Желі қолданушысы Дарья Горелова Алматыда қолма-қол ақшаға пәтер іздегенде көптеген жалған хабарландыруға тап болғанын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Дарьяның айтуынша, ипотекасыз, бірден ақшамен алатын сатып алушы – кез келген сатушы үшін таптырмайтын клиент. Бірақ іс жүзінде пәтер іздеу оңай болмай шыққан. Оның сөзінше, жарияланған хабарландырулардың едәуір бөлігі шын пәтер емес, тек қоңырау тарту үшін әдейі қойылған «елес» нұсқалар екенін алға тартты.
Ол жалған хабарландыруларға қатысты нақты дәлелдермен бірге Krisha платформасына шағым түсіргенін, бірақ ешқандай жауап алмағанын жазады.
Дарьяның сөзінше, риелторлардың бірі оған мұндай айланы ашық айтқан. Яғни, жалған хабарландыруды әдейі қоятынын, нарықта мұны көп адам қолданатынын жасырмаған. Оның ойынша, дәл осы жауап тұрғын үй нарығындағы жағдайдың қаншалықты күрделі екенін көрсетеді.
Горелова осындай жағдайда шын пәтер мен жалған ұсыныстың аражігін ажырату қиындап кеткенін айтады. Қолында нақты ақшасы бар сатып алушының өзі сенімді нұсқа таба алмай жүрсе, қарапайым адамның жағдайын елестету қиын деген пікір білдірген.
Пост соңында ол Алматыдан пәтер алған адамдардан тәжірибесімен бөлісуді сұрайды. Дарьяның ойынша, мегаполисте баспана сатып алу енді тек қаржыға емес, жалған ұсыныстарды айналып өтетін төзім мен тәжірибеге де тіреліп тұрғандай.
Ал тағы бір желі қолданушысы Алексей Алексеев әке-шешесі жоқ бойеткен Насияның 24 сағатта қалай баспаналы болғанын жазды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







