Ресейдің ірі маркетплейстерінің бірі Wildberries логистикалық нысандарға жасалған шабуылдардан кейін елеулі қаржылық қысымға тап болды. Қоймалардың зақымдануы, жүздеген миллиард рубльге бағаланған ықтимал шығын және қарыз көлемінің күрт өсуі компанияның қаржылық тұрақтылығына қатысты сұрақты күшейтті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Inbusiness.kz мәліметінше, Wildberries логистикалық инфрақұрылымына дрон шабуылдарының сериясы шілденің ортасында басталған. Соңғы оқиғалардың бірі ретінде Башқұртстандағы аумағы шамамен 186,8 мың шаршы метр логистикалық орталықтың зақымдануы аталады. Компания нысандарына жасалған шабуылдар бірнеше апта бойы Ресейдің түрлі өңірінде жалғасқан. Басылым Reuters деректеріне сүйеніп, 18 шілде-15 тамыз аралығында маркетплейстің 30 ірі тарату орталығының 20-дан астамы зардап шеккенін жазады. Зақымданған және өртенген қоймалардың жалпы аумағы 2…
Автор: Нұрлан Жұмахан
Қазақстан банктері Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені екі рет төмендетуінен кейін депозиттердің табыстылығын қайта қарай бастады. Қысқа мерзімді салымдардың пайызы бірқатар банкте төмендесе, кейбір ұзақ мерзімді депозит бойынша керісінше өсім байқалады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Qazaq Expert Club қаржыгері әрі сарапшысы Венера Жаналинаның айтуынша, депозиттерді салыстырғанда ең алдымен жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне назар аударған жөн. Аталған көрсеткіш пайыздардың капиталдандырылуын есепке алып, салымның нақты табыстылығын дәлірек көрсетеді. Halyk Bank жаңа шарттарды 15 маусымнан бастап енгізді. QORJIN депозитінің үш айлық нұсқасы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 19,50 пайыздан 18,51 пайызға дейін төмендеді. Ал алты айлық салымның көрсеткіші 17 пайыздан 16,50 пайызға азайды. Банк…
Ислам Махачев Филадельфияда өткен UFC 330 турнирінің басты жекпе-жегінде ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді жеңіп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғады. Бес раундқа созылған айқаста төрешілер 49:46, 49:46 және 48:47 есебімен ресейлік файтердің жеңісін бірауыздан мойындады. Махачев осылайша UFC тарихындағы қатарынан ең көп жеңіске жеткен спортшы атанды, – деп жазады Ertenmedia.kz. 34 жастағы Дағыстан тумасы жекпе-жекте өзінің негізгі қаруы саналатын күрес пен партердегі бақылауға сүйенді. Гэрри бойы мен қолының ұзындығы жағынан басым болғанымен, Махачев қарсыласын бірнеше рет жерге түсіріп, позициялық артықшылықты сақтады. Ирландиялық файтер бес раунд бойы қысымға төтеп бергенімен, кездесудің басым бөлігінде чемпионның бақылауынан шыға алмады. Екінші раундта Махачев аяқпен…
Өзбекстанда кәсіпкерлер лицензия менрұқсат құжатын алмай тұрып-ақ жұмысын бастауға мүмкіндік беретін арнайы режим енгізбек. Тиісті заңнамалық түзетулерді ел парламенті мақұлдады. Жаңа тәртіп бизнесті іске қосу кезіндегі әкімшілік кедергіні азайтуға бағытталған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа механизм «Лицензиясыз бизнеске кіру» деп аталады. Кәсіпкер қызметін бастағаннан кейін қажетті лицензияны немесе рұқсатты рәсімдеуге үш айға дейін уақыт алады. Осы мерзім ішінде бизнес заңда белгіленген талаптарды толық орындауға тиіс. Арнайы режимді пайдалану үшін кәсіпкер уәкілетті мемлекеттік органға тегін хабарлама жібереді. Өтінім арнайы электрондық жүйе немесе Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталы арқылы беріледі. Хабарлама тіркелгеннен кейін кәсіпкер қызметін бірден бастай алады. Үш айлық өтпелі кезеңде…
17 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерде бұршақ пен екпінді жел күтіледі. Солтүстік пен шығыста ауа салқындаса, оңтүстікте күндізгі температура +37°C-қа дейін көтеріледі, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» болжамынша, Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде ауа температурасы +11…+13°C, күндіз шамамен +22…+24°C болады. Алматыда жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с, түнде +21…+23°C, күндіз +33…+35°C күтіледі. (Қазгидромет) Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанып, температура түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C болады. Ақтауда да жауын-шашын күтілмейді, жел 7-12 м/с, күндіз +28…+30°C-қа дейін жылынады. Ақтөбеде түнде +9…+11°C, күндіз +25…+27°C, жел екпіні кей уақытта 15-18 м/с-қа…
