Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Маңғыстау облысындағы мұнай-газ кәсіпорындарында жүргізілген тексерулер ел назарын өзіне аудартқан қылмыстық істің ашылуына себеп болды. Қара алтынды тасымалдап, миллиардтаған қаржы айналатын салада ашықтық пен адалдықтың сақталмауы көп нәрсеге әсер етеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Oil Transport Corporation» ЖШС қызметінде жабдықты қабылдау кезінде ірі заң бұзушылықтар анықталып, іс сотқа дейін жетті. Прокуратураның тексерісі кезінде бұл оқиғаның артында жай ғана техникалық қателік емес, әдейі жасалған заңсыздықтың жатқаны анықталған. Тергеу барысында кәсіпорынның бас директорының орынбасары мен мердігер компанияның екі өкілі ұсталып, кінәлары дәлелденді. Олар мемлекет қаржысын жымқырып, саланың беделіне нұқсан келтіргені үшін жауапқа тартылды. Сот шешімі бойынша бас директордың орынбасары 3 жылға бас бостандығын…

Толық оқу

Түркістан облысында энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын жүзеге асыру үшін 2025-2029 жылдары аралығында жалпы құны 164 миллион теңгеге жуық инвестиция тарту жоспарланған. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ақтілеу Бекмұратов баяндады,деп жазады Ertenmedia.kz. – Жаңғырту жұмыстары төрт жыл бойы кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Инфрақұрылымдық жүйелерді жаңалау мақсатында инвесторлар есебінен жылумен жабдықтауға – 20,08 млн теңге, электр желілері үшін – 100,8 млн теңге, су жүйелеріне – 34,5 млн теңге, кәріз жүйелеріне – 8,4 млн теңге тарту жоспарланған. Қазіргі таңда өңірдегі электр желілерінің 57 пайызының тозығы жеткен. Ұлттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай…

Толық оқу

Президент Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түбегейлі жаңарту туралы нақты тапсырма берді. Оның айтуынша, Қазақстанға капитал үшін әлемдік бәсеке күшейіп тұрғанда ірі инвестицияларды тартудың жаңа әрі тиімді жолдарын табу қажет деп хабарлайды Ertenmedia. «Елімізге ірі көлемдегі инвестициялар ауадай қажет. Жаңа инвестициялық циклді бастайтын уақыт келді. Қазіргі саясатты табысты деп айту қиын. Инвестициялардың басым бөлігі шикізат секторына бағытталған. Бұл жаман емес, бірақ ендігі міндетіміз өңдеуші өнеркәсіпке қаржы тарту», – деді Мемлекет басшысы. Президенттің пікірінше, Үкімет инвестициялық саясатты қайта қарауға тиіс. Қажет болса, жоғары технология саласында жұмыс істейтін инвесторларға ерекше жеңілдіктер берілуі керек. «Сонымен қатар мемлекеттік инвестициялар да, жеке сектор бастамалары да бірдей…

Толық оқу
Сәтпаев

Президент Тоқаевтың бір палаталы парламент құру туралы ұсынысы түрлі пікір туғызып жатыр деп жазады Ertenmedia. Саясаттанушы Досым Сәтпаев бүгінгі ұсыныс биліктің алдағы транзит кезеңіне дайындық амалы болуы мүмкін деп топшылайды. Айтуынша Қазақстан секілді унитарлы мемлекет үшін қос палаталы парламент ережеден гөрі, ерекшелік. 90-жылдардың басында экс-президент Назарбаев пен Жоғарғы Кеңес арасындағы тартыстан кейін 1995 жылғы Конституция бойынша екі палаталы парламент пайда болды. Сол кездегі Сенат биліктің «сақтандыру клапаны» рөлін атқарған еді. «Тоқаевтың қазіргі ұсынысы парламенттік жүйені демократияландыруды көздемейді. Керісінше, жаңа билік транзитіне дайындық секілді. Себебі бір палаталы парламенттің спикері автоматты түрде президенттен кейінгі басты фигураның біріне айналады. Яғни, елде экс-президенттер үміт…

Толық оқу

Президент Тоқаев Парламентті бір палаталы ету халықаралық тәжірибеге сай шешім екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның сөзінше, Мәжілістің қазіргі құрамы өз мерзімі аяқталғанша заң шығару жұмысын тұрақты атқара береді. Сенаттың қызметі референдум өтіп, жаңа парламент сайланғанша жалғасады. Президент саяси партияларға осы уақытты сайлауға тыңғылықты дайындалуға пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ депутаттарды ел тағдырына қатысты ауқымды өзгерістерге жауапкершілікпен қарауға шақырып, мұндай реформа халықпен ашық талқылануы тиіс екенін атап өтті. «Тек ашық диалог арқылы әділетті әрі қуатты Қазақстанды бірге құрамыз», – деді президент. Толығырақ телеграм-арнамыздан оқыңыздар.

