Алматы қаласында биыл жыл басынан бері құрылыс нысандарына қатысты 600-ден аса жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Алматыда құрылыс талаптарының сақталуын қадағалау және заңсыз салынған нысандарды анықтау жұмыстары күшейтілді.
Қалалық құрылыс бақылауы басқармасының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері 658 жоспардан тыс тексеріс жасалған. Тексеру қорытындысында құрылыс талаптарын бұзғандарға әкімшілік шара қолданылып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша 261 ұйғарым берілген.
Қазір соттарда құрылыс нормаларын бұзу бойынша 37 іс қаралып жатыр. Оның 24-і – заңсыз салынған нысандарды бұзу туралы талап-арыздар.
Жыл басынан бері Алматыда 36 құрылыс нысаны толық немесе ішінара бұзылған. Сондай-ақ, қалалық әділет департаментінің орындауында тағы 74 заңсыз нысанды бұзу туралы атқару құжаттары жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







