Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

Құрылтай депутаттарын сайлау күні ел бойынша 90 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар азамат дауыс береді деп күтілуде. Осыған байланысты сайлау учаскелерінде олардың еркін кіріп-шығуына, қозғалуына және өз бетінше дауыс беруіне жағдай жасауға ерекше назар аударылды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында тұратын Светлана Зеленская №120 сайлау учаскесіне инватаксимен келіп, қолжетімділік жағдайын өз көзімен бағалады. Оның айтуынша, сайлау учаскесінде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған қажетті инфрақұрылым қарастырылған. «Мен сайлауға алғаш рет қатысып тұрған жоқпын. Бұған дейін Мемлекет басшысын, Парламент депутаттарын сайлауда және референдумда дауыс бердім. Әр дауыс маңызды деп санаймын. Белсенділік таныту арқылы еліміздің дамуына өз үлесімізді қосамыз», –…

Толық оқу
дауыс беру

Алматының Жетісу ауданындағы ірі өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлері Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Аудандағы өнеркәсіп ұжымдарының ұйымдасқан түрде дауыс беруге келуі азаматтық белсенділік пен қоғамдық жауапкершіліктің көрінісіне айналды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жетісу ауданы Алматыдағы ірі индустриалды аймақтардың бірі саналады. Мұнда 572 өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді. Өнеркәсіп саласында еңбек ететін азаматтар қаланың экономикалық өмірімен қатар қоғамдық-саяси процестеріне де тұрақты араласып келеді. Көпжылдық дәстүрді жалғастыра отырып, «Асфальтобетон-1» ЖШС және «Карина» ЖШС қызметкерлері сайлау учаскелеріне барып, дауыс берді. Кәсіпорын ұжымдары өз азаматтық ұстанымын білдіріп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты. Өндірістік кәсіпорын қызметкерлерінің белсенділігі сайлау күніндегі еңбек ұжымдарының қоғамдық өмірге қатысуын көрсетті. Әр жұмысшы…

Толық оқу

«The Voice Қазақстан» жобасына қатысқан 18 жастағы Аяжан Ізбасар бүгін алғаш рет сайлауға қатысып, Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Бұған дейін халықаралық фестивальдер мен телевизиялық вокалдық жобаларда өнер көрсеткен жас әнші үшін 23 тамыз азаматтық өміріндегі жаңа белеске айналды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Аяжан музыкалық колледждің төртінші курсында «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша білім алып жүр. Жас өнерпаз The Planet of Art халықаралық фестивалінде жеңіске жетіп, Мәскеуде өткен халықаралық фестивальде де өнер көрсеткен. 2025 жылы ол «The Voice Қазақстан» телевизиялық вокалдық жобасында бағын сынады. Үлкен сахна, көрермен алдындағы жауапкершілік пен байқау кезіндегі толқу Аяжанға бұрыннан таныс. Алайда бүгінгі…

Толық оқу
ertenmedia

Құрылтай сайлауы өтіп жатқан күні үгіт жүргізуге, толтырылған бюллетеньді фотоға немесе видеоға түсіріп, таратуға тыйым салынады. Бас прокуратура өкілі Ерлан Жанпейсов қазіргі уақытта дауыс беру процесі құқықтық алаң шеңберінде өтіп жатқанын мәлімдеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Бас прокурор аппаратының БАҚ мониторингі және жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы Ерлан Жанпейсов бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы онлайн-марафон аясында өткен брифингте айтты. Оның айтуынша, дауыс беру күні сайлауалды үгіттің кез келген түріне заңмен тыйым салынған. Сонымен қатар азаматтарға толтырылған сайлау бюллетенін суретке немесе бейнежазбаға түсіріп, оны әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде немесе басқа ақпараттық алаңдарда таратуға болмайды. Бас прокуратура өкілі қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама нәтижелерін…

Толық оқу
дауыс беру

Алматының Медеу ауданындағы №412 сайлау учаскесіне 69 жастағы Есенбек Өктешбаев 90 жастағы анасы Айымкүл Әниятовамен бірге келіп, дауыс берді. Ана мен баланың сайлау учаскесіне қатар келуі көпшіліктің назарын аударып, азаматтық белсенділік пен аға буынға құрметтің жылы көрінісіне айналды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Өктешбаевтар отбасы үшін сайлауға қатысу жылдар бойы қалыптасқан дәстүр. Есенбек Өктешбаев ардагерлер ұйымын басқарып, қоғамдық өмірге белсенді араласып келеді. Ал оның анасы егде жасына қарамастан, елдегі жаңалықтарды қадағалап, қоғамдық оқиғаларға қызығушылығын жоғалтпаған. Айымкүл Әниятова – еңбек ардагері әрі шығармашылыққа жақын жан. Ол 90 жасында да өлең жазуды жалғастырып жүр. Бүгінгі Құрылтай сайлауына орай арнайы өлең шығарып, онда елдің…