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Көптеген жас сайлаушылар үшін бұл сайлауға қатысудағы алғашқы тәжірибе болады. Жас сайлаушыларға арналған қарапайым нұсқаулық ұсынылды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Кім дауыс бере алады? Сайлауға 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Дауыс беру ерікті және жасырын түрде жүргізіледі. Бұл ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында көзделген. 23 тамызға дейін не істеу керек? Ең алдымен, өз сайлау учаскеңізді және сайлаушылар тізімінде бар-жоғыңызды тексерген жөн. Бұл үшін ОСК тиісті цифрлық сервистерді ұсынады. Бұл әсіресе жақында тұрғылықты жерін ауыстырған студенттер мен жастар үшін маңызды. Өзіңізбен бірге не алу керек? Сайлау учаскесіне жеке…
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәдениет пен өнер саласы үшін маңызды жаңалықты бөлісті. Оның айтуынша, Президент мемлекеттік наградалар қатарына «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Аида Балаева осы шешім үшін мәдениет саласы өкілдері атынан Мемлекет басшысына алғыс білдірді. Оның пікірінше, жаңа марапаттар мәдениет пен өнердің қоғамдағы мәртебесін көтеріп, өмірін осы салаға арнаған азаматтардың еңбегін мемлекеттік деңгейде бағалауға мүмкіндік береді. Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанның мәдениет саласында 56 мыңнан астам маман еңбек етеді. Елде 85 театр, 286 музей, 67 концерттік ұйым және 3 054 мәдени-демалыс…
23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттары сайлауы қарсаңында «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы өңірлердегі жұмысын күшейтті. Ұйым өкілдері бірнеше қалада семинар өткізіп, болашақ байқаушыларды сайлау заңнамасы мен қоғамдық бақылау тетіктеріне үйретіп жатыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Құрылтай сайлауына жеті тіркелген саяси партия қатысады. Саяси науқан қызған тұста дауыс беру барысын тәуелсіз бақылауға дайындық та қатар жүріп жатыр. «Халық үні» тобының өкілдері Нұрболат Нышанбай, Дос Көшім және Нұргелді Әбдіғани Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз және Талдықорған қалаларына барып, жергілікті тәуелсіз байқаушылармен кездесті. Өңірлерде штабтар құру және байқаушылар пулын қалыптастыру жұмысы жалғасуда. Сапар барысында арнайы оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Қатысушыларға сайлау процесін реттейтін құқықтық нормалар,…
Алматыда өтетін YE концертіне әлемнің әр түкпірінен жанкүйерлер жиналып жатыр. Солардың бірі – Қытайдан арнайы келген Кристалл Лю, ол мегаполисте үш күн болуды жоспарлап отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Кристалл Лю YE, яғни Канье Уэсттің шығармашылығын бұрыннан тыңдайтынын айтып, концертті асыға күтіп жүргенін жеткізді. «Баршаңызға қайырлы кеш! Менің атым Кристалл Лю. Қытайдан Канье Уэсттің концертіне арнайы келдім. Алматыда үш күн боламын. Осы перформансты асыға күтіп отырмын», – деді ол. Қытайлық қонақ сұхбат барысында сүйікті орындаушысына деген ықыласын музыка арқылы да көрсетті. Камера алдында YE-нің танымал туындыларының бірі – «All Falls Down» композициясынан үзінді орындап, көрермендерге шағын музыкалық сый жасады. Алматыдағы…
Алматы облысында электр энергиясынан ажыратылған елді мекендердің басым бөлігінде жарық қайта берілді. Сағат 18:30-дағы мәлімет бойынша әлеуметтік маңызы бар, тіршілікті қамтамасыз ететін және режимдік-стратегиялық нысандар электр қуатымен толық қамтылып, штаттық режимде жұмыс істеп тұр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қонаев және Алатау қалаларында, сондай-ақ Іле, Еңбекшіқазақ, Балқаш, Жамбыл, Талғар, Ұйғыр, Райымбек және Кеген аудандарында электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілген. Қарасай ауданында желіге қосу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Жандосов, Шамалған, Бекболат, Қайнар, Құмарал, Еңбекші, Айтей, Жамбыл, Ұлан және Тұрар ауылдарына электр энергиясы берілді. Сонымен қатар Елтай, Исаев ауылдары, Қаскелең қаласының бір бөлігі және Береке ауылы қайтадан электр желісіне қосылған. Жібек жолы, Көкөзек,…










