Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Қазақ тіліне қатысты дау

Gorilla Drift Championship турнирінің негізін қалаушы Артем Чекменевтің қазақ тіліне қатысты пиғылын көрсетіп қойды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Желіде тараған видеода Артем Чекменев қазақша сөйлеуден бас тартады. «Сен не мен сөйлейтін тілде сөйле, не менімен мүлдем сөйлеспе. Түсінікті ме? «Эй» деп әйеліңе айтасың. Бауырым, сен орысша түсінбейсің ғой», — дейді Чекменев видеода. Видео әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсіп кеткеннен кейін компания өкілдері олардың әлеуметтік желідегі парақшаларында және Артем Чекменовтің парақшасында да пікір жазу мүмкіндігін алып тастаған. Чекменовтің өзі бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, оқиға 2 маусымда болған. Ал видео қырқып алынған және оның толық мазмұны мүлде басқаша болыпты-мыс. «Сол…

Толық оқу

Арменияда жасырынып жүрген қазақстандық азамат қаржы пирамидасын басқарды деген күдікпен елге экстрадицияланды. Қылмыстық істен Қостанай облысының 40-қа жуық тұрғыны 167 млн теңгеден астам шығынға ұшыраған, – деп жазады ErtenMedia.kz. Күдіктіні Қазақстанға жеткізу шарасын Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері ұйымдастырған. Экстрадицияға Қазақстанның Армениядағы елшілігі де көмектесті. Қазір азамат Ақтау қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті 2019-2021 жылдары Қостанай облысындағы «Finiko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған. Жобаға қатысушыларға жоғары табыс табуға мүмкіндік беретін қаржылық жүйе ретінде ұсынылған. Алайда салынған қаражат қайтарылмай, ондаған адам зардап шеккен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жәбірленушілердің жалпы шығыны 167 млн теңгеден асып отыр.…

Толық оқу

ШЫҰ саммитіне байланысты еліміздің бірқатар қаласында енгізілген террористік қауіптің «сары» деңгейі алынды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті мен Қытай төрағасының мемлекеттік ресми сапарының аяқталуына байланысты «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңның 13 және 15-баптарына сәйкес күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын өткізу кезінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы ретінде Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы терроризмге қарсы операция режимін 4 шілде сағат 23.59-да Астана қаласында алып тастау туралы шешім қабылданды», — деп жазылған хабарламада. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 жарлығымен бекітілген «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар…

Толық оқу

Батыстық БАҚ Астанада өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммитіне байланысты жан-жақты пікір білдіруде, деп хабарлайды Dalanews.kz. Олардың жазуынша, ШЫҰ Қытай, Ресей және Иранды біріктіретін «НАТО-ға қарсы» жиын ретінде сипатталуда. «Орта Азия мемлекеттері географиялық шындығынан қашып құтыла алмайды және экономикалық жағынан өркендеуі үшін Ресей мен Қытайға үлкен сенім артуға тиіс. Сонымен қатар олардың болашақтағы тәуелсіздігі белгілі бір ережелерге негізделген халықаралық тәртіпке құрмет көрсетуін талап етеді», — дейді The Times Of Central Asia агенттігі. Сонымен қатар олар Қазақстандағы соңғы демократиялық реформалар «НАТО-ға қарсы» елдердің авторитарлық бейнесіне қарама-қайшы келіп жатқанын да алға тартады. Жақында Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт (ҰҚШҰ) ұйымындағы мүшелігін тоқтататыны…

Толық оқу

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің 24-ші саммиті өтіп жатыр. Жиын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының да назарында. Dalanews.kz тілшісі шетелдік басылымдардың саммит туралы материалдарына шолу жасады. CGTN сайтында автор ШЫҰ теңдік пен өзара тиімділік негізінде бейбітшілік пен жан-жақты ынтымақтастықты ілгерілететін жаңа үлгідегі халықаралық ұйымға айналғанын айтады.  «Ұлы державалардың көтерілуі мен құлдырауы тұрақты цикл. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Кеңес Одағының ыдырауынан туындаған бытыраңқылық – шекараны делимитациялау, шекара қауіпсіздігі, аймақтық қауіпсіздік мәселелерін шешуден бүгінгі бірлікке, өзара сенім, өзара тиімділік, «Шанхай рухын» бейнелейтін бірлікке өтті. Теңдік, проблемаларды үнемі талқылау, әртүрлі өркениеттерді құрметтеу және ортақ дамуға ұмтылу өркениеттер қақтығысы туралы ескірген идеяларды, сондай-ақ қырғи-қабақ соғыс пен нөлдік қосынды ойынын жеңе отырып, ШЫҰ үлгі болды. Жаңа халықаралық қатынастардың дамуына және адамзаттың ортақ болашағын құрайтын қауымдастықтың…

