Автор: Лейла Болтаева

жұлдыз жорамал

Бүгінгі жұлдыз жорамалға қарағанда, күн тым тыныш өтпейін деп тұр. Жоспарды айналадағы адамдар өзгертіп жіберуі мүмкін. Ашуға ерік бермей, жағдайға икемделе алсаңыз, осы күннен өзіңізге пайдалы нәрсе ала аласыз, деп жазады Ertenmedia.kz Тоқтылар үшін бүгін сезімге толы сәттер көп болуы мүмкін. Жеке өмірде әдемі кездесу, жылы әңгіме, күтпеген жақындық орын алуы ғажап емес. Бірақ бәрін тағдырға ысыра салмаған жөн. Кездесуді өзіңіз ойластырып, бастаманы қолға алсаңыз, күн ойдағыдай өтеді. Торпақтарға қарым-қатынаста маңызды әңгіме күтіп тұр. Біреу сізден анық жауап күтіп жүрген болуы мүмкін. Ұзаққа созылған үнсіздік сезімді суытып жібереді. Егер бұл байланыс сізге қымбат болса, бүгін ашық сөйлескен дұрыс. Егіздер үшін…

Толық оқу
Абай облысы

Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мен Ислам даму банкінің аймақтық басшысы Әли Мұхаммед Ханмен кездесті. Басқосуда өңірдің инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыруға қатысты келіссөздер өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Абай облысы әкімі Берік Уәлидің тапсырмасымен ұйымдастырылған кездесуде Абай облысының алдағы даму жоспары таныстырылды. Семей қаласының инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды жоба қарастырылды. Ислам даму банкінің өкілі ұсынылған бастамаларға жоғары баға беріп, олардың банктің қаржыландыру талаптарына толық сай келетінін жеткізді. Келіссөз қорытындысы бойынша екі жақ инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі индустриялық және әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысымен танысып, Мемлекет…

Толық оқу
Ақтау

Ақтау қаласының энергетикалық инфрақұрылымы тағы бір маңызды нысанмен толықты.  Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен қуаты 110/10 кВ болатын «ХАБ-1» қосалқы станциясы іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа энергетикалық нысанның іске қосылуы қаланың энергетикалық әлеуетін едәуір арттырады. Қосалқы станцияның қуаты 63 МВА-ны құрайды, бұл шаһардың өсіп келе жатқан электр жүктемесін тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. – «ХАБ-1» қосалқы станциясын іске қосу облыстың энергетикалық тұрақтылығын нығайтудағы маңызды қадам. Бұл жоба Ақтау қаласының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, апатты ажыратуларды азайтуға бағытталған. Біздің басты мақсатымыз тұрғындарды үздіксіз әрі сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету, – деп атап өтті облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай. Жоба аясында…

Толық оқу
Li Auto

Қытайлық Li Auto компаниясы танымал кроссоверлері L6 және L7 модельдерінің жаңартылған нұсқаларын жол сынақтарынан өткізе бастады. Қазіргі уақытта автокөліктердің алғашқы фотосуреттері жарияланып, бірқатар техникалық және дизайнерлік өзгерістер туралы ақпарат белгілі болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Камуфляжбен жабылған сынақ көліктеріне қарап, басты сыртқы өзгеріс есік тұтқаларында болатыны анық байқалады. Кроссоверлер қытайлық қауіпсіздік талаптарына сай жаңа жасырын есік тұтқаларымен жабдықталмақ. Яғни, компания тек дизайнды ғана емес, жаңа нормативтерді де ескерген. Ішкі интерьерде L6 моделінде айтарлықтай өзгеріс байқалмайды, ал L7 моделінің орталық экранының астында ауа өткізгіштердің жаңа орналасқан жері көзге түседі. Басқа бөліктері, соның ішінде басқару панелі мен руль бұрынғы қалпында қалған. Жаңартудың негізгі…

Толық оқу
Хан тоғайы

Орал қаласында тарихи әрі табиғи маңызы ерекше «Хан тоғайы» заманауи экопаркке айналады. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Кеңес жұмысына облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Тілепберген Каюпов селекторлық режимде қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысында экологиялық бағытта жүйелі жұмыстар іске асырылуда. Атап айтқанда, өткен жылы облыс бойынша 242 мыңнан астам ағаш отырғызылса, биыл бұл көрсеткіш 47,2 мың көшетпен толықтырылады. Сонымен қатар, су ресурстарын үнемдеу мақсатында алқап көлемі 11 713 гектарға жеткізіліп, былтырғымен салыстырғанда 25%-ға ұлғайды. Заманауи технологияларды қолдану арқылы экологиялық ахуалды жақсартуда өңір көш басында келеді.…

