Ғылым ордасы – қазақ ғылымының алтын діңгегі, еліміздің рухани және ғылыми өміріндегі аса маңызды мекеме. Ол тек өткеннің құнды мұрасын сақтап қоймай, бүгінгі ғылыми жаңалықтар мен болашаққа бағытталған іргелі зерттеулердің орталығы ретінде қызмет атқарады. Ғылым ордасының негізі ХХ ғасырдың ортасында қаланды. 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылып, оның тұңғыш президенті болып академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тағайындалды. Ұлт ғылымының негізін қалаушы Қ.Сәтбаевтың бастамасымен түрлі саладағы ғылыми институттар мен зертханалар ашылып, ғылыми кадрлар даярлау жүйесі қалыптасты. Қазіргі Ғылым ордасы – сол тарихи кешеннің заңды жалғасы. 1948–1957 жылдары кеңестік классикалық сәулет үлгісімен салынған кешен 12 павильоннан тұрады, құрамына бірнеше ғылыми-зерттеу институттары мен…
Автор: editor
Қазақстанға 2025 жылдың басынан бері Қытайдан келген туристер саны 665 мың адамға жетті. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев хабарлады деп жазады Ertenmedia. Оның айтуынша, туристер санының күрт артуына Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің енгізілуі, сондай-ақ екі ел арасында жаңа әуе бағыттарының ашылуы оң ықпал еткен. Биыл Қазақстан мен Қытай арасында тікелей әуе рейстері едәуір көбейді. Атап айтқанда, Алматыға Гуанчжоу, Чэнду және Шанхай қалаларынан, сондай-ақ Шымкентке Шанхай мен Сиань қалаларынан жаңа рейстер ашылды. Бұған қоса, 29 мамырда «Сиань – Алматы» бағытындағы алғашқы туристік пойыз да іске қосылды. Бастама «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті аясында жүзеге асып,…
Абай облысының әкімі Берік Уәли семейлік 7 жастағы баланы тапқан полиция қызметкерлерін марапаттады,- деп хабарлайды Ertenmedia Аймақ басшысы Абай облысы Полиция департаменті Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Бекен Асыл мен Дархан Жұмағалиевке көрсеткен батылдығы мен кәсіби шеберлігі үшін Алғыс хат табыстап, олардың әрекеті баршаға үлгі екенін атап өтті. «Бүгін – қос мереке. Тек мемлекеттік қызметшілер күні ғана емес, Қазақстан Республикасының полиция күні. Сіздерді ең әуелі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Үйінен шығып кетіп, жоғалып кеткен 7 жастағы баланы ата-анасымен аман-есен қауыштырып, үлкен ерлік жасадыңыздар. Қиын сәтте батылдық танытып, өз міндеттеріңізге адал екендіктеріңізді тағы бір мәрте дәлелдедіңіздер. Баланы іздеуге атсалысқан полиция, төтенше жағдайлар қызметі,…
Елордада өткен ерекше дрон-шоуға ондаған мың көрермен жиналды. 20 минутқа созылған мерекелік бағдарлама барысында аспанда заң, тәртіп және қауіпсіздік тақырыбына арналған түрлі-түсті жарық композициялар бейнеленді,- деп хабарлайды Ertenmedia Шоуға 550 дрон қатысты. Бұл көрініс Қазақстан полициясы күніне арналған кең ауқымды іс-шаралар бағдарламасының бір бөлігі болды. Еске сала кетейік, Астанада «Заң және Тәртіп» қағидаты жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында түрлі шаралар – акциялар, рейдтер, тұрғындармен кездесулер, профилактикалық дәрістер өткізіледі. Игі бастаманың басты мақсаты – халық арасында құқықтық мәдениетті нығайту және заңға бағыну құндылықтарын дәріптеу.
