«Дикий Арман» лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевке сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ertenмedia.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралған қылмыстық іс барысында Жұмагелдиевке Қаңтар оқиғасы кезінде 24 адамды ұрлап әкетті, жәбірленушілерді қонақүйлердің автотұрақтарында ұрып-соғып, азаптап ұстады деген айып тағылды.
Сот үкіміне сәйкес ол 20 жылға сотталды.
Былтыр 21 қыркүйекте Арман Жұмагелдиевке, сондай-ақ экс-депутат Қайрат Құдайберген, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Руслан Ысқақов және тағы басқа тұлғаларға қатысты алдын-ала тыңдау аяқталған болатын. Жалпы 42 адам жауапқа тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Дикий Арман» лақап атымен танылған криминал авторитет Арман Жұмагелдиев 2022 жылдың 7 қаңтарында ұсталған еді. Бас прокуратураның мәліметінше, ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кураторының басшылығымен әрекет еткен.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

