Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған қаржының тиімсіз жұмсалғаны анықталды. Монополияға қарсы агенттіктің тексерісі бұл саладағы жүйелік мәселелерді ашып көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Тексеріс нәтижесінде Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) өз міндетін толық орындамай, керісінше нарықтағы тепе-теңдікті бұзғаны белгілі болды. Кей жағдайларда қаржылық тәртіп сақталмай, әділетсіз артықшылықтар берілген. Мәселен, бір ғана қарыз алушыға 489 млн теңге көлеміндегі заем бірнеше рет қайтарымсыз ұзартылған. Осындай тәсілмен жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден асатын қарыздар да қайта құрылымдалған. Сонымен қатар кей кәсіпкерлерге пайызсыз әрі жеңілдетілген несиелер берілгені анықталған. Бұл әрекеттер нарықтағы басқа қатысушыларға тең емес жағдай туғызып, бәсекеге кері әсер еткен. Бюджет қаржысының игерілуіне қатысты…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қарағандыда алғаш рет өткен Leasing Day 2025 форумы кәсіпкерлікке жаңа қаржылық құрал ұсынған маңызды алаңға айналды. Бұл шара лизингтің тек теория емес, нақты жұмыс істейтін механизм екенін көрсетіп берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Форумға 300-ге жуық кәсіпкер, қаржы ұйымдары мен мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты. Негізгі мақсат – лизингті шағын және орта бизнес үшін қолжетімді әрі тиімді құрал ретінде таныстыру. Жиында Қарағанды кәсіпкері Қайрат Құрымбаевтың тәжірибесі ерекше назар аудартты. Ол дәстүрлі банктік несиеге жүгінбей, коммерциялық жылжымайтын мүлікті лизинг арқылы рәсімдеген алғашқы кәсіпкерлердің бірі болды. «Алғашында күмән болды. Бірақ нәтижесінде лизингтің тиімді екенін көрдім. Ең бастысы – кепіл сұралмайды, бизнеске қосымша мүмкіндік береді»,…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай Батыс Қазақстан облысында «Еңбек. Адам. Құрмет» атты фестиваль өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл айтулы шараның басты мақсаты – ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарының еңбегін бағалау, оларға құрмет көрсету және жас ұрпаққа үлгі ету. Фестивальге әр салада тер төгіп жүрген еңбек адамдары қатысты. Іс-шара барысында еңбек адамдарының өмір жолы, кәсіби жетістіктері мен еңбекке деген адал көзқарастары насихатталды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, таңдаған мамандығына деген мақтанышын білдірді. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өз сөзінде Мемлекет басшысының: «Еңбек адамына құрмет көрсету – мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі.…
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмысы жалғасып жатыр. Қала билігі бағаның шарықтап кетуіне жол бермеу үшін өндірушілермен тікелей жұмысқа көшіп, нақты тетіктерді іске қосты, деп жазады Ertenmedia.kz. 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы Алматыда 8,4 пайызға өскен. Бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден небәрі сәл ғана жоғары. Алайда қала әкімдігі мұндай өсімді тежеу үшін жүйелі шараларды күшейтіп отыр. Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов осы бағытта жергілікті бюджеттен 12 млрд теңге бөлінгенін айтты. Оның 8,3 млрд теңгесі өнімді өндірушіден тікелей жеткізуге және Magnum сауда желісінде…
Қазақстанда халықты сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа Су кодексі қабылданып, саланы реттеудің негізгі қағидаттары айқындалған. Кодекстегі басты бағыттардың бірі – халықтың ауыз суға әділ әрі тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қазіргі таңда республика бойынша 100% ауыз сумен қамту мақсатында су жүйелерін салу және жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл – инфрақұрылымды жаңғырту арқылы тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған негізгі міндеттердің бірі. Сонымен қатар мемлекет тарапынан ауыз судың бағасын төмендету үшін…
