25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақты өндіруші бразилиялық Embraer авиаконгломераты апаттан кейін мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Құжат мәтіні Embraer ресми сайтында жарияланған.
Компания Embraer 190 ұшағына қатысты болған оқиғаға көңіл айтты.
«Осы оқиғадан зардап шеккен отбасыларына, достарына, әріптестеріне және жақындарына көңіл айтамыз. Біз жағдайды мұқият қадағалап отырамыз және тиісті органдарға қолдау көрсетуге толықтай дайынбыз», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс те қозғалды.