Автор: Лейла Болтаева

сенбілік

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Оған өңір бойынша 30 мыңға жуық адам қатысып, 200 арнайы техника жұмылдырылды. Шара барысында 20 мыңға жуық ағаш көшеттері егіліп, 394 тонна қоқыс шығарылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Акция аясындағы ірі шаралардың бірі Қонаев қаласында ұйымдастырылды. Онда 10 гектар аумақты қамтитын «Барыс» эко-паркінің негізі қаланып, алғашқы көшеттер отырғызылды. Экологиялық шараға қала тұрғындары, жастар, мекеме қызметкерлері мен қоғамдық белсенділер белсене қатысты. Сонымен қатар облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те ағаш егуге қатысып, акцияға қолдау білдірді. – Қонаев қаласы облыстың орталығы ретінде қарқынды дамуда. Біздің басты мақсатымыз – тұрғындар үшін жайлы әрі экологиялық таза демалыс орындарын…

Толық оқу
Жетісу

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аумақтарды тазарту, көгалдандыру және санитарлық жұмыстар ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Акция барысында Панфилов ауданында «7 OZEN» экологиялық шарасы өтіп, Іле өзенінің арнасы тазартылды. Бұл жұмыстарға 50 адам мен 2 арнайы техника тартылып, өзен арнасынан 25 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. Сонымен қатар, өңірдегі Талдықорған, Текелі, Сарқан, Жаркент, Үштөбе және Үшарал қалаларында «Таза қала» атты экологиялық акция өтті. Оның басты мақсаты – қала аумақтарын тазарту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және халықты экологиялық шараларға жұмылдыру болды. Аталған қалалардағы акцияларға жалпы саны 2 800 адам қатысып, 41 техника қолданылды. Нәтижесінде қалалардан 101 тонна қоқыс шығарылып, 1 710 дана ағаш…

Толық оқу
Түркістан

Түркістан облысы Ақсу ауылының тұрғыны Владислав Голярко қалдықтарды қайта өңдеуді табысты бизнеске айналдырып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Экологиялық жоба Жаһандық экологиялық қор мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының қолдауымен берілген шағын грант арқылы жүзеге асқан. Бастапқы қаржыға кәсіпкер қоқысты бөлек жинайтын арнайы контейнерлер орнатып, бұл бастамаға ауыл тұрғындарын тартқан. Жүйенің жұмысы өте қарапайым: жергілікті тұрғындар пластик, шыны және қағазды өздері сұрыптап, белгіленген контейнерлерге жинайды. Кейін олар қайта өңдеуге жіберіліп, одан түскен табыстың бір бөлігі қайтадан тұрғындарға қайтарылады. Тұрғындар қаржыны қайда жұмсайтынын өздері шешеді. Уақыт өте келе бұл жоба кеңейіп, қосымша мобильді сервис іске қосылған. Қазір ауыл тұрғындары сұрыпталған қоқыстың суретін…

Толық оқу
ғылым күні

Шығыс Қазақстан облысында Ғылым қызметкерлері күніне арналған ғылыми кеңестің екінші отырысы өтті. Жиында өңірдің ғылыми әлеуетін дамыту, инновацияларды өндіріске енгізу және цифрландыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, облыстың ғылым саласын дамытуға үлес қосқан бірқатар ғалым марапатталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғылыми кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ғылымды нақты экономикамен байланыстырудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, өңірде металлургия, медицина, цифрлық технологиялар және агроөнеркәсіптік кешен сияқты негізгі салалар айқындалып, бұл бағыттарда ғылым мен өндірістің байланысын нығайту көзделіп отыр. – Бүгінде өңірде жас ғалымдарды қолдау үшін барлық жағдай жасалуда. Олардың зерттеулерін тұрақты жүргізіп, нәтижелерін өндіріске енгізу – басты міндет. Бұл жұмыстар ғылымның…

Толық оқу
Отбасы

Қазақстанда Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан «Ата-ана академиясы» жобасы қарқынды түрде дамып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Отбасы институтын нығайту, ата-аналардың тәрбие мен жауапкершілік жөніндегі білімдерін жетілдіру мақсатында қолға алынған бұл жоба 2026 жылы республика бойынша 40 мыңнан астам адамды қамтуды жоспарлап отыр. Жоба аясында ата-аналарға, педагогтер мен әлеуметтік қызмет мамандарына арналған дәрістер, тренингтер, семинарлар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Олардың заманауи форматта өткізілуіне ерекше мән берілген. Жыл басынан бері Қарағанды және Ақмола облыстарында өткен 30-дан астам іс-шараға 1000-нан астам адам қатысып үлгерді. «Ата-ана академиясының» жаңартылған ataana.kz онлайн-платформасы арқылы ата-аналар заңгер, дәрігер, психолог және қауіпсіздік саласының мамандарынан тікелей кеңес ала…

