Автор: Лейла Болтаева

Жасанды интеллектті қолдану арқылы қалаларды басқарудағы жаһандық трендті ұстанып отырған INTEGRA CITY компаниялар тобы GITEX Africa 2026 халықаралық көрмесінде бірегей цифрлық басқару экожүйесін ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Марракеште өткен бұл көрме Африка құрлығындағы ең ірі технологиялық іс-шаралардың біріне айналды. 7-9 сәуір күндері өткен көрмеге әлемнің 55 мыңнан астам қатысушысы, 1 500 халықаралық экспоненті мен 700-ден аса спикері жиналды. INTEGRA CITY-дің ұсынған шешімдері қалалардың басқару жүйесін түбегейлі өзгертуге бағытталған. Бұл платформа арқылы қалалық қызметтерден жиналған барлық деректер бір орталыққа біріктіріліп, жасанды интеллект көмегімен талданады. Осылайша, әртүрлі қалалық жүйелердің үздіксіз әрі үйлесімді жұмысы қамтамасыз етіледі. Платформаның ашық архитектурасы қолданыстағы құрылғылар мен бағдарламаларды…

Толық оқу
JOLTAP

Елордада табысты жүзеге асырылып келе жатқан «JOLTAP» әлеуметтік жобасы халықтың табысын арттыруға бағытталған тиімді әдіс ретінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеп отыр. 2023 жылдан бері Астана қаласы әкімдігі мен «Жаңа мүмкіндік» қоры бірлесіп іске асырып жатқан бұл жоба бүгінде мыңдаған адамның өмірін өзгертуге ықпал етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба қарапайым халыққа қысқа мерзім ішінде жаңа мамандықты игеріп, тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді. Ол Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасына сай, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеруге бағытталған. Екі жарым жыл ішінде «JOLTAP» жобасы бойынша 18,8 мыңнан астам адам кәсіби курстардан өткен. Оның ішінде 10 мыңнан астамы қала…

Толық оқу
ломбард

Қазақстандықтар ломбардқа тапсырған алтындарын кейін қайтармай, ұмытып кетсе, бұл әрекет болашақта ипотека немесе автонесие алу кезінде үлкен кедергі болуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Көптеген адамдар ломбардқа алтын өткізуді «сату» деп түсінеді. Шын мәнінде, бұл мүлікті кепілге қою арқылы алынған микрокредит. Сіз менеджерге әуелден «алтынды қайтарып алмаймын» деп айтқан күннің өзінде де, құжат бойынша рәсімделетіні – несие келісімі. Мұндай жағдайда несие белгіленген мерзімде өтелмесе, жүйе сізді төлем мерзімін кешіктірген адам ретінде тіркейді. Уақыт өте келе бұл «дефолт» (төлем қабілетсіздігі) болып белгіленіп, сіздің несие тарихыңызға түседі. «Көпшілігі алтын ломбардта қалған соң, міндеттемені жабылды деп ойлайды. Алайда кредиттік тарих мерзімнің бұзылғанын тіркеп қояды.…

Толық оқу
ғалымдар

Ақтөбелік ғалымдар зиянды заттарды ондаған есе азайтатын жаңа технология әзірледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғалымдары өндірістен бөлінетін зиянды қалдықтарды күрт азайтатын тың газ тазарту технологиясын жасап шықты. Зерттеу нәтижесінде қолданысқа енгізілген жүйе түтін құрамындағы шаң мен улы заттардың мөлшерін ондаған есе төмендетуге мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі уақытта бұл инновациялық жоба Ақтөбе, Ақсу және Екібастұз қалаларындағы ірі өндірістік нысандарда тәжірибе жүзінде сынақтан өтіп жатыр. Әзірленген жүйе металлургия, энергетика, тамақ өнеркәсібі мен құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындарға бейімделген. Сондай-ақ, бұл технология Ақсу ферроқорытпа зауытында, «Қазхром» ТҰК АҚ нысандарында және еліміздің басқа да кәсіпорындарында нақты нәтижесін көрсетуде. Жаңа технология Ақтөбе…

Толық оқу
Баян Мақсатқызы

Танымал журналист Ербол Мәндібек кәсікер Тұрсын Алагөзов кімнің тілін алып, жұмысшыларына 100 пәтер бергізгенін ашып айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Журналист «Жұмаққа баратын екі адам болса, соның бірі Баян апам деп ойлаймын» дейді журналист. Ол Баянның күні кеше ғана айтқан ойы  бай-бағландардың әйелдеріне айтылған үндеу секілді қабылдағанын алға тартты. – Жұмысшыларға 100 пәтер беру туралы шешімді кім қабылдады? – деп сұрағанда, Баян апам еш ойланбастан: – Бұл менің шешімім. Тұрсынға (күйеуіне) айттым: «Құдай саған байлық беріп жатыр. Сенің қолыңда бәрі бар. Ендеше, сол дүниені халықпен бөлісу – сенің міндетің. Елге берсең, Жаратушы оның сауабын еселеп қайтарады, – дедім. Содан кейін Тұрсекең…

