Автор: Лейла Болтаева

үй алды

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 жас ғалымға пәтер кілтін табыстады. Алматы мен Астана қалаларындағы тұрғын үйлер өтеусіз негізде берілді. Қазір Алматыда баспана алған жас зерттеушілер толық жабдықталған пәтерлерге қоныстанып үлгерді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қоныс иелері жасалған жағдай ғылыми және кәсіби жұмысқа алаңсыз ден қоюға жол ашқанын айтып отыр. Көп жылдан бері зертхана мен аудитория арасында жүрген жас маман үшін тұрақты баспана ең алдымен ішкі сенім, еркін тыныс, ұзақ жоспар құруға мүмкіндік береді. Президент марапаттау рәсімінде ғылымның әлеуеті мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін күшейтетін, халықаралық аренадағы беделін арттыратын негізгі фактордың біріне айналғанын атап өтті. Ғылым мен білімге қаржы құйған…

Толық оқу
Таза Қазақстан

Іле ауданында өткен «Таза өлке – таза жер» экологиялық акциясы жай ғана сенбілік емес, ортақ жауапкершіліктің нақты көрінісіне айналды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін аудан аумағында республикалық абаттандыру бағдарламасы аясында ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі нүктелерінің бірі ретінде «Үш ұрпақ» ескерткішінің маңы таңдалды. Осы аумақта зиялы қауым өкілдері, Іле ауданының мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен еріктілер бірлесіп еңбек етті. Жиналған жұрттың құрамы да, таңдалған орынның өзі де шараның мазмұнын тереңдете түсті. «Үш ұрпақ» монументі жанындағы басқосу көп нәрсені аңғартты. Туған жерге жанашырлық таныту, айналаны күтіп ұстау, елге деген құрметті іспен көрсету – аға буынға да, орта буынға да, жасқа да ортақ…

Толық оқу
семей

Семейде қаланың күнделікті тіршілігіне тікелей әсер ететін үш өзекті бағыт бір үстел басында қаралды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлының төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңеске әкім орынбасарлары, жергілікті полиция қызметінің өкілдері, коммуналдық мекеме жетекшілері мен бөлім басшылары қатысты. Жиында 2024-2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасының орындалуы, 2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нәтижесі және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының барысы талқыланды. Қаралған мәселелердің бәрі қағаз жүзіндегі есеп үшін ғана емес, тұрғынның күнделікті өмір сапасына тікелей қатысы бар бағыттар ретінде көтерілді. Кеңесте мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мен қолданыс аясын кеңейтуге қатысты атқарылған жұмысқа арнайы тоқталды. Қалада түрлі форматтағы шаралар өткен. Соның…

Толық оқу
Алматы

Көктем келгенде Алматының ажары мүлде бөлек ашылады. Ағаш бүр жарып, көше бойы құлпырып сала береді. Ауа жеңілдеп, қала тынысы өзгереді. Осындай шақта көгалдандыру мәселесі жай көріктендіру науқаны болып қалмайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл Алматыда көгалдандыру жұмысы кең ауқымда жүріп жатыр. Қаланың әр аумағында жаңа ағаш отырғызылып, жасыл желекті көбейтуге басымдық берілген. Қала әкімі Дархан Сатыбалды да ағаш егу шараларына белсенді қатысып, шаһардың болашағы мен экологиялық тепе-теңдігін сақтаудың мәніне тоқталды. Қала үшін мұндай ұстаным аса маңызды. Себебі алып мегаполисте әр отырғызылған ағаш – шаңды азайтатын, ауаны тазартып, көлеңке беретін тірі қорған. 2026 жылы егу жұмысының ауқымы едәуір ұлғайды. Жоспар бойынша биіктігі…

Толық оқу
Тоқаев Исабаев

Жетісу облысы қазір бір мезетте бірнеше бағытта өркендетіп келе жатқан өңірдің бірі. Бір жағында шекаралық сауда мен логистика тұрса, екінші жағында аграрлық өндіріс, үшінші жағында туризм мен инфрақұрылым қатар ілгерілеп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдауы осы қозғалыстың нәтижесі жайында айтып берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспары таныстырылды. Әкімнің айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі мақсатты индикаторлардың бәріне қол жеткізілген. Қағаз жүзіндегі есептің өзі бір бөлек, оның артында нақты экономика тұр. Соның бір дәлелі, облысқа 610 миллиард теңге инвестиция тартылған. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға жоғары. Мұндай өсім сырт…

