Кәсіпкер Арманжан Байтасов кенже қызы Әйгерімді туған күнімен құттықтап, әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялады. Ол қызының отбасына сыйлаған қуанышы мен жылуы үшін алғыс білдіріп, ақ тілегін арнады, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Арманжан Байтасовтың айтуынша, 15 шілдеде Әйгерімнің туған күні туыстар мен жақын достардың ортасында аталып өткен. Ол барлық перзентіне тілейтіндей, кенже қызына да зор бақыт, мықты денсаулық және бойындағы қабілетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік тіледі.
Кәсіпкер отбасында Әйгерімді еркелетіп «Рыжик» деп атайтынын жазды. Әкесінің сипаттауынша, қызы жарқын мінезді, ашық-жарқын, сұлу, мейірімді әрі айналасына шуақ шашып жүретін жан.
«Әйгерімнің бізге сыйлаған бақыты үшін оған ерекше алғыс айтқым келеді. Ол өте шуақты, ақкөңіл және мейірімді қыз», – деп жазды Арманжан Байтасов.
Ол перзенттерінен үнемі жаңа нәрсе үйренетінін де атап өтті. Әйгерімнің де өзіне көп ой салып, өмірге басқа қырынан қарауға үйреткенін жеткізді. Кәсіпкердің пікірінше, ата-ана үшін ең маңыздысы – баласының не айтып жүргенін жай тыңдап қана қоймай, оны шын жүрекпен ести білу.
Жазбасының соңында Арманжан Байтасов қызына жарқын күн, баянды бақыт және арманына жететін ұзақ ғұмыр тіледі. «Туған күніңмен, қызым!» – деп түйіндеді ол.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