Толық оқу

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен осы саладағы мемлекеттік бақылауды негізгі басым бағыттардың бірі ретінде жүргізіп келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы міндет аясында Түркістан қаласы тұрғынының арызы негізінде тиісті мемлекеттік органға жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Тексерудің мақсаты – шағымды жан-жақты, объективті әрі толық қарау болған. Арыз иесі тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне құқық алу мақсатында уәкілетті мекемеге өтініш берген. Аталған қызметті көрсету тәртібі Жер кодексінің 44-2-бабымен және Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген қағидамен реттеледі. Қолданыстағы талапқа сай, сәулет және қала құрылысы саласындағы жауапты орган екі жұмыс…

Толық оқу
Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бүкіл әлем заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам басқанын атап өтті. Бұл бағыттағы өзгерістерден Қазақстан да тыс қалмайтынын ескертті. – Қазақстан – әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға…

Толық оқу

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ректорының міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған білім мен ғылым саласына қатысты бастамаларға пікір білдірді,- деп жазады Ertenmedia — Биылғы Жолдауда Президентіміз білім беру саласына айрықша назар аударып, жаңа міндеттер жүктеді. Ол инвестицияның ең сенімді түрі — білім мен ғылымға құйылған қаражат екенін атап өтті. Президенттің бастамасымен Қытайдың жетекші университеттерінің бірімен жасалған халықаралық келісім еліміздегі білім саласының жаңа кезеңін ашқалы отыр. Бұл аясында іске асатын қос дипломды бағдарлама қазақстандық жоғары білімнің халықаралық беделін көтеріп, жастарға жаһандық бәсекеде жаңа мүмкіндіктер береді, — деді Әлібек Нұртаев. Сонымен қатар Мемлекет басшысы алдағы үш жылда…

Толық оқу

Түркістан облыстық офтальмология ауруханасының басшысы Чингиз Сеилбеков Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған стратегиялық басымдықтарға қатысты пікір білдірді,- деп жазады Ertenmedia — «Президент Жолдауында еліміздің дамуы үшін маңызды стратегиялық бағыттар айқындалды. Соның ішінде ерекше мәнге ие бағыт – салаларды технологиялық жаңғырту. Әсіресе, медициналық тәжірибеге цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектке негізделген жүйелерді енгізу өзекті болып отыр. Бұл бастамалардың жүзеге асуы денсаулық сақтау жүйесін түбегейлі өзгертеді. Жасанды интеллектке негізделген диагностикалық жүйелер мен телемедицина платформалары медициналық көмектің қолжетімділігі мен дәлдігін арттырады. Клиникалық процестердің цифрландырылуы емдеу мекемелерінің жұмысын оңтайландырып, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейінде өзара сабақтастықты жақсартады. Болжамды медицинаны дамыту да аса маңызды. Үлкен деректер мен…

Толық оқу
Тоқаев

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентте Қазақстан халқына жасаған Жолдауында Активтерді қайтару жөніндегі комитетті Инвесторларды қорғау комитеті деп өзгертуді ұсынды. Бір қарағанда атаудың ауысуы ғана секілді. Бірақ мәніне үңілсек, бұл – экономиканың бағытын түзей түсетін, инвестициялық климаттың философиясын қайта құратын саяси-экономикалық маңызды қадам, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазіргі таңда елімізге келген капитал тек кіріп-шығып кетпеуі керек, ол сенімділік тауып, ұзақ мерзімге орнығуы тиіс. Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында Үкіметке дәл осы сенім архитектурасын құруды тапсырды. Енді инвестиция тарту – орталық биліктің ғана емес, әр өңірдің, даму институттарының, тіпті әрбір аудан мен қала әкімдігінің ортақ міндетіне айналады. Соңғы жылдары Қазақстан инвестициялық кеңістікте…

Толық оқу