Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путин бейбіт келіссөздер туралы ойын айтты, — деп хабарлайды Ertenmedia. Зеленский Fox News-ке берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамп ерік-жігері жетсе, Ресейді бейбітшілікке мәжбүрлей алады деп мәлімдеді. Зеленскийдің айтуынша, Трамп Путинді Украинада атысты тоқтату туралы келісім жасасуға шақырды, әйтпесе Мәскеуді одан да бетер экономикалық қысым күтіп тұр. «Путин дәл осыдан қорқады. Ол Трамп Украинаны қолдағанын қаламайды, өйткені Украина күшейе түседі», — деді Украина президенті. Ол Қытай тарапынан Путинге халықаралық қысымды күшейтуге шақырды. Зеленский Путин Еуропадан қорықпайтынын, сондықтан Украинаға АҚШ-тан үлкен кепілдіктер қажет екенін жеткізді. Ал Путин Ресей Зеленскиймен бейбіт келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтты, бірақ…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алаяқтық жасағаны үшін сотталған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов колониядағы жазасын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыруды сұрады, — деп жазады Ertenmedia Tengrinews.kz-ке сілтеп. Соттың шешімі қандай болды? Павлодар қаласының №2 сотының баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне берген жауабында сотталушы жазасының қалған бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы өтініш білдіргенін растады. Өтінішті сот 28 қаңтарда қарады. Ресми мәліметтерге сәйкес сот сотталған адамның қамауда болған уақытын қоса алғанда, жазасын өтеу кезеңіндегі тәртібін қарап, сот отырысына қатысушылардың пікірлерін тыңдаған Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық-атқару кодексінде сотталғандардың үш оң тәртіптік дәрежесі қарастырылған, сондай-ақ жазаны өтеу шарттары (жалпы, қатаң, жеңілдетілген және жеңілдікті) белгіленген. «Сотталған азаматтың…
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы такси жүргізушілерінің жағдайы қиындайтынын айтып, премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярға үн қатты, — деп хабарлайды ErtenMedia. Депутаттың сөзінше, тәулік бойы тыным таппай жолаушы тасымалдайтын такси мен автобустың тізгінін ұстаған азаматтарды тәртіпке саламыз деп, Үкімет Мәжіліске заң жобасын ұсынған. Оның мақсаты — жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы мемлекет құзыретінің бір бөлігін өзін-өзі реттеу ұйымдарына беру, «СРО» құру. «Бұған сарапшылар әуел бастан қарсы болды, Мәжілісте де талай түйреп, сынымызды дәйекпен айттық. Бірақ мемлекеттік органдар тасжолдағы қауіпсіздікті өздері ретке келтіре алмай отырып, жауапкершілікті жекеменшік ұйымға ысыра салуға бағытталған бағдарынан бас тартпай отыр», — деп сынады депутат. Депутат мынадай мәселелер барын айтты: Заң…
Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден сотталған әйелдердің жасаған қылмысы зорлық-зомбылыққа қатысты болмаса немесе қоғам үшін қауіп төндірмейтін болса, амнистия жасауды ұсынды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Депутаттың пікірінше, көп жағдайда отбасындағы бала тәрбиесі әйелдердің мойнында. Ал бүгінде 2336 әйел бас бостандығынан айырылған, олардың жартысы — аналар, оның ішінде 250-і — көпбалалы аналар. «1500-ден аса бала анасыз қалып, аналарымен қауышуды күтіп жүр. 100-ге жуық сәби балалар үйіне жіберілген. Бұлар жай ғана цифрлар емес: бұл — ойран болған отбасылар, бұзылған тағдырлар, ең сорақысы ана жылыуынан айырылған сәбилер», — деді депутат. Қарақат Әбден сотталған әйелдерге амнистия қолдану үшін мынадай шарттар ұсынды: зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ қылмысы үшін сотталған әйелдер;…
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Үкімет басшысы Олжас Бектеновке үндеу жолдап, Президент Тоқаев айтқан «отаншыл кадрлар» Парламенттен де табылатынын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia. Депутат Бапи күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөз еткен кадр мәселесіне тоқталды. Бапидің айтуынша, Президент Үкіметке айқындап берген бес міндет: «…ірі инфрақұрылымдық жобаларды, цифрландыру және жасанды интеллект, ядролық энергетиканы дамыту, агроөнеркәсіп кешенін нығайту және инвестиция тарту мәселелерін» — жалпы алғанда экономикалық түйткілдердің тетігін тек кадр шешеді. «Тағы да Президенттің сөзімен айтсақ, «экономиканың дамуы жаман болмаса да», оның қарқынына Мемлекет басшысының көңілі толмайтынын білдік. Бірақ Президент жоғарыда аталған бес мәселені алдағы бес жылда орындау міндетін қойып отыр. Еске…
