Алматыда қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Алматы қаласы Медеу аудандық соты қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Қажиннің үкімін жариялады.
«Ол ауланы санитарлық тазалау бойынша жұмыстарда мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға жәрдемдесемін деген сылтаумен 19,5 млн теңге сомасында жергілікті кәсіпкердің қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды», — деп жазылған хабарламада.
Қажинге мемлекеттік қызметте және мемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Осы үкіммен мемлекет кірісіне жалпы сомасы 21 млн теңгеден асатын екі көлік тәркіленді.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.