Толық оқу
коробль

Түркия әскери-теңіз күштерін ауқымды жаңғыртып, бір мезетте ондаған әскери кеме мен теңізге арналған жаңа қару жүйелерін өндіруде. Түркия Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Эрджюмент Татлыоғлудың айтуынша, қазір елде 37 кеме ұлттық флот үшін, тағы 24 кеме шетелдік тапсырыс берушілер үшін салынып жатыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Адмирал Түркияның геостратегиялық орналасуы қуатты әскери-теңіз күштерін қалыптастыруды талап ететінін атап өтті. Ел бірнеше теңіз аймағына тікелей шығып, Жерорта, Эгей және Қара теңіз бағыттарындағы маңызды коммуникациялардың торабында орналасқан. Сондықтан Анкара флотты тек сан жағынан көбейтумен шектелмей, оның технологиялық мүмкіндігін кеңейтуге басымдық беріп отыр. Негізгі бағыттардың бірі – әскери кемелерде ұшқышсыз авиацияны кеңінен қолдану. Bayraktar TB3…

Толық оқу
дауыс беру

Алматыда сайлау күні таңғы дауыс берумен ғана емес, учаскелерге алғашқылардың бірі болып келген тұрғындарға арналған шағын сыйлықтармен басталды. Қаланың бірнеше ауданында алғашқы сайлаушыларға естелік тартулар табысталып, учаскелерде мерекелік көңіл күй қалыптасты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Алмалы ауданындағы сайлау учаскелерінде таңертеңнен бастап тұрғындардың белсенділігі байқалды. Алғаш келген азаматтарға блокнот, «Қазақстан» шоколады және кепка секілді естелік сыйлықтар берілді. Ұйымдастырушылар мұндай шағын тартулардың дауыс беру күнін есте қаларлық сәтке айналдыруға және сайлау учаскесіндегі жылы атмосфераны күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Түрксіб ауданында да алғашқы сайлаушыларға арнайы сыйлықтар әзірленген. Олардың қатарында қуаттағыш, электр шәйнегі, «Қазақстан» шоколады, күнделік және басқа да тұрмыстық әрі естелік заттар бар.…

Толық оқу
дауыс беру

Алматының Бостандық ауданындағы №70 мектепте орналасқан №294 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауы ерекше футболдық көңіл күймен өтті. Дауыс беруге әлемдік футбол жұлдыздары Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың образындағы екі азамат келіп, сайлау күнінің ең креативті көріністерінің бірін жасады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Әрине, әйгілі футболшылардың өздері емес. Месси мен Роналдудың росттық костюмдерін киген екі дос футболды және осы спорттың танымал жұлдыздарын ерекше жақсы көретіндерін айтты. Олар сайлау учаскесіне келуді есте қаларлық сәтке айналдырып, көпшіліктің назарын футболға да аударуды жөн көрген. Дауыс бермес бұрын «Месси» мен «Роналду» мектеп алдында шағын футболдық жаттығу өткізді. Доппен бірнеше қимыл жасап, бір-бірімен ойнап, учаскеге келген тұрғындарға…

Толық оқу
асылы османова

Қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Асылы Осман Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері №64 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берді, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Парасат» орденінің және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Осман сайлауға қатысуды азаматтық жауапкершілікпен байланыстырды. Оның айтуынша, ел өміріндегі маңызды саяси кезеңде әр азамат өз ұстанымын білдіріп, ортақ таңдау жасауға қатысуы қажет. «Бүгінгі жиынның жөні бөлек. Бұл – үлкен той. Өйткені «Құрылтай» деп бірінші аталып келгеніне өзім ерекше баға беремін. Мұндай кезде үйде жатып қалмай, елімізді асқақтатуға өз үлесімізді қосуымыз керек деп есептеймін. Сондықтан ең алдымен дауыс…

Толық оқу

Талғар ауданындағы №820 сайлау учаскесінде аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ахат Солтанқұлов Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Ақсақал сайлауға қатысуды азаматтық жауапкершілікпен және қазақ даласындағы тарихи басқару дәстүрімен байланыстырды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ахат Солтанқұловтың айтуынша, Құрылтай ұғымының қазақ тарихындағы орны терең. Ежелгі кезеңдерде және Қазақ хандығы тұсында ел үшін маңызды мәселелер Құрылтайларда талқыланып, ортақ шешім қабылданған. «Ежелгі ата-бабаларымыздың заманында, Қазақ хандығы дәуірінде маңызды шешімдер Құрылтайда қабылданған. Оған ру өкілдері, ел билеген игі жақсылар, батырлар мен билер жиналған. Мұндай басқару үлгісін дала демократиясы деп атауға болады», – деді Ахат Солтанқұлов. Оның пікірінше, заман мен мемлекеттік институттар өзгергенімен, ел тағдырына…

Толық оқу