Өткен апта қазақ спорты үшін олжалы апта болды. Ел намысын қорғаған саңлақтарымыз жүлделі орындарға қол жеткізіп, көк байрағымызды жілбіретті. Енді осыған аз-кем тоқтала кетсек. Ақмарал Ерекешеваның тарихи алтыны 16-23 маусым күндері Болгария астанасы Софияда өткен юниорлар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Аталған жарысқа 7 спортшымыз қатысып, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, Ақмарал Ерекешева үш бағдарламада финалға шығып, доп және лента жаттығуларында алтын, шығыршық жаттығуында күміс медаль жеңіп алды. Осылайша, жерлесіміз тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін жерлестеріміздің ең үздік нәтижесі – 4-орын болатын. Олимпиада чемпиондарымен шеберлік байқасты 16-23 маусым күндері Индонезияның Бали қаласында өткен семсерлесуден сары құрлық…
Еуропалық Конвенция Еуропа Кеңесіне мүше 46 мемлекетті, сондай-ақ ұйымға кірмейтін төрт елді – Израиль, Оңтүстік Корея, Моңғолия және Чилиді біріктіреді. Қазақстанның осы тетікке қосылуы елдің халықаралық құқықтық стандарттарға бейілділігін растайды және оның қылмысқа қарсы жаһандық күрестегі рөлін күшейтеді. Конвенцияға қосылу әлемдік қоғамдастықтың Қазақстанның демократиялық институттар мен құқық үстемдігін нығайтудағы елеулі прогресін мойындауын, сондай-ақ еліміздің халықаралық беделінің өсуін айқын көрсетеді. Мұндай маңызды қадам Мемлекет басшысы бастаған дәйекті және ауқымды саяси реформалардың арқасында мүмкін болды. Қазақстан Еуропа Кеңесімен және оның құрылымдарымен 1997 жылдан бері ынтымақтасып келеді. Қазақстан Еуропа Кеңесі мүшелерінің қатарына кірмесе де, ҚР ішінара және кеңейтілген келісімдер арқылы ұйыммен әріптестікті белсенді…
Қазақстанда “Заң мен Тәртіп” жаңа цифрлық сервисі іске қосылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Ішкі істер министрлігі “Заң мен Тәртіп” атты жаңа цифрлық сервисті іске қосты – енді азаматтар құқық бұзушылықтар туралы полицияға тікелей Egov Mobile қосымшасы арқылы хабарлай алады. Қосымшаның басты бетінде арнайы “Заң мен Тәртіп” түймесі пайда болды. Сол арқылы хабарламаны жедел жолдауға болады. Өтініш беру қарапайым әрі түсінікті. Қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы немесе балаға төнген қауіп сияқты жағдайлар туралы дабыл бірден полицияға түседі және полиция қызметкерлері хабарлама түскен сәттен бастап әрекет етеді. Осындай түймелер кейбір банк қосымшаларына да интеграцияланған, бұл сервисті кең аудитория үшін қолжетімді…
Алматының өнеркәсіптік келбеті күн санап өзгеріп келеді. Қаланың тек мәдениет пен сауданың ғана емес, өндірістік өсімнің де орталығына айналғаны байқалады. 2025 жылдың алғашқы бес айында мегаполис өнеркәсібі триллион теңгеге таяп, нақтырақ айтқанда, 976,2 миллиард теңгенің өнімін шығарды. Мұндай ауқымды көрсеткіш Алматы экономикасының құрылымдық өзгерістерге бет бұрғанының айғағы. Машина жасау – өндіріс тізгінін ұстаған басты салалардың бірі. Бұл секторда 36,3 пайыздық серпіліс байқалды. Жалпы 366,1 миллиард теңгелік өнім өндірілсе, соның ішінде көлік құрастыру ісі айтарлықтай салмақ алып отыр – бүкіл машина жасаудың 36,1 пайызы осы салаға тиесілі. Бұл көрсеткіш Алматының көлік өнеркәсібінде ұлттық маңызы бар орталыққа айналып келе жатқанын білдіреді. Ал…
Президент Тоқаев құқық қорғау органдарының алғашқы кеңейтілген алқа мәжілісінде азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесіне ерекше тоқталып, бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды деп жазады Ertenmedia. Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы уақытта интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық күрт көбейген. Мұндай қылмыстарды көбіне шетелден басқарылатын, күрделі ұйымдасқан топтар жасап отыр. Бұл жағдай тергеу процесін айтарлықтай қиындатып отыр. «Алаяқтық әрекеттердің алдын алу ерекше маңызды. Қазір Ұлттық банк жанынан заманауи антифрод-орталық құрылды. Біз алаяқтардың банк пен ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымын пайдалануына жол бермеу үшін, оларға ортақ жауапкершілік енгізіп жатырмыз. Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сенімді қорғау біздің басты міндетіміз. Сонымен қатар, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін…
Сенат депутаттары жаңа Салық кодексін екінші оқылымда талқылап, бірнеше маңызды өзгерістер енгізу үшін заң жобасын Мәжіліске кері қайтарды. Бұл туралы Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia. Сенаторлардың айтуынша, қазіргі ұсынылған заң жобасында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер етуі мүмкін кейбір кемшіліктер бар. Сондықтан Сенат бірнеше маңызды түзетуді талап етіп отыр. Соның ішінде шаруа және фермерлік қожалықтарға (ШФҚ) арналған жеке табыс салығын (ЖТС) прогрессивті шкаламен енгізу ұсынылды. Егер ШФҚ табысы 230 мың АЕК-тен асса, ЖТС ставкасы 15 пайыз болмақ. Бірақ қазір қолданыстағы 70 пайыздық жеңілдікті ескергенде, нақты ставка 4,5 пайызға тең болады. Сондай-ақ, KASE және…