Толық оқу
заңгер кеңес береді

Елордадағы «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында Есіл ауданы прокуратурасының бастамасымен «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Шараның негізгі мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрғындардың білікті заң көмегіне қолжетімділігін қамтамасыз ет болып табылады. Сондай-ақ тұрғындар арасында кең таралған құқықтық мәселелерді анықтап, олардың алдын алу. Акцияға қалалық прокуратура өкілдерімен қатар, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және құқық қорғау ұйымдарының 20-ға жуық маманы қатысты. Адвокаттар мен заңгерлер тұрғындарға тұрғын үй құқығы, еңбек қатынастары, отбасы заңнамасы, әлеуметтік қамсыздандыру секілді түрлі өзекті мәселелер бойынша тегін заңгерлік кеңес берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар арқылы тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарға нақты жауап алып, құқықтық мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік алады.…

Толық оқу
ғалымдар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым қызметкерлері күні қарсаңында бірқатар жас ғалымға елордадан жаңа пәтер кілттерін табыстады. Бұл шара елімізде ғылымды дамытуға және зерттеушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған жүйелі саясаттың жалғасы болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Пәтер иегерлерінің қатарында Қазақстанның ғылымдағы әлеуетін арттырып жүрген жас әрі талантты мамандар бар. Ядролық физика институтының ғалымы, физик Әлішер Мүтәлі – ядролық энергетика үшін қажетті материалдардың радиациялық төзімділігін зерттеуге маманданған жас маман. Ол 20-дан астам халықаралық мақала жариялап, бірнеше мәрте халықаралық грант иегері атанған. Оның зерттеулері болашақ энергетика қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Тарих ғылымдарының өкілі Ақмарал Бейсембаева сегіз жылдық ғылыми қызметінде саяси қуғын-сүргін мәселелерін…

Толық оқу

2026 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстандағы кітапхана қызметіне деген қызығушылық бұрын-соңды болмаған деңгейге көтеріліп, кітап оқырмандарының саны 11 миллионнан асты. Бұл кітап оқуға деген ынтаның артып, қоғамдағы мәдени өмірдің жанданып келе жатқанын айқын көрсетеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ресми статистикаға сүйенсек, кітапханаға ең көп баратын өңірлер қатарында Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ақмола облыстары көш бастап тұр. Әсіресе, Солтүстік Қазақстан облысының кітапханаларына алғашқы үш айда 967 458 адам келсе, Түркістан облысында бұл көрсеткіш 760 261, Ақмола облысында 713 640 адамды құрады. Сарапшылардың пікірінше, кітапханалардың мәдени-ағартушылық шараларға ерекше көңіл бөлуі, танымал қаламгерлермен шығармашылық кездесулер өткізуі және жастарға арналған оқырман клубтарын ұйымдастыруы келушілер санын еселеп…

Толық оқу
Абзал

Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімдігі инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртып, көшелердің жарықтандыру жүйесін дамытуға ерекше мән беруде. Осы бағыттағы жұмыстардың қазіргі нәтижелері мен алдағы жоспарлары туралы аудан әкімі Абзал Егембердиев айтып берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкімнің айтуынша, биыл Достық шағынауданында су құбыры мен кәріз желісінің құрылысы аяқталған. Жалпы ұзындығы 15,7 шақырымды құрайтын бұл жоба 800 үйді қамтып, 3500 тұрғынға қолайлы жағдай жасады. Таугүл шағынауданында да инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұған дейін осы аумақта 23,6 шақырым желі жаңартылса, қазір қосымша тағы 2 шақырым желі салынуда. Жобаның аяқталуы нәтижесінде 5500 тұрғын орталықтандырылған желіге қол жеткізеді. Аудан басшысы ескірген инфрақұрылым мәселесіне ерекше назар аударып…

Толық оқу

Қазақстанда соңғы жылдары ғылым саласына айрықша көңіл бөлініп келеді. Ғалымдардың саны артып, мемлекеттен бөлінетін қаржы көлемі де өсіп жатыр. Алайда бұл сандық өзгерістердің сапалық нәтижесі байқалып жатыр ма? Сарапшылар мен жас ғалымдардың пікірін негізге ала отырып, осы сұраққа жауап іздеп көрдік, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегіне сәйкес, Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын мамандар саны соңғы төрт жылда 30 пайызға артқан. 2025 жылғы көрсеткіш бойынша, ғылым саласында 28 374 адам еңбек етіп жатыр. Әсіресе жас ғалымдардың үлесі едәуір ұлғайған: олар бүгінде ғылыми кадрлардың жартысына жуығын құрайды. Қаржыландыру мәселесі де айтарлықтай оң өзгерген. 2020-2024 жылдар аралығында ғылымға бөлінген қаржы…

Толық оқу