22 қазан, бейсенбі күні Қазақстанның солтүстігі мен шығысында ауа райы күрт құбылып, қар аралас жаңбыр жауады және көктайғақ күтіледі. Сонымен қатар еліміздің басым бөлігінде таңертең тұман түсіп, оңтүстік өңірлерде түнгі үсік пен шаңды дауыл соғуы мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Солтүстік пен шығыстағы қыс лебі
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттар мен циклонның ықпалынан солтүстік және шығыс аймақтарда ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Таулы және солтүстік аудандарда жауын-шашын қалың қарға ұласып, жаяу бұрқасын соғады.
«Қазақстанның шығыс бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ болып, шығыста қалың қар жауып, бұрқасын жүреді. Ал республиканың қалған аумағында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», – деп ескертті «Қазгидромет» мамандары.
Петропавлда бұлтты болып, қар аралас жаңбыр жауады және көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді, ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +4…+6°C шамасында болады. Көкшетауда да осындай жауын-шашын түсіп, жел 15-20 м/с дейін жетеді. Түнгі ауа райы +1…+3°C, күндіз +4…+6°C көрсетеді.
Павлодарда қар аралас жаңбырмен қатар тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Сынап бағанасы түнде 0…+2°C, күндіз +4…+6°C аралығында сақталады. Қарағандыда да жаңбыр мен қар жауып, күндіз небәрі +2…+4°C жылы болады.
Шығыс өңірлерде де қысқы ауа райы орнығып келеді. Өскеменде жауын-шашын көбіне қар түрінде түсіп, бұрқасын соғады. Мұнда күндізгі температура +2…+4°C, түнде 0…+2°C деңгейінде қалады. Семейде қар аралас жаңбыр жауып, екпінді желмен бірге көктайғақ қалыптасады. Күндіз ауа сынабы +3…+5°C шамасында болады.
Бас қалалар мен оңтүстік, батыс аймақтар
Елордада құбылмалы бұлт шығып, қар аралас жаңбыр күтіледі. Астанада желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +4…+6°C болады.
Ал республикалық маңызы бар мегаполистерде салыстырмалы түрде жылы әрі құрғақ күн күтілуде. Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 13 м/с дейін жетеді. Түнгі ауа температурасы +4…+6°C, күндіз +14…+16°C жылылықты көрсетеді.
Шымкентте жауын-шашын күтілмейді, күндіз ауа температурасы +18…+20°C дейін жылынады, түнде +5…+7°C болады. Қонаев қаласында сынап бағанасы күндіз +13…+15°C шамасында болғанымен, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Батыс облыстарда негізінен жауын-шашынсыз ауа райы басым. Атырауда ашық күн болып, күндіз +18…+20°C жылы болады. Ақтауда ауа температурасы тіпті +22…+24°C дейін көтеріледі. Ақтөбеде күндіз +14…+16°C, Қостанайда күндіз +8…+10°C, ал түнде -1…-3°C шамасында аяз күтіледі. Жезқазғанда күндіз +9…+11°C болса, Қызылордада ауа райы +17…+19°C дейін жылынбақ.
Үсік қаупі мен жол қауіпсіздігі
Жалпы жауын-шашынсыз болғанымен, оңтүстік облыстардың бірнеше ауданында түнде топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Оған қоса оңтүстікте шаңды дауыл көтерілуі ықтимал.
Құтқарушылар мен мамандар көктайғақ пен көріну қашықтығының нашарлауына байланысты жүргізушілерді жылдамдық режимін қатаң сақтауға және жазғы дөңгелектерді қысқысына ауыстыруға шақырады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