Толық оқу
Қуаныш Мәдиұлы Әжмағамбетов

Талдықорған жұртшылығы қаланың экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан ірі кәсіпкердің қазасына байланысты қайғырып, аза тұтуда. Өңір өнеркәсібінің тарихы мен тұтас саланың өркендеу жолы Қуаныш Мәдиұлы Әжмағамбетовтің есімімен тығыз байланысты болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Өмірде белгілі бір кәсіпті меңгеріп қана қоймай, сол саланың деңгейін биікке көтеріп, оны дамытудың айқын жолын көрсететін тұлғалар сирек. Қуаныш Мәдиұлы өз ісінің майталманы ғана емес, сол істің жаңашыл реформаторы бола білді. Ол Талдықорған аккумулятор зауытының негізін қалаушылардың бірі әрі оны нарықтық экономика жағдайында өркендеткен көрнекті тұлғаға айналды. Ел экономикасы қиын кезеңді бастан өткерген 90-шы жылдары көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтатып, өнеркәсіп тоқырауға ұшырады. Дәл осы шақта Қуаныш…

Толық оқу
Энергетика министрлігі цифрландыру

2026 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанның энергетикалық жүйесі барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика танытып, тұрақты әрі сенімді жұмыстың үлгісін көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Биылғы қаңтар-наурыз айлары аралығында елімізде 33,7 млрд кВт·сағат электр энергиясы өндірілсе, тұтыну көлемі 33,6 млрд кВт·сағатты құрады. Осылайша, елдің энергетикалық жүйесінде 100 млн кВт·сағат көлемінде профицит қалыптасып, бұл көрсеткіш Қазақстанның энергия нарығының тепе-теңдігі мен тұрақтылығын айғақтап отыр. Бұған қоса, биыл елімізде дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері есебінен 2,6 ГВт жаңа қуатты іске қосу жоспарланған. Жыл соңына дейін төрт бірдей бу-газ қондырғысы пайдалануға берілмек. Сонымен қатар екі ірі жел электр станциясы мен төрт күн электр станциясы іске қосылып,…

Толық оқу
Абай атындағы ҚазҰПУ

Теория мен тәжірибенің сабақтастығы – қазіргі білім беру жүйесіндегі ең маңызды міндеттің бірі. Осы орайда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті биыл ерекше бастама көтеріп, болашақ мұғалімдердің жеті айға созылған өндірістік практикасын қорытындылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жақында өткен қорытынды конференцияға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, Алматы және Астана қалаларындағы білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтары, сондай-ақ тәжірибеден өткен студенттер қатысты. Конференцияны Абай университетінің Мансап орталығының басшысы Рақымберді Жетібай жүргізді. Университет өкілдерінің айтуынша, педагогикалық практиканың басты мақсаты – студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және мектеппен ынтымақтастықты нығайту. Биылғы оқу жылында педагогикалық мамандықтардың 2561 үшінші курс студенті қыркүйек айынан бастап Алматының 94 мектебінде алғашқы…

Толық оқу
Ғарышкерлер

Жақында Айға аттанған NASA-ның «Артемида II» миссиясының төрт астронавты ерекше ғылыми сынаққа қатысуда. Ғарышкерлердің өзі ғарышқа ұшпас бұрын, олардың жасушалары кішкентай USB-өлшеміндегі «аватарларға» айналып, ғарыш кемесіне алдын ала орналастырылған. Осылайша, ғарыштағы саяхат кезінде олардың «шағын көшірмелері» арнайы сынақтан өтуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл сынақтың аты AVATAR, яғни «Ғарышкерлер тіндерінің виртуалды аналогтық реакциясы» деп аталады. Мұндағы басты мақсат – ғарыштың адам ағзасына әсерін бұрын-соңды болмаған деңгейде терең зерттеу. NASA өкілдерінің айтуынша, арнайы жасалған микрочиптер (органдық чиптер) арқылы ғалымдар радиация мен салмақсыздық жағдайының адам денсаулығына әсерін зерттеп жатыр. Әр ғарышкердің өз жасушасынан алынған сүйек кемігі жасушалары осы чиптерге орналастырылған. Осы сынақ арқылы…

Толық оқу
Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамптың НАТО-мен арадағы келіспеушілігі тереңдей түсті. Трамп соңғы уақытта НАТО бойынша одақтастарының Ормуз бұғазын қамтамасыз етуге көмектесе алмағанына, сондай-ақ Гренландияны сатып алу жоспарының ілгерілемегеніне қатты наразы болған, деп жазады Ertenmedia.kz. Ақ үйдегі атын атамауды өтінген шенеуніктің айтуынша, президент кеңесшілерімен бірге Еуропадан америкалық әскерилердің бір бөлігін шығару мәселесін талқылаған. Әзірше нақты шешім қабылданған жоқ. Пентагонға да осы мәселе бойынша жоспар дайындауға нақты тапсырма берілмеген. Дегенмен бұл пікірталастар Вашингтон мен НАТО-дағы еуропалық серіктестер арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты нашарлағанын көрсетеді. Тіпті НАТО бас хатшысы Марк Рюттенің жақында Ақ үйге жасаған сапары да жағдайды жақсарта алмаған сыңайлы. Сарапшылардың айтуынша, қазір трансатлантикалық қатынастар…

Толық оқу