Қазақстан отандық өндірушілерді жекелеген жеңілдіктермен қолдаудан ішкі өндірісті жүйелі түрде күшейту моделіне көшіп жатыр. Ішкі нарықтағы қазақстандық өнімнің үлесі 83 пайызға жетіп, Үкімет ендігі басымдықты өндірісті кеңейтуге, импортқа тәуелділікті азайтуға және «Қазақстанда жасалған» өнімдерді сыртқы нарыққа шығаруға бағыттап отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Отандық тауар өндірушілерді қолдау Қазақстанның экономикалық саясатындағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Жаңа тәсіл жекелеген кәсіпорындарға уақытша көмек көрсетумен шектелмейді. Мемлекет ішкі өндірістің қуатын арттырып, экономикалық дербестікті күшейтетін тұтас экожүйе қалыптастыруға кірісті. Мұндай бағыт Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндетпен үндеседі. Негізгі мақсат — Қазақстанның экономикалық дербестігін нығайтып, отандық өндірістің тұрақты өсуіне жағдай жасау. Қазір қазақстандық өнімнің ішкі нарықтағы…
Автор: Нұрлан Жұмахан
Әлемдік саудада қалыптасқан логистикалық тәртіп өзгеріп, мемлекеттер мен ірі компаниялар жүк тасымалының жылдам, тұрақты әрі баламалы бағыттарын іздей бастады. Осындай кезеңде Қазақстан Қытай мен Еуропаны жалғайтын Орта дәліздің негізгі буынына айналып, транзиттік артықшылығын ұзақмерзімді экономикалық капиталға айналдыруға ұмтылып отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы жылдары Транскаспий халықаралық көлік бағыты, яғни Орта дәліздің маңызы күрт өсті. Бұрын аймақтық деңгейдегі перспективалы жоба ретінде қарастырылған маршрут қазір Азия мен Еуропа арасындағы негізгі логистикалық баламалардың біріне айналып келеді. Орта дәліз Қазақстанның жаңа мүмкіндігін ашты Бағыт Қытайдан басталып, Қазақстан, Каспий теңізі, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы Еуропа нарығына шығады. Оның географиялық өзегінде Қазақстан орналасқан. Дүниежүзілік…
Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген екінші телефон сауалнамасында респонденттердің 73,8 пайызы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға ниетті екенін айтқан. Партиялық рейтингте «Әділет» 70,2 пайыз қолдаумен бірінші орында тұр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеу 21 шілде-4 тамыз аралығында жүргізілген. Оған Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыста тұратын 1 200 респондент қатысқан. «23 тамыз 2026 жылы өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуды жоспарлап отырсыз ба?» деген сұраққа қатысушылардың 73,8 пайызы оң жауап берген. 8,1 пайызы дауыс беруге бармайтынын айтса, 18,1 пайызы әлі нақты шешім қабылдамаған. 8-20 шілде аралығында жүргізілген алғашқы өлшеммен салыстырғанда сауалнамада мәлімделген қатысу көрсеткіші 2,5 пайызға өскен. Дауыс…
«Құрылтайға жол» ультрамарафонының кезекті кезеңі Эминемнің әнімен басталып, Ақшатауда домбыра үнімен түйінделді. Ақсу-Аюлыдан шыққан Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге тағы 100 шақырымды еңсеріп, келесі меже — Балқашқа қарай сапарын жалғастыруға дайындалып жатыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Меңдібай Әлімғазинов әлеуметтік желідегі парақшасында ультрамарафонның кезекті күні қалай өткенін көрсетті. Таңсәріде Ақсу-Аюлы ауылынан шыққан топ жоспарланған қашықтықты жүріп өтіп, күн соңында Ақшатауға жеткен. Марафоншылар келесі кезең алдында осы ауылда аялдап, күш жинаған. Жоспар бойынша таңертең қайта жолға шығып, Балқаш қаласына бет алады. Әрбір еңсерілген 100 шақырым сапардың спорттық көрсеткіші ғана емес, жол бойындағы елді мекендер мен адамдарды байланыстырып келе жатқан «Құрылтайға жол» шежіресінің кезекті…
«Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева бастаған Республикалық штаб мүшелері Шығыс Қазақстан облысындағы «Восток-Молоко» корпорациясының өндірістік алаңында болды. Сайлауалды кездесу барысында отандық өндірісті қолдау, шағын және орта бизнестің жағдайы, салық саясаты мен қазақстандық өнімнің өткізу нарығын кеңейту мәселелері талқыланды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Партия өкілдері алдымен кәсіпорынның өндірістік үдерісімен танысты. Штаб мүшелеріне технологиялық желілер, өнім өндіру кезеңдері және корпорация шығаратын тауар түрлері көрсетілді. Бұдан кейін еңбек ұжымы және жергілікті кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды. Қатысушылар ішкі нарықта қазақстандық өнімнің үлесін көбейту, жергілікті кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасау және дайын өнімді…
Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 4 200 орынға арналған бес жаңа білім ошағы пайдалануға беріледі. Бұған қоса, реновация бағдарламасымен күрделі жөндеуден өткен 10 мектеп оқушыларды қабылдайды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Конституциялық құндылықтар: кәсібилік, сапа, нәтиже» атты облыстық тамыз мәслихатында өңірдегі мектеп инфрақұрылымын кеңейтуге бағытталған жобалар жөнінде айтты. Облыста демографиялық өсім жоғары болғандықтан, оқушы орнының тапшылығын азайту негізгі міндеттердің біріне айналған. Әсіресе Алматы агломерациясына кіретін елді мекендерде жаңа мектеп салуға сұраныс артып отыр. Өңір әкімдігі Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп бірнеше білім нысанын салу мүмкіндігін қарастыруда. Алматы облысы мектеп құрылысына қажетті жер…
Бүгінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға тағылған үш эпизод бойынша айып сотта дәлелденді деп мәлімдеді. Прокурор заңсыз кәсіпкерлік, сеніп тапсырылған қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру және көрінеу жалған ақпарат тарату баптары бойынша түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, сот тергеуі кезінде жиналған дәлелдер бір-бірімен өзара үйлесіп, қылмыстық істің тұтас картинасын қалыптастырған. Айыптау тарапы жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарына, банк және бухгалтерлік құжаттарға, салық деректеріне, мамандардың қорытындылары мен сот сараптамаларына сүйенді. Прокурор қорғау тарапы аталған материалдарды жоққа шығаратын объективті дәлел ұсына алмады деп есептейді. Бірінші эпизод заңсыз кәсіпкерлік…
Алматы облысының Іле ауданында жылына 100 мың контейнер өңдеуге қауқарлы «Kusto Logistics» көлік-логистикалық орталығы жұмысын бастады. 28,1 млрд теңге инвестиция тартылған кешен өңірдің транзиттік әлеуетін күшейтіп, импорттық және экспорттық жүк ағынын жеделдетуге мүмкіндік береді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Заманауи мультимодальды орталық 26,5 гектардан астам аумақты алып жатыр. Мұнда теміржол желісі, контейнер алаңы, екі қойма, жүк тиеу-түсіру аймағы, автомобиль логистикасы және басқару орталығы бір жүйеге біріктірілген. Кешенде 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Нысанның ашылуына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Kusto Group компаниясының тең құрылтайшысы әрі акционері Қанат Көпбаев және жобаға қатысқан компаниялардың өкілдері қатысты. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, жаңа терминал жұмыспен…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қарап, ауылдық округ әкімдеріне бірқатар нақты тапсырма берді. Жиында инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы, су үнемдеу, жерді тиімді пайдалану, әлеуметтік инфрақұрылым және Құрылтай сайлауына дайындық мәселелері талқыланды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір басшысы кей елді мекендердің экономикалық әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанына назар аударды. Мәселен, туристік мүмкіндігі жоғары Бесқайнар ауылдық округінде инвестициялық жоба аз. Есік қаласында жыл басынан бері 4 млрд 355 млн теңге инвестиция тартылғанымен, іске асырылып жатқан жобалар саны жеткіліксіз деп бағаланды. Тескенсу ауылдық округінде инвестиция көлемі 11,2 млрд теңгеге жеткен. Мұнда жеміс-жидек пен көкөніс өңдеу…
Абай облысында ауыр жүк көліктерінің күре жолдарға келтіретін залалын азайту және заңсыз кірме жолдарды жабу шаралары күшейтіледі. Өңір әкімі Берік Уәли жауапты органдарға бірлескен рейдтер өткізіп, тасымалдаушылардың салмақ талаптарын сақтауын қатаң бақылауды тапсырды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Кеңеске «ҚазАвтоЖол», көлік прокуратурасы, көліктік бақылау инспекциясы, полиция мен «Қазақстан темір жолы» өкілдері қатысты. Жүк тасымалдаумен және өндірістік жобалармен айналысатын компаниялар да жиынға шақырылды. Тараптар жолдардың жай-күйін, бақылау бекеттерін айналып өту және күре жолдарға рұқсатсыз қосылу деректерін талқылады. Абай облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 2175 шақырымды құрайды. Оның 76 пайызы жақсы және қанағаттанарлық, ал 24 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Соңғы екі жылда…










