Автор: Асылхан Бөрібай

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қаралды. Премьер-министр Мемлекет басшысы Жолдауда елімізді дамудың жаңа деңгейіне көтеру үшін жүйелі шаралар кешенін қабылдауды тапсырғанын атап өтті. Үкіметтің алдына экономикаға, агросекторға және логистика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша нақты міндеттер қойылды. – Біз Президенттің инвестициялық ахуалды жақсарту, негізгі салаларды жаңғырту, мемлекеттің тиімділігін арттыру және мұқтаж адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған стратегиялық бастамаларын іске асыру үшін нәтижелі шаралар қабылдаймыз. Жаппай цифрлық трансформация, экономиканы…

Толық оқу

Әлемжеліде миллиондаған оқырманы бар блогер Елмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік іс қылмыстық іске ауысуы мүмкін. Туризм және спорт министрлігіне қарасты Ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу комитетінің өкілі Әбдел Балтатегі сотта осындай ұсыныс айтты деп хабарлайды Ertenmedia. Комитет өкілі істі әкімшілік құқық бұзушылық шеңберінде қарауға болмайтын сұрақтар туындағанын жеткізді. «Мәселен, Төлегенова жарнамалаған «Zhana Business» ЖШС-ы курсының нақты құндылығы неде? Оның артында қандай да бір ұйымдасқан қауымдастық бар ма? Курс бағасының негізі қандай? Ұтыс жеңімпаздарын анықтауға арналған автоматтандырылған бағдарламаның алгоритмі қандай? Неліктен жеңімпаздар тікелей эфирдегі лототрон арқылы емес, түсініксіз онлайн жүйе арқылы анықталды? Мұның барлығы Төлегенованың әрекетінде қылмыстық іске жататын алаяқтық немесе…

Толық оқу

Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіров Алматы әуежайында жасаған бұзақылығы үшін айыпты деп танылып, 78 640 теңге көлемінде айыппұл арқалады деп хабарлайды Ertenmedia. Алғашқы сот отырысында судья Әбдіровтің әрекетінен құқық бұзушылық құрамын таппай, істі жылы жауып тастаған болатын. Алайда әуе көлігі прокуратурасы мұнымен келіспей, қайта шағым түсірген. Апелляциялық сот Әбдіровтің іс-әрекетін егжей-тегжейлі қарап, 27 тамызға қараған түні Алматы әуежайының аумағында прокурордың автобуста жолаушылардың мазасын алып, қоғамдық тәртіпті бұзғанын дәлелдеді. Оның кінәсін оқиға куәгерлері мен полиция материалдары да растаған. Осылайша сот алғашқы шешімді өзгертіп, Әбдіровке 78 640 теңге айыппұл салды. Ақтау прокурорының атышулы оқиғасы қоғамда «мас дебош» ретінде қызу талқыланып, Маңғыстау облысының…

Толық оқу

Алматы облысында ауыл спортының ең ірі додаларының бірі – «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды. Салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар, бапкерлер және спорт сүйер қауым жиналды. Биылғы ойындар он күнге созылып, ауылдық жерлерден шыққан дарынды спортшыларға өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ақ бидай» турнирінің басты мақсаты – ауыл жастары арасынан үздіктерді іріктеп, олардың кәсіби спортқа жол табуына ықпал ету. Жарыс бағдарламасына 20 спорт түрі енгізілген. Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым да қатысушыларға сәттілік тілеп, ауыл спортының ел болашағы үшін маңызын атап өтті. «Баршаңызды республикалық VIII «Ақ бидай – 2025» ауыл спорт ойындарының ашылуымен…

Толық оқу

Черногория Қазақстан сұратқан Дина Тәңсәріні қайтарудан бас тартты, деп хабарлайды Ertenmedia. Осы елдің Жоғарғы соты құқық қорғаушыны экстрадициялау туралы Бас прокуратураның өтінішін қабылдамай тастады. Сот шешімі күшіне енген. Осылайша, «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Тәңсәрі мен жұбайы Алмат Мұхамеджанов Черногорияда саяси босқын мәртебесіне ие болды. Бұл оларға халықаралық шараларға қатысып, Қазақстандағы әйелдер құқығының бұзылуы туралы ашық айтуға мүмкіндік береді. Құқық қорғаушы биыл сәуірде Подгорицада ұсталған еді. Бірақ тергеу соты оны келесі күні-ақ босатқан. Қазақстан билігі Тәңсәріге қарсы қылмыстық істі 2023 жылы «алаяқтық» бабы бойынша қозғаған болатын. Кейінірек ол Қазақстан президентіне үндеу жариялап, Ішкі істер министрлігі тарапынан өзіне қарсы саяси астары бар…

