Автор: Асылхан Бөрібай

2025–2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жалғасуда. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша барлығы 36,8 млн тонна мал азығы дайындалды. Оның ішінде: пішен – 25 млн тонна (жоспардың 101,9%), сенаж – 1,9 млн тонна (112,8%), – шоғырланған жем – 3,4 млн тонна (62,2%), сүрлем – 2 млн тонна (99,1%), сабан – 4,4 млн тонна (95,8%). Пішен дайындау жоспарының орындалуы бойынша жоғары көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан (147%), Шығыс Қазақстан (116,0%), Алматы (105,6%), Жетісу (104,5%), Ақтөбе (103,2%), Қызылорда (103,2%) және Ұлытау (102,3%) облыстарында байқалды. Сенаж дайындау бағытында жақсы нәтижелер Солтүстік Қазақстан (163%), Жамбыл (114,6%), Қостанай…

Толық оқу

Жаңа оқу жылынан бастап мектептердегі тәрбие жұмысы «Адал азамат» бағдарламасына сүйеніп жүргізіле бастады. Оқушылар еңбекті құрметтеуді, ұлттық құндылықтарды бағалауды, айналасындағы адамдарға жауапкершілікпен қарауды мектеп қабырғасынан-ақ үйренуі тиіс. Осы тақырып төңірегінде Ertenmedia.kz тілшілері Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Анар Тәңірбергеновамен сөйлескен едік. Енді соаған назар аударсаңыздар.

Толық оқу

Қазақстанда әскери білім беру жүйесі кадр даярлаудан бөлек, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды тірек салаға айналып отыр. Қазіргі замандағы соғыстың сипаты өзгерген сайын армияның да заман талабын сай өзгеруі керек екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Өзгеріс ең алдымен оқыту жүйесінен басталатынын ескерсек, елімізде офицер даярлау бағдарламалары қаншалықты жаңарды деген сұрақ туындайды. Осы ретте Ertenmedia тілшілері елімізде киберқауіпсіздік, радиоэлектрондық барлау сынды жаңа мамандықтар Қарулы күштер саласына қалай енгізіліп жатқанын білуге тырысты. Әскери білім мен ғылымның қай деңгейде дамып жатқанын білу үшін ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери білім және ғылым департаментінің басшысы Мұрат Олжабаевқа көкейге тұнған сұрақтарымызды қойып, тұщымды жауап алдық. Енді соған…

Толық оқу

Қазақстан мен Қытай арасында қазақстандық шошқа етін Қытай нарығына жеткізуге жол ашылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Шанхайда Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытайдың бас кеден басқармасы тиісті хаттамаға қол қойды. Құжатта өнімнің қауіпсіздігіне, карантин мен тексеру талаптарына қатысты барлық шарттар көрсетілген. Бұған дейін Қазақстаннан Қытайға шошқа еті мүлде экспортталмаған, ешбір кәсіпорын мұндай құқыққа ие болмаған. Енді жаңа хаттама аясында тек мұздатылған және салқындатылған ет ғана емес, сонымен қатар қосалқы өнімдер (малдың ішек-қарны, бас-сирағы, өкпе-бүйрегі) мен термиялық өңдеуден өткен ет түрін де жеткізуге мүмкіндік бар. Министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, келісім екі ел арасындағы сауда байланысын кеңейтіп, шошқа шаруашылығы мен ет өңдеу саласының дамуына серпін…

Толық оқу

Ауыл шаруашылығы министрлігі елге сырттан тасымалданатын тауық жұмыртқасына бір айға тыйым салмақ, деп хабарлайды Ertenmedia. Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасына сәйкес, шектеу Еуразиялық экономикалық одақ елдерін қоса алғанда, барлық мемлекеттен әкелінетін жұмыртқаға қатысты болады. Тек транзитпен өтетін жүкке ғана рұқсат беріледі. Министрлік өкілдері осы қадам ішкі нарықты қорғап, отандық құс фабрикаларына қолдау көрсету мақсатында қабылданғанын айтты. Аталған шешімді Сыртқы сауда саясаты жөніндегі ведомствоаралық комиссия биыл 8 қазанда мақұлдаған. Сондай-ақ, министрлік алдағы уақытта Қазақстаннан экспортталатын қой- ешкіге алты айлық квота енгізуді ұсынып отыр. Яғни жарты жыл ішінде шетелге сатылатын ұсақ малдың саны 120 мың бастан аспауы тиіс. Осы шара елдегі…

