Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

Қазақстанның су шаруашылығы саласына 2024-2025 жылдары шамамен 677 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл алдыңғы екі жылмен салыстырғанда 79 пайызға көп және су инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған рекордтық көрсеткіштердің бірі, – деп жазады Ertenmedia.kz. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, 2022-2023 жылдары салаға 377,9 млрд теңге инвестиция тартылған. Кейінгі екі жылдағы көрсеткіш шамамен 300 млрд теңгеге артық. Инвестицияның негізгі бөлігі су шаруашылығы инфрақұрылымын салуға және жаңғыртуға бағытталып отыр. Соның ішінде су қоймалары, каналдар, гидротехникалық құрылыстар және халық пен ауыл шаруашылығын тұрақты сумен қамтамасыз етуге қажетті өзге де нысандар бар. Жобалар қолданыстағы инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңартып, суды жинақтау мен бөлуге арналған жаңа қуат қалыптастыруды…

Толық оқу

Қазақстанда жаңартылатын энергетиканың елдің жалпы энергия теңгеріміндегі үлесі соңғы алты жылда 2 пайыздан 8 пайызға дейін өсіп, төрт есеге артты. Қазір республикада жалпы қуаты 3,8 ГВт-тан асатын 172 ЖЭК нысаны жұмыс істейді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Өсім жаңартылатын энергия жобаларын аукцион арқылы іріктеу, инвестор тарту және жаңа генерация қуаттарын іске қосу есебінен қамтамасыз етілді. Мемлекет саладағы жобаларды кезең-кезеңімен көбейтіп, жел, күн, су және биогаз энергетикасын қатар дамытуға басымдық беріп отыр. Қазір елде 71 жел электр станциясы және 54 күн электр станциясы жұмыс істейді. Бұдан бөлек, 44 гидроэлектр станциясы мен үш биогаз нысаны электр энергиясын өндіру жүйесіне қосылған. 2025 жылдың қорытындысында…

Толық оқу
"Әділет" партиясы

«Әділет» партиясы 24 шілде мен 19 тамыз аралығында «Әділетті Қазақстан үшін» ауқымды сайлауалды жобасын жүзеге асырды. Мобильді керуеннің алты командасы еліміздің барлық 17 облысын қамтитын өңіраралық бағыттар бойынша жүріп өтіп, 99 ауылдық елдімекенге барды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаға қатысушылар 27 күн ішінде 13 872 шақырым жол жүріп, 99 кездесу өткізді. Аймақтардағы басқосу, жиындар 14 136 тұрғынды қамтыды. Ауыл тұрғындарымен өткен тікелей диалогқа «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткер 42 кандидат қатысты. Олар сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырып, тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарын жинақтады. Жоба бағыттары солтүстіктегі Мамлютка мен Тайынша қалаларынан оңтүстіктегі Сарыағаш пен Қазығұртқа дейін, шығыстағы Үржар мен Зайсаннан батыстағы Форт-Шевченко мен…

Толық оқу
National Think Tank Forum

Қазақстан білім берумен қамтудың жоғары деңгейіне жетіп, елдегі жұмыссыздық шамамен 4,5 пайыз деңгейінде қалып отыр. Сарапшылар ендігі негізгі міндет білім мен жұмыстың қолжетімділігін ғана емес, олардың сапасын, еңбек өнімділігін және экономикадағы қосымша құнды арттыру деп есептейді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Мұндай пікір Астанада өткен «Болашақ бейнесі: нәтижеден – жаңа стратегияға» атты National Think Tank Forum барысында айтылды. Жиынға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, талдау орталықтары мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты. Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьернианың айтуынша, қазіргі көрсеткіштер елде адами капиталды дамытудың келесі кезеңіне өту үшін қажетті негізгі жағдай қалыптасқанын көрсетеді. Оның пікірінше, қоғам дамуының жаңа сатысында азаматтың…

Толық оқу
kia sportage алматы

Қазақстандық Kia Sportage иесі ресми дилердегі техникалық қызмет құнына шағымданып, әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды. Оның айтуынша, бастапқыда тек май ауыстыруды жоспарлағанымен, ұсынылған жұмыстардың жалпы сомасы шамамен 540 мың теңгеге жеткен, – деп жазады Ertenmedia.kz. Автокөлік иесі тапсырыс-нарядтың суретін жариялап, бағаның өзіне күтпеген жағдай болғанын жазған. «Kia Sportage-тің майын ғана ауыстырғым келген. Соңында 540 000 теңге деген баға естідім. Бұл енді май ауыстыру емес, өз-өзімді бағалауыма жасалған күрделі жөндеу болды», – деп әзілдеді автор. Жарияланған құжатқа қарағанда, есеп тек мотор майын ауыстырумен шектелмейді. Тізімге толыққанды техникалық қызмет көрсету, бірқатар шығын материалдары, оталдыру шамдарын және беріліс қорабындағы майды ауыстыру секілді жұмыстар…

