Қонаев қаласы 2027 жылы су-мотор спортының ең беделді жарыстарының бірі – F1H2O әлем чемпионатының кезеңін қабылдауға дайындалып жатыр. Алматы облысының әкімдігі мен халықаралық ұйымдастырушылар Қапшағай су қоймасында жарыс өткізу жөніндегі келісімге қол қойды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Келіссөзге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, F1H2O ұйымы, iHolding компаниясы және Сауд Арабиясынан келген делегация өкілдері қатысты. Тараптар 2027 жылғы чемпионатты Қонаевта ұйымдастырумен қатар, жобаны бірнеше жылға жалғастыру мүмкіндігін талқылаған. Бастапқы жоспар жүзеге асса, Қапшағай су қоймасы бес жыл бойы әлемдік су жарысының тұрақты алаңына айналуы ықтимал. F1H2O арнайы катерлер тұйық су айдынында жоғары жылдамдықпен жарысатын халықаралық чемпионат. Ресми мәлімет бойынша, катамарандар түзу…
Автор: Нұрлан Жұмахан
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асып жатыр. Сол өзгерістердің, Конституциялық жаңарулар аясында Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленіп отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Құрылтай сайлауы қарсаңында «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы жаңа медиакешенде сайлауға қатысатын саяси партиялар арасындағы Ұлттық теледебат өтті. Пікірсайысқа «Әділет», «Ауыл», Respublica, Қазақстан Халық партиясы, «Байтақ», «Ақжол» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияларының өкілдері қатысты. Теледебат 5 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарын таныстырып, Құрылтай сайлауына қандай мақсатпен қатысып отырғанын және сайлаушыларға ұсынатын бастамаларын баяндады. ІІ кезеңде барлық қатысушыға ортақ екі сұрақ қойылып, партиялар адам капиталын дамытуға қатысты көзқарастары мен бағдарламалық…
Qazaqstan Ұлттық телеарнасында тікелей эфирде өтіп жатқан теледебаттың алғашқы кезеңінде Құрылтайына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері өздерінің сайлау бағдарламаларын таныстырды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Алдымен спикерлер теледебатқа қатысушылардың этика хартиясына қол қойды. Пікірсайыс басталар алдында қатысушылардың сөйлеу реті цифрлық рандомайзер арқылы анықталды. Осыдан кейін әр партия өкіліне екі минуттан уақыт беріліп, олар Құрылтай сайлауына қандай мақсатпен қатысып отырғанын, қоғамға ұсынатын негізгі бастамалары мен бағдарламасының басым бағыттарын таныстырды. Ұлттық теледебаттың екінші кезеңінде барлық партия өкілдеріне бірдей екі ортақ сұрақ қойылды. Әр қатысушыға сұраққа жауап беру үшін 2 минуттан уақыт берілді. Алғашқы сұраққа партиялар жеребеде анықталған кезекпен жауап берсе, екінші сұраққа кері реттілікпен жауап…
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ядролық державаларды келіссөз үстеліне оралып, ядролық сынақтарға жаппай тыйым салатын халықаралық шарттың күшіне енуін жеделдетуге шақырды. Семей полигоны жабылғанына 35 жыл толған тұста айтылған үндеу Қазақстанның антиядролық мұрасын қазіргі жаһандық қауіпсіздік дағдарысымен қайта сабақтастырды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ақорда жариялаған ресми үндеуде ядролық державалар арасындағы диалогты қалпына келтіру, сынақтарға тыйым салатын шартты іске қосу және қаруды қолдану қаупін жоюға бағытталған көпжақты әрекетті күшейту қажеттігі айтылған. Астана осылайша ядролық қарусыздану мәселесін моральдық үндеуден нақты дипломатиялық күн тәртібіне шығаруға ұмтылып отыр. Семей ядролық полигоны 1991 жылғы 29 тамызда жабылды. Ондаған жылға созылған сынақтар адам денсаулығына, табиғатқа және тұтас…
Алматыда алғаш рет қолға алынған «Жастар қатысатын бюджет» жобасына 203 өтінім түсіп, дауыс беру қорытындысымен үздік 10 бастама анықталды. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек жеңімпаздарға берілетін қолдау, жобаларды бақылау және бизнес өкілдерінің қызығушылығы жөнінде Ertenmedia.kz тілшісіне айтып берді. – Екі жүзден астам өтінімнің арасынан инклюзивті білім беру, ақпараттық технология және медиа саласындағы 10 жоба іріктелді. Қала үшін қандай бағыттар басым саналады? – Байқау сегіз негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылды. Олардың қатарында инновациялық және әлеуметтік бастамалар, денсаулық сақтау, білім беру, цифрландыру мен қаланы абаттандыру жобалары бар. Жеңімпаздар тізіміне қарасақ, әр бағыттың Алматы үшін өзіндік маңызы бар екенін көреміз. Қазақстанда…
