Батыс Қазақстан медицина университетінің бұрынғы ректоры Әсет Қалиев пен кәсіпкер Инессә Мұтырғанова пара ісі бойынша сегіз жылға сотталды, деп хабарлайды Ertenmedia. 2022 жылдың күзінде ректор қызметіне тағайындалған Қалиев көп ұзамай ескі танысы, кәсіпкер Инессә Мұтырғанованы тауып алады. Қалиевтің ұсынысы бойынша университет жанынан онко науқастарды оңалту бөлімшесін ашу жоспарланған. Бұған Samruk-Kazyna Trust қорынан ақша алынуы тиіс болған. Ректор қордан ақша суырудың схемасын алдын ала ойластырған. Мұтырғанова өзіне бағынышты компаниялар атынан мед.жабдықтар туралы коммерциялық ұсынысты Қалиевке жолдайды. Кейін дәл осы компаниялар бөлінген ақшаны игеруге арналған тендерді ұтып алады деп келісілген. Көп ұзамай жоспар іске асады. Қор университетке 250 миллион теңгеге жуық қаржы…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бүгін Маңғыстау облыс әкімінің бірінші орынбасары Асхат Ораловтың Азаматтарды қабылдау орталығында өткізген жеке қабылдауы болды. Әкім орынбасары адаммен бетпе-бет отырып, мұңын тыңдаудың үлгісі. Қабылдауға келген әрбір азамат айтар ойын іркіп қалмай, өңірдегі өзекті мәселелерді ашық жеткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Кейбірі жұмыссыздық жайлы уайымдаса, енді бірі ауылдағы ескі амбулаторияның жағдайын айтты. Көше жарығы мен ауызсу құбырынан бастап, спорт нысандарының жоқтығына дейін сөз болды. Асхат Оралов әр өтінішке мұқият құлақ түріп, қайсысы заң аясында шешіледі, қайсысына уақыт керек екенін ашық түсіндіріп отырды. – Халықпен байланыс жұмыстың жүрегі. Біз атқарушы билік ретінде, әрбір айтылған мәселеге немқұрайлы қарамауымыз керек. Кез келген шешім – адамның…
Атырау облысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және көшбасшылық қабілеттерін дамыту мақсатында «XXI ғасыр көшбасшылары» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Іс-шара Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының, «Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының» және Атырау студенттері Альянсының ұйымдастыруымен, сондай-ақ Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қолдауымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында өтті. Зияткерлік додаға өңірдегі 12 колледж және 2 жоғары оқу орнынан құралған студенттік командалар қатысты. Қатысушылар заң, тарих және жалпы білім тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап беріп, өздерінің логикалық ойлау қабілеті мен көшбасшылық қасиеттерін көрсетті. Сайыс нәтижесінде бірінші орынды Атырау жоғары медициналық колледжі, екінші…
Танымал режиссер Ермек Тұрсынов араға аз уақыт салып елге қайта оралды. Оның Қазақстанға келгенін экс-саясаткер Болат Әбілов растап отыр, деп жазады Ertenmedia. Әбілов досының қысқа мерзімді «қуғын-сүргіннен» аман-есен оралғанын қуана хабарлаған екен. Бес айға жуық бөгде елде өмір кешкен Тұрсыновпен арадағы әңгіме ел ішіндегі ахуал, әлемдегі дүрбелең төңірегінде өрбіген. «Қайда қарасаң аласапыран, шиеленіс, дағдарыс. Осындайда дүниеге даналық биігінен қарау маңызды», — деп толғаныпты Әбілов. Экс-саясаткер Тұрсыновтың тұлғалық болмысына тамсанып, оның Қазақстан атынан үш рет «Оскарға» ұсынылғанын еске салыпты. Айтуынша, режиссердің шығармашылық шабыты енді-енді ашылып келеді, Ермектің отандық киноға әлі де берері мол. Айта кетсек, мамырдың ортасында Тұрсынов Қазақстаннан біржола кетіп…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің дамуына қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында маңызды ойларымен бөлісті. Әкімнің айтуынша, Алматы облысы бүгінде жаңа мүмкіндіктерге толы аймаққа айналып келеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Соңғы үш жыл ішінде халықтың өмір сапасын арттыру бағытында жүйелі қадамдар жасалды. Әсіресе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жаңғыртылуы, жаңа мектептердің салынуы және әлеуметтік нысандардың көбеюі облыстың экономикалық және әлеуметтік әлеуетін арттырды. Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, ең өзекті мәселелердің бірі болған үш ауысымды мектептер проблемасы кезең-кезеңімен шешіліп келеді. – Бұрын 52 мектеп үш ауысымда білім берсе, қазір олардың саны 28-ге дейін азайды. Мұны өңірде білім саласына жасалған нақты инвестицияның нәтижесі десек болады. Жаңа мектептер мен…