Мәжіліс отырысында депутат Ринат Зайытов жабылып қалған ауылдардың жайын көтерді,- деп хабарлайды Ertenмedia. Ол сауалын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады. «Қайрымсыз баласы қаңғыртып жіберген қарияның күнін кешкен ол — біздің ауылдар. Қажет инфроқұрылым, сапалы медицина мен білімнің, тұрақты жұмыс пен табыстың, тіпті қарапайым интернеттің жоқтығынан 34 жылдың ішінде өз туған ауылын амалсыздықтан аз адам тастаған жоқ. Соның салдарынан қаншама ауылымыз «мүжілген сүйектей» мүшкіл халге жетіп, жабылып қалды», — деді депутат. Депутаттың айтуынша, кейінгі 5 жылда ШҚО-да 350 ауыл, СҚО-да 635, Павлодар облысы бойынша 352 ауыл бос қалған. 2024 жылдың өзінде-ақ СҚО-да 141 ауыл мәртебесінен айырылған. «Көзіңе еріксіз жас, көңілге мұңды күмән ұялататын статистика.…
Алматыда бопсалау күдігімен ұсталған екі блогер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — деп хабарлайды ErtenMedia. Алматы прокуратурасының Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабында қазір қалалық полиция департаменті ҚР ҚК 194-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқаны айтылған. Айта кетейік, бұл баптың санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Полицияның мәлімдемесі 23 қаңтарда полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша Алматыда кәсіпкер мен екі блогерді ұстады. «Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған. Қаскөйлер 10…
Үкімет пен әкімдер жұмысының тиімділігін экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Оның сөзінше, Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс. Сонымен қатар, Президент әкімдерді тікелей сайлаудың нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жаңа санаты – сайланатын басшылар пайда болатынын, оларды кешенді дайындықтан өткізу мәселесі өте өзекті екенін алға тартты. «Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін тұтас мемлекеттік аппарат тиімді жұмыс істеуі керек. Әкімдерді тікелей сайлаудың нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жаңа санаты – сайланатын басшылар пайда…
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бұған дейін «Штрафстан» ұғымын қолданғанын мойындап, бұл терминді пайдалану «дұрыс болмағанын» мәлімдеді, — деп жазады Ertenmedia. Депутат өз пікірін президент Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында «елге әртүрлі лақап ат тағу – ақылға сыймайтын әрекет» деген сөзінен кейін күрт өзгерткен. Перуашев жыл соңында Мәжілісте сөйлеген сөзінде айыппұлдар мен жауапкершілік мәселесіне тоқталып, үкіметтік бастамаларды сынға алып, «Штрафстан» деген сөзді қолданған еді. Ол қомақты айыппұл салу жөніндегі заң жобасын «Ақ жол» фракциясы қабылдамайтынын ашық мәлімдеген болатын. “Шенеунік мырзалар, сіздер үшін мен ұялып отырмын. Бір рет болса да жылы кеңселерден шығып, кәсіпкердің немесе тұтынушының орнына барып тұрып көріңіздер. Сіздер әлдебір ‘Штрафстанды’…
Алматыда экс-полицей биік мұнараға шығып, наразылық білдірді. Сегіз жылдан бері қандай бұйрықты бұзғаны үшін жұмыстан қуылғанын біле алмай жүрген подполковник осыдан басқа амалы қалмағанын айтады, — деп хабарлайды ErtenMedia КТК телеарнасына сілтеп. Жанайқайын басшылығына жеткізу үшін Дәрмен Шыныбеков жоғары кернеулі тоқтың бағанасында бір сағаттай отырып, төменге өз еркімен түсті. Оның талабы — жұмыстан негізсіз қуылғанын дәлелдеп, қызметіне қайта оралу. Сот шешімінде полицей қызмет тәртібін өрескел бұзғаны үшін жұмыстан босатылғаны көрсетіліпті. «Экс-полицеймін» деген ер адам жоғары кернеулі тоқ бағанасына тапа-тал түсте шығып алған. Ішкі істер органдарынан кетсе де, үстінен арнайы киімді тастамапты. Ол бұл әрекетімен жедел жәрдем, полицейлер мен құтқарушыларды аяғынан…