Толық оқу

Қонаев қаласында Алматы облысы әкімдігі жанындағы суицидтің алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында балалар мен жасөспірімдердің психоэмоционалдық жағдайын ерте анықтау, психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік органдар арасындағы үйлесімді жұмысты күшейту мәселелері талқыланды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Отырысқа Алматы облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Бақытұлы, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева және Алматы облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айгүл Есімбекова қатысты. Комиссия мүшелері 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, профилактикалық жүйені одан әрі жетілдіру бағыттарын белгіледі. Негізгі назар балалар мен жасөспірімдердің психоэмоционалдық ахуалындағы өзгерістерді ерте кезеңде байқауға аударылды. Дағдарыстық жағдайдың алдын алу, дер кезінде…

Толық оқу

Қазақстанда «Құрылтай» және осы атаудың бірнеше нұсқасымен тіркелген небәрі 10 азамат бар. 2026 жылғы тамыздағы мәлімет бойынша олардың алтауы ер адам, төртеуі әйел, – деп жазады Ertenmedia.kz. Сирек есімдердің қатарына «Құрылтай», «Курылтай», «Курултай» және «Курлтай» нұсқалары кіреді. Барлығы қосқанда 10 адам осы есімдердің бірін иеленген. Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Мұнда Құрылтай есімінің түрлі нұсқасымен төрт адам тұрады. Алматы қаласында екі адам тіркелген. Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір-бір адамнан бар. Жас ерекшелігі де назар аудартады. Құрылтай есімді азаматтардың бесеуі 65 жастан асқан. Олардың ең үлкені 80 жаста. Қалған төрт азамат 30-34, 50-54, 55-59…

Толық оқу
Дания Еспаева

20 тамызда Шымкент қаласында «Әділет TV» республикалық телеарнасының ашылу салтанаты өтіп, оған «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева қатысты. Іс-шарада жаңа медиажобаның қоғамдағы орны мен кәсіби журналистиканы дамытуға қосар үлесі сөз болды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты шараға «Ақ жол» партиясының өкілдері Қазыбек Иса мен Исламбек Төлебаев, сондай-ақ телеарнаның шығармашылық және техникалық ұжымы қатысты. Қонақтар жаңа арнаның жұмысымен танысып, редакция мүшелеріне алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Кездесуде бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі қоғамдағы орнына ерекше назар аударылды. Партия өкілдерінің пікірінше, кәсіби медиа қоғамдық пікірді қалыптастырумен ғана шектелмей, азаматтар мен мемлекеттік институттар арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін маңызды алаңға айналуға тиіс. Дания…

Толық оқу
ertenmedia

Абай облысында экстракорпоралды ұрықтандыруға бөлінетін квоталарды тиімді пайдалану және репродуктивті денсаулық туралы ақпаратты кеңейту көзделіп отыр. Облыс әкімі Берік Уәли Қазақстандағы ЭКҰ әдісінің негізін қалаушы, профессор Салтанат Байқошқаровамен осы бағыттағы өзекті мәселелерді талқылады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанат Байқошқарова биология ғылымдарының докторы, «NGC» халықаралық репродукция орталығы мен «ЭКОМЕД» клиникалар тобының ғылыми директоры. Кездесуде бедеулікті емдеу, репродуктивті денсаулықты қорғау және экстракорпоралды ұрықтандыру мүмкіндігін тұрғындарға қолжетімді ету жайы сөз болды. Негізгі назар мемлекет бөлген квоталарды толық әрі мақсатты игеруге аударылды. Президент тапсырмасымен қабылданған «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында соңғы үш жылда Абай облысына жыл сайын 210 квота бөлініп келеді. 2026 жылдың алғашқы жартысында…

Толық оқу
мұнай

Қазақстанның Ресей инфрақұрылымы арқылы мұнай экспорттау көлемі шілдеде айтарлықтай төмендеді. «Атырау-Самара» құбырымен тасымал бір жылда 24 пайызға азайған тұста Баку-Тбилиси-Жейхан және Каспий құбыр консорциумы бағытындағы көлем ұлғайып отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Шілдеде «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы 646 мың тонна қазақстандық мұнай экспортталған. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 24,4 пайызға, яғни 208 мың тоннаға төмендеді. «ҚазТрансОйл» аталған көлемді ресми түрде растады. Ресейдің Усть-Луга порты арқылы Қазақстан 286 мың тонна мұнай жөнелткен, бұл бір жыл бұрынғыдан 17 пайыз аз. Новороссийск бағытындағы тасымал 2 пайыз төмендеп, 360 мың тонна болды. Reuters Ресейдің Қара теңіздегі порттары мен мұнай тасымалдайтын танкерлерге жасалған дрон шабуылдары…

Толық оқу