Биылғы жиын-терін науқаны ауылдағы еңбектің шынайы бағасын тағы бір мәрте көрсетіп берді. Табиғаттың тосын мінезіне қарамастан, шаруалар өз жұмысын тоқтатпады, техника уақытында іске қосылып, астық көздеген межеден асып түсті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ауыл шаруашылығы министрлігі алдын ала дизель отынын бөліп, техникалық қамтамасыз етуді күшейткенінің арқасында биылғы науқанды жүйелі түрде аяқтауға мүмкіндік туды. Айтпақшы, биыл майлы дақылдардың көлемі артып, егістікті әртараптандыру жұмыстары нақты нәтиже бере бастағанын ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Ertenmedia.kz сайты тілшілеріне әңгімелеп берді. – Азат мыраза, бүгінде еліміздегі жиын-терін жұмыстары толық аяқталуға жақын қалды. Биылғы жиын-терін жұмыстары қалай өтті. Қанша астықты қамбаға бастырдық осыдан әңгімемізді бастасақ? – Еліміздегі жиын…
Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында орналасқан «Керуен» агрофирмасы бүгінде еліміздегі ауыл шаруашылығы саласындағы ең озық өндірістік үлгілердің бірі саналады. Бұл кәсіпорын жеміс өсіруден бастап, дайын шырын мен джем шығаруға дейінгі толық циклді іске асырып отырған заманауи агробизнес құрылымы. Әр өнім Vitamina брендімен нарыққа шығып, қазақстандық тұтынушылардың сеніміне ие болып үлгерді, деп жазады Ertenmedia.kz. 1999 жылы іргетасы қаланған компания алғашқы жылдары медициналық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру мен коммерциялық нысандар салу бағытында жұмыс істеген. Уақыт өте келе кәсіпорын өз әлеуетін ауыл шаруашылығы саласына бұрып, 2009 жылы экологиялық таза өнім өндіруге маманданған арнайы бөлімше ашты. Осы сәттен бастап «Керуен» компаниялар тобының басты…
Әлемдік жарыс аренасында Қазақстанның атын танытып жүрген ArtLine Kazakhstan командасы жаңа маусымға тың серпінмен кірісті. Аталған команда еліміз тарихында Lamborghini Super Trofeo Europe сериясына ресми түрде қатысып, халықаралық деңгейде өз жалауын көтерген алғашқы кәсіби ұжым, деп жазады Ertenmedia.kz. ArtLine Kazakhstan командасының негізін қалаушы әрі рухани көшбасшысы Шота Абхазав бала күнінен көлік тізгіні мен жылдамдық әлеміне ғашық болған адам. Оның автоспорттағы жолы студенттік шағынан басталып, «Астрада» және «Гардарика» секілді жарыс көліктерін құрастыру жобаларынан қалыптасқан. ArtLine-ның тарихы жиырма жылдан астам уақытқа созылады. 1999 жылы италиялық Фабио Бабини Формула 5 жарысында команданың алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ал екі жыл өткен соң Маурицио Медиани…
Астана қаласындағы № 103 мектепте 8-11 сынып оқушыларына арналған «Білім берудегі инновациялар» қалалық STEM олимпиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олимпиаданың мақсаты оқушылардың ғылымға, технологияға, инженерия мен математикаға деген қызығушылығын арттыру, зерттеу дағдыларын дамыту және дарынды жастарды қолдау. Іс-шараны Астана қаласының әкімдігі мен «Aстана Innovations» АҚ ұйымдастырып, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, «Астана дарыны» дарынды балалар мен таланты жастарды анықтау және қолдау орталығының, Астана қаласының білім басқармасының және «STEM Academia» ЖШС қолдауымен өткізілді. STEM олимпиадасын ұйымдастырушылардың бірі Мағжан Қыстаубаев бұл байқаудың балаларға не үшін керек екенін түсіндіріп берді. – Біздің олимпиадамыз үлкен мұхитқа…
Қазақстандық футбол клубтары жекенің қолына өтпек деп хабарлайды Ertenmedia. Президент Тоқаев кәсіпқой футбол командаларын мемлекет есебінен асырауды тоқтатуды тапсырған еді. Осы орайда депутаттық сауалға жауап қатқан премьер Бектенов футбол клубтарын сатып алуға ірі бизнес өкілдері мен компаниялар қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Үкімет басшысы атап өткен инвесторлар қатарында Central Asia Fuel and Energy Company (иесі Сергей Кан) «Қызыл-Жар» клубын сатып алуға дайын. Freedom Finance негізін қалаған Тимур Турлов «Шахтер» клубына арнайы стадион мен футбол академиясын тұрғызуды көздейді. Ал Михаил Ломтадзенің Kaspi Group компаниясы елордалық «Жеңіс» клубын иеленіп, Астанада футбол инфрақұрылымын дамытпақшы. TAU GROUP LTD басшысы Ислам Қозыбақов өз кезегінде «Қайсар» клубын…