Алматы облысындағы заңды ойын бизнесі субъектілері 2026 жылдың алғашқы алты айында мемлекеттік бюджетке 25 млрд теңге салық төледі. Соның 10,6 млрд теңгесі өңірлік бюджет кірісіне бағытталды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы екі жарым жылда ойын бизнесінен мемлекеттік бюджетке жалпы 184,7 млрд теңге түскен. Оның 53,8 млрд теңгесі Алматы облысының қазынасына аударылды. Көрсеткіш саладағы салық түсімінің өңір экономикасындағы салмағын айқын көрсетеді. Қазір Қонаев қаласында ойын бизнесіне қатысты 21 нысан жұмыс істейді. Олардың қатарында бес казино, 13 букмекерлік кеңсе және үш ойын автоматтары залы бар. Салада шамамен 2,5 мың адам еңбек етеді. Ойын бизнесі Қонаевтың туризм және қызмет көрсету нарығына да ықпал…
Рудный қаласының тұрғыны Эдуард Гадульшин 11-шағынауданда Кеңес одағын еске салатын Еңбек даңқы паркін салуға қарсылық танытып, ресми петиция жариялады. Ол ескі өндірістік техникалар қойылған ашық аспан астындағы музейдің орнына тұрғындарға арналған жасыл әрі заманауи демалыс кеңістігін құруды ұсынады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қала әкімдігі аталған аумақта Рудныйдың өндірістік тарихын көрсететін парк салуды жоспарлапты. Жобада биіктігі 14 метрге жететін экскаватор, ауыр бульдозер және карьерлік самосвал секілді техниканы ашық аспан астына орналастырмақыш екен. Бастама қаланың кен өндіру саласындағы еңбек жолын танытатын көрнекі орын ретінде ұсынылса керек. Эдуард Гадульшин Рудныйдың өндірістік тарихын жоққа шығармайтынын, бірақ мұндай техникаға қаланың басқа аумағынан орын табуға болатынын…
Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несие сотқа жеткізбей есептен шығаруға болады. Алайда азаматтың «несиені мен алған жоқпын» деген өтініші жеткіліксіз. Полицияның процестік құжаты және банк немесе микроқаржы ұйымы қорғаныс талаптарының бірін бұзғанын растайтын дерек қажет, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері 2,1 млрд теңгенің 1,3 мың алаяқтық қарызы анықталған. 2025 жылы 4,6 млрд теңгенің 5,1 мың, ал 2024 жылы 20,3 млрд теңгенің 8,7 мың осындай несиесі тіркелген. Көрсеткіш азайғанымен, бөтен адамның атына онлайн қарыз рәсімдеу қаупі әлі сақталып отыр. Қарызды сотсыз есептен шығарудың бірнеше нақты негізі бар. Кредит eGov-тағы ерікті тыйым күшінде тұрған…
АҚШ Сенаты Ресей мен Иранға қарсы санкцияларды күшейтетін заң жобасын қараудың келесі кезеңіне өткізді. Құжат Мәскеудің энергетикалық кірісін қысқартып, ресейлік мұнай мен газды көп көлемде сатып алатын мемлекеттерге сауда қысымын күшейтуді көздейді, – деп жазады Ertenmedia.kz. 28 шілдеде өткен рәсімдік дауыс беруде 86 сенатор заң жобасын қолдап, 12-сі қарсы дауыс берді. Құжат түпкілікті қабылданған жоқ. Ол Сенаттағы тағы бірнеше рәсімнен өтіп, кейін Өкілдер палатасына жіберілуі керек. Палата қыркүйекке дейін демалыста болғандықтан, заңның күшіне енуі күзге қалуы ықтимал. Бастама 11 шілдеде қайтыс болған республикашыл сенатор Линдси Грэмнің құрметіне «Ресей мен Иранға санкция салу туралы Линдси О. Грэм заңы» деп аталды. Грэм…
29 шілдеде Қазақстанның оңтүстігі мен батысында аптап ыстық сақталып, кей қалада ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада күн бұлтты болып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Жел секундына 7–12 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15 метрге дейін жетеді. Түнде 18–20, күндіз 29–31 градус жылы болады. Алматыда жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы түнде 18–20, күндіз 30–32 градусқа жетеді. Қонаевта күндіз 33–35, Талдықорғанда 30–32 градус жылы болады. Аталған қалаларда күн ала бұлтты болғанымен, жаңбыр жаумайды. Шымкентте күндіз 38–40 градус ыстық болып, жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.…