Толық оқу

Саясаттанушы Досым Сәтпаев Ақорда пен Үкіметтің экономикалық реформаға қатысты соңғы шешіміне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, президент Тоқаев премьер Бектеновке «экономикалық саясатты халықтың мүддесіне қарай бейімдеу» туралы пәрмен берген. Артынша Үкімет осы тапсырманы орындау үшін апыл-ғұпыл жиын өткізіп, «кабминнің» бұған дейін қабылдаған шараларының салдарымен күресуге кірісіп кеткен. «Түсінгеніміз, үкіметтің осыған дейінгі істеген тірлігі халықтың мүддесіне қайшы келген болып тұр ғой. Жыл басынан бері желідегі қауым мен шағын-орта бизнес өкілдері де осыны қақсап айтып келді. Айналып келгенде мәселеге Тоқаев араласты, Ақорданың тоқпағы керек болды», – дейді Сәтпаев. Саясаттанушы бүгінгі дүрбелеңнің тегін емесін, мұның артында тақап қалған референдум мен…

Толық оқу

Ұлыбритания ресейлік «Лукойл» мен «Роснефть» компаниясын «қара тізімге» енгізгенімен, олардың Қазақстандағы бірқатар ірі мұнай-газ жобаларына қатысты қызметін шектемейтін болды, деп хабарлайды Ertenmedia. Forbes-тың мәліметінше Британ үкіметі екі компанияның Қазақстан мен Әзербайжандағы стратегиялық жобаларда жұмыс істеуіне рұқсат берген. Әсіресе, Қазақстан үшін маңызды Каспий құбыр консорциумы (КТК), «Теңізшевройл» (ТШО) және Қарашығанақ жобасы ерекше аталып, орыстардың осы жобадағы қызметін санкциядан уақытша босату қарастырылған. Аталған жеңілдік 2027 жылдың 14 қазанына дейін жалғасады. Ресейлік компаниялар Қазақстанның мұнай-газ саласына дендеп еніп алған. Атап айтсақ «Лукойл» компаниясы «Теңізшевройлдың» 5 пайыз, ал Қарашығанақ жобасының 13, 5 пайыз үлесіне ие. Бұдан бөлек, 2023 жылы «ҚазМұнайГаз» бен «Лукойл» Каспий теңізінің…

Толық оқу

Қазақстан үкіметі бензин мен коммуналдық қызмет бағасының өсуіне мораторий жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қазаннан бастап елде инфляцияны ауыздықтап, халық пен бизнесті қолдауға бағытталған шаралар іске қосылады. Атап айтқанда, инфляциялық жағдай тұрақталғанша АИ-92 маркалы бензин мен дизель бағасы қымбаттамайды. Сондай-ақ 2026 жылдың бірінші тоқсаны аяқталғанша коммуналдық қызмет тарифтерінің де өсуіне жол берілмейді. Тарифті тұрақтандыру коммуналдық саладағы шығындарды оңтайландыру есебінен жүзеге асады. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жаңа бастамалар қолға алынып жатыр. Мәселен, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салық тексеруі, камералдық бақылау және келісімшарттарға қатысты сот талаптары тоқтатылады. Бұдан бөлек, жеңілдетілген…

Толық оқу

Еліміздің орталық өңірлерін Қытаймен жалғайтын стратегиялық маңызы зор «Қалбатау–Майқапшағай» күре жолының құрылысы аяқталып, қозғалыс ашылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Жалпы ұзындығы 415 шақырым болатын халықаралық дәліздің құрылысы толықтай жаңартылып, ел игілігіне берілді. Тәуелсіздік алғаннан бері 30 жыл бойы жөндеу көрмеген жолдың бойына 37 көпір, екі жолайрық, екі жол өткелі, 349 су өткізгіш құбыр мен бес демалыс алаңы салынған. Жоба президент Тоқаевтың тапсырмасымен, елдің транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында іске асырылып отыр. Жобаны қаржыландыруға Қытайдың Экспорттық-импорттық банкі мен республикалық бюджеттен қаражат бөлінген. Абай облысының әкімі Берік Уәли жолдың ашылу рәсімінде дәліздің өңір үшін маңызы зор екенін атап өтті. «Президент Қазақстан халқына Жолдауында өңірлер…

Толық оқу

Ақорда мен Ақ үй қырғиқабақ соғыс заманынан қалған сауда шектеуінен құтылуға жақын, деп хабарлайды Ertenmedia. «Орта Азия жаһандық геосаяси пазлдың маңызды бөлшегі болады» деген әулие Бжезинскийдің болжамы ақиқатқа айналуда. Уашингтонға жұмыс сапарымен барған вице-премьер, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин АҚШ Конгресі мүшелерімен кездесуде атышулы Джексон–Вэник түзетуін алып тастауды екі сағат бойы талқылаған екен. Әзірге екі ел арасындағы сауда-саттыққа осы түзету ресми түрде кедергі келтіріп тұр. Жұманғарин аталған шектеуді жою процесін Конгресс тездетеді деген үмітте. Министрдің айтуынша, Қазақстан америкалық инвесторлар үшін сенімді серіктес және бизнесті кеңейтуге ашық ел. Ол АҚШ Сауда палатасының өкілдерімен кездесуде екі ел арасындағы әріптестікті білім беру, цифрландыру…

Толық оқу