Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде орналасқан №102 сайлау учаскесіне бүгін ерекше қонақ – қаланың бойтұмары Барыс келді. Қала символының сайлау учаскесінде бой көрсетуі мерекелік көңіл күй сыйлап, тұрғындардың назарын Құрылтай сайлауына аударды, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Барыс сайлау учаскесінде бюллетень алып, дауыс беру рәсіміне қатысты. Оның келуі бүгінгі күннің есте қаларлық көріністерінің біріне айналып, учаскедегі мерекелік атмосфераны күшейтті.
Ерекше кейіпкерді көрген сайлаушылар Барыспен естелік суретке түсіп жатты. Әсіресе балалар қала символын ерекше ықыласпен қарсы алды.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗЖастарға үлгі болған қадам: Run club мүшелері азаматтық белсенділік танытты«Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр»: Тәжікстаннан келген халықаралық байқаушыҚазақстан жаңа стандарт қалыптастырып отыр: Армениядан келген халықаралық бақылаушылар дауыс беру барысын жоғары бағалады
Тұрғындардың айтуынша, мұндай формат сайлау күнін қалыпты рәсімнен бөлек, есте қаларлық қоғамдық оқиғаға айналдыруға мүмкіндік береді. Қала бойтұмарының қатысуы сайлау учаскесіне келген отбасыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Барыс алматылықтарды Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға үндеді. №102 учаскедегі осы көрініс Алматыдағы сайлау күнінің креативті әрі жылы сәттерінің бірі болды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







