Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен 18 жастағы жігіт секіріп өлді. Марқұмның мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны әзірше белгісіз, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «КТК» телеарнасына сілтеп.
«Өзіне қол салды» делінген Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсантының қазасына қатысты да тергеу жүріп жатыр. Қайғылы жағдай оқу орнына жақын, яғни Достық даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
Академия қайғылы жағдайға қатысты ақпарат бермеді. Ал полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеп-тексере бастаған.
«Бұл дерек бойынша Медеу ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», — деп жазылған ПД хабарламасында.