Алматы облысында Lenovo компаниясының GR директоры Ермек Жақыпжановтың денесі табылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
9 қазанда Ермек Жақыпжанов Алматы қаласындағы үйінен өзінің қара сұр түсті Hyundai Genesis көлігімен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Жақыпжанов Lenovo компаниясында 1,5 жыл бойы GR директоры (мемлекеттік мекемелермен байланыс жөніндегі маман) қызметін атқарған.
Алматы облыстық Полиция департаменті ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Полицияның мәліметінше, 24 жастағы күдікті ұсталған.
«Қазір қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті зерттеу басталды. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп жазылған хабарламада.