Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Ertenmedia. Бүгін әлеуметтік желі мен кейбір ақпарат құралдарында Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің, сондай-ақ ҰҚК-нің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда бұл ақпарат расталмады. «Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат – шындыққа жанаспайды, бұл жалған хабар», – деп мәлімдеді жағдаймен жақсы таныс дереккөз Ertenmedia редакциясына. Осыған дейін аталған азаматтардың ұсталғанын алғаш болып «Орда» порталы хабарлаған еді. Басылымның дерегінше, министр Мұрат Нұртілеу Қытайдан ШЫҰ саммитінен оралғаннан кейін үйінде ұсталған-мыс. Сонымен қатар кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің де үйінде тінту жүргізілгені…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстан «ақылды қалаларды» дамыту жолында сенімді қадамдар жасап келеді. Жаңа технологиялар тек автоматтандыру құралы емес, жайлы әрі қауіпсіз өмір сүрудің негізіне айналуда. Осы сипатта ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің рейтингісінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша Астана, Алматы және Қарағанды көш бастап тұр. Қызығы, бес жыл бұрын тізім басында Алматы орналасты, ал бүгінгі таңда да осы үштік елімізде цифрлық инфрақұрылымның тұрақты дамуын көрсетіп отыр. Қазақстандағы «ақылды қалалардың» басым бағыттары 2019 жылы бекітілген Эталондық стандарттан айнымады. Қауіпсіздік, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТҮКШ), білім беру, денсаулық сақтау және қаланы басқару — бұл салаларда жоғары технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Жергілікті атқарушы органдар…
Сайрамда аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті. Жиынды аудандық ҚХА төрағасы, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев жүргізді,- деп хабарлайды Ertenmedia Сессия жұмысына облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов, аудандық Ассамблея және үкіметтік емес ұйым мүшелері, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. «Ассамблея – еліміздегі бейбітшілік пен бірліктің берік діңгегі. Ол әр этностың мәдениеті мен дәстүрін сақтап, ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіреді. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, Ассамблея этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту ісінде негізгі рөл атқарады. Міне, бүгін Сайрам ауданында Қазақстан халқы…
Қазақстанның бірқатар ірі банктерінің аты соңғы күндері елді дүрліктірген істе аталып жатыр деп жазады Ertenmedia. Ақмола облысының прокуратурасы әлеуметтік осал топ өкілдерін ұрлап, аттарына миллиондаған несие рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) ізін әшкерелеген еді. Бұл топқа Kaspi, Forte, Eurasian және Jusan банктерінің қызметкерлері көмектескен делінген. Прокуратураның дерегінше, бес жылдан астам уақыт бойы алаяқтықпен айналысқан топтың құрамына Қазақстанның әр түкпірінен 25 адам кірген. ҰҚТ мүшелері банктердегі байланыстары арқылы ұрланған азаматтарға жалған несие рәсімдеп отырған. Жалпы зардап шеккендердің саны 348 адам. Келтірілген зиян көлемі 3,7 миллиард теңге. Құқық қорғаушылар қылмыстық топ мүшелерінің Алматыдағы элиталы пәтерлері мен жер телімдерін, аса қымбат көліктері мен…
Атырауда С. Мұқашев атындағы политехникалық жоғары колледжде студенттердің білімін тәжірибемен ұштастыруға арналған жаңа заманауи оқу кабинеті ашылды. Бұл бастама «Жұмысшы мамандық жылы» аясында жүзеге асып, болашақ мамандардың кәсіби даярлығын күшейтуге бағытталды,- деп жазады Ertenmedia Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Жаңа кабинет «Химиялық өнімдердің органикалық синтезі» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізуге бейімделген. Оқу орны заманауи халықаралық стандарттарға сай қондырғылармен жабдықталды. «Зертхана студенттердің тәжірибелік машықтарын жетілдіруге, өндірістік ортаға бейімделуіне зор мүмкіндік береді. Жас мамандар тек теорияны меңгеріп қана қоймай, заманауи құрылғыларда жұмыс істеуді де үйренеді», — деді әдістемелік кабинет меңгерушісі Қарлығаш Күзембаева. Сондай-ақ білім орнының мамандары, зертхана студенттердің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жол…
