Қазақстанда «Құрылтай» және осы атаудың бірнеше нұсқасымен тіркелген небәрі 10 азамат бар. 2026 жылғы тамыздағы мәлімет бойынша олардың алтауы ер адам, төртеуі әйел, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Сирек есімдердің қатарына «Құрылтай», «Курылтай», «Курултай» және «Курлтай» нұсқалары кіреді. Барлығы қосқанда 10 адам осы есімдердің бірін иеленген.
Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Мұнда Құрылтай есімінің түрлі нұсқасымен төрт адам тұрады.
Алматы қаласында екі адам тіркелген. Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір-бір адамнан бар.
Жас ерекшелігі де назар аудартады. Құрылтай есімді азаматтардың бесеуі 65 жастан асқан. Олардың ең үлкені 80 жаста.
Қалған төрт азамат 30-34, 50-54, 55-59 және 60-64 жас аралығындағы топтарға жатады.
Осылайша Құрылтай атауы Қазақстанда тарихи және қоғамдық-саяси ұғым ретінде кеңінен танылғанымен, адам есімі ретінде өте сирек кездеседі. Ел бойынша небәрі 10 адамның осындай есім иеленуі де соны аңғартады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