Толық оқу

Енді жүргізушілер сапасыз жолдарға ақша төлемейді, деп хабарлайды Ertenmedia. 15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы жолдарды пайдалану тәртібі өзгерді. Жол бетінде қозғалысқа қауіп төндіретін ақаулар анықталса, сол бөлігіне төлем жасалмайды. Жаңа ереже биыл мамырда Индустрия және көлік министрлігінің ұсынысымен бекітілген. Елде жалпы саны 27 ақылы трасса бар. Жүз шақырымдық жолдың бес шақырымы бүлінсе, жүргізуші тек ақауы жоқ 95 шақырымға ғана ақша төлейді. Жолда ақау анықталған бойда төлем жүйесі автоматты түрде тоқтайды да, жөндеу аяқталған соң қайта қосылады. Жолдардың жағдайын тұрақты түрде ұлттық оператор тексереді. Бұған қоса, ақаулар мен ой-шұқырлар туралы жүргізушілердің өздері де тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне…

Толық оқу

Соңғы бірнеше күнде еліміздің әр аймағында ірі жол апаттары тіркеліп, салдарынан ондаған адам қаза тапты деп хабарлайды Ertenmedia. 11 қыркүйекте Маңғыстау облысында шағын автобус аударылып, 10 адам көз жұмған. Ал 14 қыркүйекте Жетісу облысында үш автокөлік бетпе-бет соқтығысып, тағы 10 адам қаза болды. Осы күні Қарағанды облысында болған жол апатынан бес адам мерт болды. Ішкі істер министрлігі марқұмдардың жақындарына көңіл айтып, барлық оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу жұмысы басталып кеткен. «Бұл жай ғана жол-көлік оқиғасы емес, орны толмас қаза. Жол қателікті кешірмейді! Жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығу, қауіпті маневрлер жасау және қауіпсіздік белдігін тақпау өлімге әкелетін негізгі…

Толық оқу

Қарағанды облысында теміржолдағы жанармай ұрлығы жаппай етек жайған. Ащысу станциясын төңіректеген қылмыстық топ бірнеше ай бойы жүк вагондарынан дизель отынын ұрлап келген деп хабарлайды Ertenmedia. Ішкі істер министрлігі мен ҰҚК-ның бірлескен операциясы нәтижесінде ұрлықтың 28 дерегі әшкереленіп, 17 күдікті қолға түсті. Тінту барысында қылмыстық топтың қоймасынан жарты тоннаға жуық дизель отыны, бос канистрлермен қатар, заңсыз қару-жарақ пен есірткі тәркіленген. Тіпті, қылмыскерлерден табылған қарудың бірі 2017 жылдан бері Ресейдің ішкі істер органында жоғалған ретінде тіркелген. «Жалпы саны 14 тінту жұмысы жүргізілді. Қоймалардан қарумен бірге 26 оқ-дәрі, жеті ұялы телефон және есірткі заттары табылды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері. Қазіргі таңда осы…

Толық оқу

Түркістан қаласында Орта Азияда теңдесі жоқ спорт кешендері бар «Ескек есу» арнасы ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «спорт инфрақұрылымын дамыту мен жаңа кешендерді салу» жөнінде нақты тапсырмалар берді. Осы бағытта облыста 112 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл тек инфрақұрылымды дамыту ғана емес, жастардың болашағына салынған инвестиция, тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға жасалған нақты қадам. Бірегей спорт нысанының ашылу салтанатына орай «Turkistan Water Fest & Sky Lights» атты ауқымды мәдени-спорттық іс-шара өтті. Салтанатты шараға арнайы келген ҚР Туризм және спорт министрі Е.Мырзабосынов, Есу спорты түрлері бойынша «Қайық» федерациясы АҚБ президенті А.Мерғалиев, Байдарка мен каноэ есу халықаралық федерациясының…

Толық оқу

Еліміздің 20 өңірінде бір уақытта жасанды интеллект бойынша «Decentrathon 4.0» атты хакатон өтіп жатыр. Бұл — ауқымды іс-шара. IT саласындағы талапты жастардың басын қосатын сайыс. Shymkent Hub орталығында да дарынды жастар бас қосып, бағын сынауда. Шымкент хабтың аймақтық менеджері Құрманғазы Мұратовтың айтуынша, кезекті хакатонға IT саласына қызығушылығы бар 171 команда қатысып жатыр. Олар жасанды интеллект, блокчейн тақырыптары бойынша тапсырмаларды орындап, жаңа жоба жасап шығуы керек. Қатысушылар өзекті мәселелердің жаңа шешімдерін, инновациялық идеялар ұсынуы тиіс. Хакатонның жалпы жүлде қоры — 50 мың АҚШ доллары. Бұған дейін Шымкентте Орта Азияда алғаш рет әлемдік блокчейн индустриясының ең ірі хакатондарының бірі – Decentrathon 2…

Толық оқу