Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері Бразилиядан Қазақстанға қайтарылып, ұшақ апаты туралы қорытынды беру үшін комиссияға тапсырылды. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«ҚР Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссиясы ИКАО-ның 13-қосымшасының стандарттарына сәйкес барлық дерек пен материалдарды егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін алдын-ала есеп жариялайды, онда анықталған нақты ақпарат пен тергеу барысы туралы ақпарат беріледі. ҚР-ға жеткізілген борттық өздігінен жазғыштардан алынған деректерді мамандар зерттеп жатыр», — деп жазылған Көлік министрлігі хабарламасында.