Қазақстанның ірі мегаполистеріндегі айырбастау пунктерінде 22 қазан күні шетелдік валюталарды сатып алу және сатудың нақты бағамдары белгілі болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Елордадағы валюта бағамы
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астана қаласындағы айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 445,00 теңгені, ал сату 452,00 теңгені құрап отыр. Еуроны тұрғындар 497,00 теңгеден өткізіп, 507,00 теңгеден сатып ала алады. Ресей рублі елордада 5,20 теңгеден қабылданып, 5,40 теңгеден сатылуда.
Алматы мен Шымкенттегі көрсеткіштер
Алматыда шетелдік валюталар сәл өзгеше бағаммен саудаланып жатыр. Қалада бір АҚШ долларын орташа есеппен 447,59 теңгеден өткізуге, ал 449,88 теңгеден сатып алуға болады. Еуро бағамы сатуда 502,02 теңге, сатып алуда 506,27 теңге деңгейінде қалыптасты. Рубльді айырбастау орындары 5,26 теңгеге қабылдап, 5,36 теңгеден ұсынуда.
Шымкентте де шетел валютасының құны ұқсас межеде сақталып тұр. Мұнда америкалық валютаны қабылдау 448,60 теңге, сату 449,94 теңге болып тұр. Еуроны сатып алу орта есеппен 502,98 теңге, сату 507,37 теңге көлемінде. Ал Ресей рублі Шымкентте 5,28 теңгеден өткізіліп, 5,32 теңгеден сатылып жатыр.
Ұлттық банктің ресми бағамы
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 21 қазандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 1,91 теңгеге төмендеп, 448,61 теңгені құраған болатын. Соған байланысты реттеуші орган бекіткен ресми көрсеткіштер де жаңарды.
Ұлттық банктің 22 қазандағы ресми бағамы бойынша 1 АҚШ доллары 448,61 теңге, 1 еуро 503,83 теңге, ал 1 Ресей рублі 5,48 теңге болып белгіленді.
Жалпы қаржы нарығындағы соңғы сауда нәтижелері ұлттық валютаның негізгі шетелдік валюталарға шаққандағы бағамының белгілі бір дәрежеде нығайғанын көрсетті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