ХІІ Азаматтық форум қарсаңында Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесуі өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жиын барысында Аида Балаева соңғы уақытта ҮЕҰ мен салалық министрліктердің басшылары арасында онға жуық кездесу өткенін атап өтті. Бұл байланыс азаматтық қоғамды толғандыратын бірқатар өзекті мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді. Министрдің пікірінше, бүгінгі жиын азаматтық сектормен әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ. – Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы серіктестікті арттырудың маңызын атап өтіп, ҮЕҰ туралы заңнаманы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың критерийлерін жетілдіруді тапсырды.…
Қазақстанда Сенат жойылып, Парламент бір палаталы жүйеге көшеді. Бүгін осы өзгерісті әзірлейтін жұмыс тобы құрылып, оның жетекшілігіне Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia. Жаңа парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев пен ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев орынбасар болып бекітілген. Ақорда таратқан мәліметке сәйкес, топтың құрамында Сенат пен Мәжіліс депутаттары, саяси партиялар жетекшілері, Президент әкімшілігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, заңгер-ғалымдар, саясаттанушылар, Ұлттық құрылтай мүшелері және ғылыми институт басшылары бар. Жұмыс тобы Президент Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты биылғы Жолдауында айтылған парламенттік реформаға қатысты нақты ұсыныстар дайындайды. Реформа аясында…
Қазақстанның жер қойнауын зерттеу ісі түбегейлі өзгереді. Осы саладағы инвестициялық саясатқа жаңа тыныс беретін заң жобасы Мәжіліске келіп түсті, деп хабарлайды Ertenmedia. Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин құжаттың президенттің Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған міндеттерді орындауға бағытталғанын атап өтті. Президент тапсырмасына сәйкес, 2026 жылға қарай елімізде геологиялық және геофизикалық зерттеу жүргізілген аумақ көлемі қазіргі 1,5 млн шаршы шақырымнан кем дегенде 2,2 млн шаршы шақырымға жетуі тиіс. Қазір Қазақстан мұнай-газ өндірісінде негізінен үш кен орны Теңіз, Қашаған мен Қарашығанаққа ғана тәуелді. Өзге кен орындары сарқыла бастаған. Сондықтан жаңа мұнай-газ қорларын табу тек экономикаға қатысты емес, елдің энергетикалық тәуелсіздігі…
Мәжілісте атышулы Құрылыс кодексінің жобасы қызу талқыға түсті. Осы заңның қабылдануы құрылыс нарығындағы былық пен берекесіздіктің түйінін тарқатып, халықтың қауіпсіз әрі жайлы баспанада тұруын қамтамасыз етпек, деп хабарлайды Ertenmedia. Депутат Бақытжан Базарбектің айтуынша, осынау құжат мемлекет, құрылыс компаниялары және қоғам арасындағы өзіндік үшжақты келісім іспеттес. Осы күнге дейін құрылыс саласында заң емес, қалталы компаниялар мен оларды қолдаған лоббистердің дегені жүріп келген. Соның кесірінен Алматы секілді ірі шаһарларда тұрғын үйлер мен ресторандар тау бөктеріне, қауіпті сейсмикалық аумақтарға салынып, саябақ пен демалыс орындарының орнын бетонды геттолар басқан. «30 жыл бойы құрылыс компанияларының ығына жығылып, олардың мүддесін бірінші орынға қойдық. Адам тағдырын, тұрғындардың…
Түркістан облысы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесінде өңір тұрғындарын жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Бұл жолы азаматтарды облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қабылдауға келген жергілікті тұрғындар спорт, қоғамдық даму саласы мен өзге де тақырыптарға байланысты мәселелер көтерілді. Оның ішінде пара спортшыларға қолдау көрсету, қоғамдық шараларды ұйымдастыру бағыттарының маңыздылығы сөз болып, ұсыныстар талқыланды. Сонымен қатар бір тұрғын қоғамдық бірлестік атынан әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғысын білдірді. Қабылдауға тиісті басқарма басшылары, жауапты мамандар қатысып, туындаған мәселенің оңтайлы…
