Алматыда марафон шарасына байланысты 20 сәуір күні мегаполисте бірқатар қоғамдық көліктердің жүріс бағыты уақытша өзгереді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Осыған байланысты таңғы сағат 06:00–ден 11:30–ға дейін 68 автобустың бағыты өзгеріп, троллейбустардың қозғалысы тоқтатылады.
«Әрбір маршруттың уақытша сызбаларымен @AlmatyJoly Telegram-арнасына кіріп толық танысуға болады», — деп хабарлады әкімдіктен.
«Смелость быть первым» корпоративтік қоры ұйымдастыратын Almaty Half Marathon-ға әлемнің 40-тан астам елінен 10 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарланған. Марафон бірнеше қашықтық бойынша өтеді: 21,1 км (жартылай марафон), 10 км, сондай-ақ скандинавиялық жүрістен 10 км және Экиден командалық эстафетасы.
Жарыс жолы Тұңғыш Президент саябағынан басталып, одан әрі әл-Фараби даңғылымен өтіп, Орталық стадионда аяқталады.
Марафон уақытында мегаполистің кейбір көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі:
00:00–11:00 аралығында Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы — Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық қалады.
06:45–09:30 аралығында Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы — Мұстафин-Назарбаев көшелерінің арасы жабылады.
07:10–08:30 аралығында Сейфуллин даңғылы — Әл-Фараби даңғылынан Абайға дейін толықтай жабылады.
08:30–11:00 аралығында Абай даңғылының оңтүстік жағы — Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін жабылады. Солтүстік бөлігі ашық болады.
07:20–09:00 аралығында Абай даңғылының оңтүстік жағы — Сейфуллин даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.
08:20–10:00 аралығында Саин көшесінің шығыс жағы — Әл-Фараби даңғылынан Абайға дейін жабылады. Батыс жағы ашық болады.