Бұған дейін журналист Ербол Жанатұлы спортшыларды діннің пиарынан қорғау керек деп үн қатты.
«Мемлекеттің, салық төлеушілердің қаржысымен бала кезден бапталып, биікке жеткен спортшы — халық өкілі, халық перзенті. Ондай дайын «өнімді» Бекболат, Мұхаметжандар өз «дінінің» пиарына пайдаланып жатқанына мән бермейміз», — деді ол.