Толық оқу
Гүлназия Ұзақбайқызы

Ұстаздық жай ғана мамандық емес, бұл ұлттың рухани негізін қалыптастыратын ерекше миссия. Егер дәрігер адамның тәнін емдесе, ұстаз адамзаттың жан дүниесін байытады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа технологияны меңгерген елдің ұпайы түгел болады. Бүгін саналы ұрпақ тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз» деп ерекше атап көрсеткен еді. Шынында, заман ағымымен бірге білім беру үдерісі де өзгеріп, мұғалімдер алдында ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру міндеті тұр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі таңда тарих пәнінің маңызы айрықша. Өйткені тарих адамзаттың өткені мен бүгінін байланыстырып, келешекке бағдар беретін рухани көпір. Жас ұрпақты ұлттық кодты сақтай отырып, заманауи құндылықтарға бейімдеу – әрбір тарихшы ұстаздың басты…

Толық оқу
бу-газ қазандығы

Қызылорда да «Aksa Energy» түркиялық компаниясының жеке инвестициялары есебінен заманауи бу-газ қондырғысында (БГҚ) іске қосу-реттеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Кәсіпорын 240 МВт электр энергиясы мен 277 Гкал жылу энергиясын өндіреді. Нысан өңірдегі энергия тапшылығын толығымен жабуға мүмкіндік береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі уақытта жобаның бірінші кезеңі іске қосылып, екі газ турбиналық қондырғы тәулік бойы жұмыс істеуде. Бұл екі қондырғы біртұтас энергия жүйесіне 170 МВт қуат беруде. Осылайша Қазақстанның оңтүстік аймағындағы энергия тапшылығын азайтуға елеулі үлес қосуда. Алдағы уақытта тағы бір бу турбиналық қондырғы пайдалануға беріліп, жаңа электр станциясының қуаты толық жобалық көрсеткіштерге шығады. Жоспар бойынша, жақын айларда станция өзінің толық қуаттылығын…

Толық оқу
Тоқаев

Қазақстан мен Өзбекстан Президентінің Бұхарадағы бейресми кездесуінде екі ел арасындағы мәдени-тарихи байланыстар мен цифрлық серіктестікті тереңдетуге бағытталған бірқатар маңызды оқиға орын алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Тарихи мұраны жаңғырту бағытындағы маңызды қадам ретінде Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа құнды тарихи құжаттарды табыстады. Олардың ішінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи мен Рәбия Сұлтан бегім кесенелеріне қатысты. 1920-1950 жылдары Өзбекстан аумағынан табылған сирек кездесетін архивтік материалдар, сызбалар және фотосуреттер бар. Бұл құжаттардың көбі бұрын ғылыми айналымға түспеген әрі екі елдің ортақ тарихи-мәдени мұрасын зерттеуде жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз. Кездесу барысында мемлекет басшылары Бұхара қаласындағы тарихи орындарды аралады. IV-III ғасырларда тұрғызылған Арк қамалы – Орталық Азияның…

Толық оқу
Ғарышкерлер күні

Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктері мен технологиялық дамуы – тек ұшырулар тізімі ғана емес, бұл еліміздің технологиялық тәуелсіздікке қол жеткізуі мен ғарыш саласындағы ұлттық әлеуетті нығайтудың шежіресі, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы тарихи сапардың іргетасы 1991 жылғы қазан айында қаланды. Сол жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа көтеріліп, Қазақстанның атын әлемге паш етті. Оның миссиясы биотехнология мен Арал теңізі экологиясын зерттеуге жол ашып, жас мемлекеттің ғарыш кеңістігіндегі алғашқы қадамына айналды. Ғарышты игеру эстафетасын жалғастырған Талғат Мұсабаев әлемдік ғарыш тарихына айрықша із қалдырды. Үш мәрте ғарышқа ұшып, ашық ғарышқа шығу бойынша рекорд орнатқан Мұсабаевтың ерлігі әлем…

Толық оқу
Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен Бұхара қаласында бейресми кездесу өткізді. Бұл жүздесу екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты тереңдетуге арналды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде бүгінгі геосаяси тұрақсыздық жағдайында екі ел арасындағы диалогтың маңызы ерекше екенін атап өтті. «Өзбекстан – Қазақстан үшін сенімді стратегиялық серіктес. Екі ел арасында өзекті мәселелер бойынша ешқандай кедергі жоқ. Біздің үкіметтеріміз жасалған келісімдер мен жоспарларды табысты іске асырып келеді», – деді Мемлекет басшысы. Президент сондай-ақ екі елдің тарихи байланыстарының тамыры тереңде екенін атап өтті. Бұхараның қазақ зиялылары үшін тарихи білім орталығы болғанын, бүгінде Өзбекстанның мәдени мұрасын сақтаудағы табысты жұмыстарына жоғары…

Толық оқу