Толық оқу
Азамат Капенов

Қаржылық мониторинг агенттігі «ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті Азамат Капеновке қатысты тергеу барысын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Агенттіктің дерегінше, Капенов қызметтік лауазымын пайдаланып, жүк вагондарын пайдалану қызметтерін көрсету кезінде өзімен байланысты компанияларға заңсыз артықшылықтар берген. Соның кесірінен «ҚазТемірТранс» акционерлік қоғамына 5,2 миллиард теңгеден астам залал келді. «Қазіргі уақытта Капенов халықаралық іздеуде жүр. Сот шешімімен оған қатысты сырттай қамауға алу туралы санкция берілді. Шығынның орнын толтыру әрі заңсыз иеленген активтерді қайтару мақсатында Бас көлік прокуратурасы «Достық» станциясындағы терминалды сотқа дейін тәркілеу туралы өтініш берді», – деп хабарлады агенттік. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысына сәйкес, аталған мүлік мемлекет кірісіне…

Толық оқу
Несие тарихы

Несие алмас бұрын әркім өзінің қаржылық ахуалын білгені абзал. Әсіресе, ипотека рәсімдерде, көлік не смартфонды бөліп төлеуге алған кезде банктер алдымен сіздің несие тарихыңызды жіті тексереді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір несие тарихын тексеру санаулы минутта жүзеге асады. Дегенмен, банк қызметкерінің алдынан сіз туралы қандай ақпарат шығатынын өзіңіз біле бермеуіңіз мүмкін. Осы ретте eGov.kz порталы несие тарихын небәрі 5 минутта қалай алуға болатынын және ол туралы толық ақпаратты еске салды. Несие есебін алудың ең қолайлы әрі ресми жолы – eGov.kz порталы. Толық рәсім 10-15 минут уақыт алады, ал қолыңызда жарамды электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет. «Алдымен eGov.kz порталына ЭЦҚ немесе…

Толық оқу
Тимур Шабданбеков

Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы төраға орынбасары Тимур Шабданбеков ұсталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақпарат бойынша, елдің Әскери прокуратурасы Шабданбековпен қатар тағы алты ҰҚМК қызметкерін қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланған деген күдікпен ұстаған. Бұдан бөлек, 13 сәуір күні Әскери прокуратура Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі агенттіктің бұрынғы төраға орынбасары Бекзат Әбдіқаһаровты және ҰҚМК Нарын облыстық басқармасы бастығының бұрынғы орынбасарын ұстаған. Сондай-ақ ұсталғандардың қатарында кибералаяқтыққа қарсы бөлім басшысы мен жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінің жетекшісі де бар. Сонымен қатар БАҚ-та Red Petroleum жанармай құю станциялары желісінің бас директоры Ақылбек Маматовтың ұсталғаны туралы хабарланды. БАҚ мәліметінше, Ақылбек Маматовтың отбасы ҰҚМК-нің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің…

Толық оқу
жұлдыз жорамал гороскоп

14 сәуір күні белсенділік пен жаңа бастамалар үшін өте қолайлы. Бұл күні қарым-қатынас, сапарлар мен шығармашылық ізденістер арта түседі. Көптеген адамдар бірсарынды тірліктен шығып, жаңа таныстықтарға ашық болады. Іскерлік салада өсу мен серіктестікке деген ынта күшейеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін сіздің ақылыңыз ерекше жүйрік болады. Идеяларыңызбен айналаңыздағыларды таңғалдырып, кез келген мәселенің шешімін жылдам табасыз. Қызықты ойларыңызды ұмытпау үшін үнемі жазып жүріңіз. Торпақ Өзіңізге көбірек уақыт бөліңіз. Шығармашылық қабілеттеріңізді пайдаланып, эмоцияңызды суретпен немесе әуенмен жеткізуге тырысыңыз. Бүгін ішкі сезімдеріңізге құлақ түрген маңызды. Егіздер Күн тәртібі жаңа таныстықтар мен топтық шараларға толы болады. Бірге уақыт өткізетін адамдар саны артып, достарыңыздың ортасында…

Толық оқу
погода апреля

14 сәуірде Қазақстанның көптеген өңірінде бұлтты, жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Солтүстік облыстарда температура нөлден төмендеп, жаңбыр қарға ұласып, көктайғақ болуы мүмкін. Елдің шығысында түнде қар аралас жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы +2+10°С, күндіз +10+15°С дейін төмендейді. Солтүстік өңірлерде түнде -2-8°С суық, күндіз 0,+7°С жылы болады. Оңтүстікте түнде +3+13°С, күндіз +8+18°С жылы күтілуде. Абай облысы: Түнде облыстың батысы, солтүстігі және орталығында қар аралас жаңбыр жауады. Батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 м, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде…

Толық оқу