Толық оқу

Қазақстанның өкілі, бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2025-2027 жылдарға арналған бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz. Мұндай шешім бүгін елордада өткен саммитте қабылданды. Еске салсақ, Ермекбаев 2021 жылы Тараз маңындағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. Бұған дейін атқарған қызметтері: Осы жылдар ішінде ол сыртқы экономикалық ұйымдарда, соның ішінде шетелде жұмыс істеді; «Юнитэк ЛТД» бас директоры; Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесшісі; Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы уақытша сенімді өкілі; Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары; Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі; Қазақстанның Дін істері…

Толық оқу

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында бірқатар құжатқа қол қойылды, — деп хабарлайды Dalanews.kz. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында мынадай құжаттарға қол қойылды: Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Астана декларациясы; «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» Шанхай ынтымақтастық ұйымының бастамасын бекіту жөніндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі; Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2035 жылға дейінгі даму стратегиясының жобасы туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі; Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметін жетілдіруге қатысты ұсыныстары туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары…

Толық оқу
Медеу ауданының прокуратурасы

Медеу ауданының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті заңсыз пайдалану дерегін анықтады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алматы қаласы бойынша ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы заңсыз әрекетке барған. Ол қоғамдық тамақтану орнын ашуға мемлекеттік мекеме жанындағы жер телімін рұқсатсыз берген. Әдеп жөніндегі кеңес бұл әрекетті мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық деп бағалады. Нәтижесінде инспекция басшысына «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза берілді.

Толық оқу
Мәскеуге санкция салынды

АҚШ-тың Мәскеу биржасына салған санкциясынан Қазақстанға зардап шекпейді. Сарапшылар сөзінше, санкция Қазақстан қор биржасына (KASE) еш кедергі келтірмейді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Мәскеу биржасын арнайы санкциялық тізімге (SDN) енгізген еді. Бұл шешім Мәскеу биржасының америкалық банктердегі шоттарын бұғаттап, АҚШ азаматтарына онымен әріптестік орнатуға тыйым салуды білдіреді. Осы себепті Мәскеу биржасы доллар және еуромен сауданы тоқтататынын хабарлады. Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, Мәскеу биржасына салынған санкциялар KASE-ге құқықтық тұрғыда әсер етпейді. Себебі санкция тек жарғылық капиталының кемінде 50 пайызына иелік ететін компанияларға тікелей қатысты. Ал Мәскеу биржасының KASE-дегі үлесі небәрі 13,1 пайыз болғандықтан, бұл жағдай…

Толық оқу
Айдос Садықов Тоқаев

Киевте оппозициялық журналист Айдос Садықовқа қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға журналист әйелі Наталья Садықовамен бірге автокөлікте отырған кезде болған. Белгісіз адам көлікке жақындап келіп, оқ атқан. Қазір Айдос ауыр халде ауруханада жатыр. Әлеуметтік желіде шабуылдың артында Қазақстан билігі тұруы мүмкін деген болжам тарауда. Наталья Садықованың өзі де осы пікірді қуаттап отыр. «Бараева» телеграм-арнасының хабарлауынша, оқиғадан бірнеше күн бұрын белгісіз адамдар ерлі-зайыптылардың бұғатталған аккаунттарындағы кейбір жеке сипаттағы материалдарды жариялауды өтінген. Арнаның жазуынша, мұның артында жанжал тудыру мақсаты жатуы ықтимал. Сонымен қатар шабуыл болған күні Садықовтардың арнасында Тоқаев айналасындағы «Кремль агенттері» туралы видео шыққан. Сарапшы не дейді? Саясаттанушы Ғазиз Әбішев…

Толық оқу