Алматылықтардың орташа жалақысы қанша екені белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Қалаға әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Алматыда орташа айлық жалақы 15,5%-ға өсті. Алматыда жыл басынан бері 50 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Қала экономикасы басқармасында алматылықтардың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.
«Жылдық инфляция тамыздағы 8,6%-дан қыркүйектегі 8,3%-ға дейін баяулады. Бұл азық-түлік тауарлары бағасының 7,7%-ға дейін және азық-түлік емес тауарлар бағасының 5,6%-ға дейін өсуінің төмендеуіне байланысты. 2024 жылдың соңына дейін жылдық инфляция 7,5-8%-ға дейін, 2025 жылы 6,5-7,5%-ға дейін төмендейді деп күтілуде», — деп хабарлады Алматының экономика басқармасы.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атаулы ақшалай кірістер орта есеппен 22%-ға 292 мың теңгеге дейін өсті (ҚР-9,2%-ға 201,1 мың теңгеге дейін). Шын мәнісінде өсім 11,6%-ды құрады (ҚР-0,3% — ға).
«Орташа айлық жалақы 468 мың теңге болды (республика бойынша — 392,6 мың теңге). Номиналды мәнде жалақы 15,5%-ға, нақты мәнде 5,7%-ға өсті», — деп жазылған хабарламада.
Әкімдік мәліметінше, 2024 жылдың 9 айында 50,5 мың жұмыс орны құрылды, оның 77,9%–ы тұрақты.