2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 68,9 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі. 2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды. Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды. Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі…
Депутат Перуашев елден жасырын жолмен шығуы мүмкін бағалы металдардың жолын кесу үшін арнайы мемлекеттік зертхана құруды ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia. «Ақ жол» партиясының жетекшісі Үкімет басшысы Олжас Бектеновке осындай талап қойып отыр. Перуашевтың айтуынша, Қазақстаннан экспортталатын кен мен концентрат құрамына тәуелсіз сараптама жүргізілмейді. Зертханалар шикізатты өндірушілердің тапсырысымен ғана жұмыс істейді. Нәтижесінде мемлекеттің қолына тек дайын құжаттар келеді, ал оның дұрыстығын тексеру мүмкіндігі шектеулі. Мұндай тәсіл бағалы металдардың жасырын түрде елден шығарылуына жол ашады. Партия жетекшісі бұған дейін «Қазақмысқа» қатысты мәселе көтерген. Корпорацияның бұрынғы қызметкері мыс концентратының құрамындағы қымбат металдардың құпия, астыртын түрде экспортталып жатқанын мәлімдеген еді. «Қазақмыс» мұны жоққа шығарып,…
Тимур Құлыбаевтың Қазақстан мұнайындағы ұзақ жылғы үстемдігі аяқталар күн таяған сыңайлы, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. KASE алаңында жарияланған соңғы мәліметке сенсек, Құлыбаевқа тиесілі «Каспий мұнай» компаниясын сату туралы келісім дайындалуда. Әзірге сатып алушының есімі құпия. Бірақ саланың ең ықпалды тұлғаларының бірі өз активтерін саудалай бастауы нарықта үлкен өзгерістің басталғанын аңғартады. Сарапшылар мұны Құлыбаевтың мұнай саласынан біржолата кетуінің бастамасы деп бағалап отыр. Активтердің жаңа иесі ретінде халықаралық ірі инвесторлардың келуі әбден ықтимал. Себебі, Қазақстан билігінің жаңа экономикалық ұстанымы сырттан келетін капиталға жол ашып берген. Екінші жағынан активтер Ақорда мақұлдаған жергілікті, бірақ көпшілікке беймәлім құрылымдарға да өтуі мүмкін деген болжам бар. Құлыбаевтың негізгі үш…
Алматы қаласының Индустриалды аймағында тротуар плиталары мен бетон жиектерін шығаратын зауытқа ауқымды жаңғырту жүргізілді. Инвестициялардың жалпы сомасы 1,2 млрд теңге болды, оның 25%-ы инвестор есебінен қаржыландырылды («СК Рахат» ЖШС), ал қалған 75%-ы «Даму» қорының субсидиялау бағдарламасы аясында қарыз капиталымен қамтамасыз етілетінін Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz.. Жоба аясында әлемдегі жетекші өндірушілердің заманауи жабдықтары сатып алынды. Олар ұсақ бөлшекті бетон бұйымдарды шығаруға арналған HESS Group (Германия) желісі, өнімдердің төзімділігін арттыратын ROTHO-Stabil (Германия) камерасы, өнімді тікелей байлайтын VR-80 машинасы және автоматты түрде орайтын RA100 (Италия) машинасы, сондай-ақ полимермен қапталған технологиялық поддондар (Польша) да бар. Айта кетейік, алғашқы…
Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен тұрақты айналысуына арналған жаңа 9 ойын және спорт алаңы пайдалануға берілді. Соңғы жылдары өңірдің келбеті ғана емес, оның өмір сапасы да айтарлықтай өзгеріп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен жүйелі түрде жүргізіліп келеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа алаңшалар Қазақбақ, Алтай, М.Әбенова, А.Жангелдин, Мұғалжар, Ш.Уәлиханов және Р.Дастанова көшелерінде бой көтерді. Ал Хақназар хан мен Ш.Ниязов көшелерінде заманауи футбол алаңдары салынды. Әрбір нысанның жобасы тұрғындардың ұсынысы мен қажеттілігі ескеріліп жасалған. Қаланың шет аудандарындағы балалар да енді қауіпсіз әрі заманауи ортада…
