Қазақстандағы танымал супермаркеттер мен онлайн-сервистердегі бағаны салыстырған тұтынушының зерттеуі қызықты нәтижелер көрсетті. Белгілі болғандай, бірдей өнімдерден құралған азық-түлік себетінің бағасы дүкендер арасында 12 мың теңгеге жуық айырмашылықпен сатылуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Салыстыру Magnum, SPAR, Small және Arbuz.kz секілді танымал желілер мен онлайн қызметтер арасында жүргізілді. Азық-түлік себетіне күнделікті жиі қолданылатын негізгі тауарлар кірген: бакалея, сүт өнімдері, ет тағамдары, сусындар, көкөністер және басқа стандартты позициялар. Бағаның ең қымбат деңгейі Magnum супермаркетінде тіркелген. Kaspi.kz арқылы тапсырыс берілген бір себеттің құны – 37 089 теңге болған. Ең арзан сауда SPAR супермаркетінде байқалды. Yandex Go қосымшасы арқылы дәл сол тауарлар 25 217 теңгеге алынған.…
Автор: Лейла Болтаева
10 сәуірге арналған жұлдыз жорамал күннің басты тақырыбы ретінде шынайылықты, ашықтықты және жоспарларды қайта бағалауды көрсетіп отыр. Бүгінгі күн – эмоциялар мен қарым-қатынастарға ерекше көңіл бөлетін уақыт. Өзгерістерге ашық болыңыз, жаңа ойлар мен адамдар күтпеген мүмкіндіктерге жол ашады, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Жоспарлардағы кідірістер мен бөгелістер ашуыңызды келтіруі мүмкін, әсіресе олар басқа адамдарға тәуелді болса. Бір жобаңыз тоқтап қалғандай сезілсе де, оны аз да болса алға жылжытуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ өзіңіздің де бір істі кешеуілдетіп жатқан жоқсыз ба – соны тексеріңіз. Әзірге басқа бір тапсырмаға күш салғаныңыз дұрысырақ болады. Торпақ Айтуға жүрегіңіз дауаламай жүрген ойларыңызды бүгін ашық жеткізген жөн. Шындық…
10 сәуір күні еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бірқатар өңірде жауын-шашын, желдің күшеюі және температураның күрт өзгеруі күтілуде. Ал оңтүстік пен батыс аймақтарда көктемнің жылы күндері жалғасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Петропавлда түнде жаңбыр мен қар аралас жауын жауады, жолдарда көктайғақ болады. Күндіз ауа температурасы +6…+8 градусқа дейін көтеріледі. Қостанай мен Көкшетауда жауын жауып, күндіз ауа +8…+10 және +6…+8 градус шамасында жылынады. Астанада түнгі және таңертеңгі уақытта жаңбыр жауса, күндіз термометр көрсеткіші +7…+9 градус аралығында болады. Қарағандыда күндіз күн райы ашылып, температура +10…+12 градусқа дейін жетеді. Ал Жезқазғанда күн ашық әрі жылы болады, ауа температурасы +19…+21 градусқа дейін көтеріледі.…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданындағы жұмыс сапарында «Сарыағаш-Құс» кәсіпорнының жұмыртқа өндіретін зауытына барды. Өңір басшысы Дарбаза ауылдық округінде орналасқан фабриканың өндірістік әлеуетімен танысып, сала мамандарымен пікір алмасты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба құны 237 миллион теңге. Қазіргі таңда фабрикада 20-дан аса жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талман өндіріс қарқыны мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Оның айтуынша, өнім сапасын арттырып, көлемін ұлғайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Фабрика өндірген жұмыртқа толығымен ішкі нарыққа бағытталған. Әсіресе Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан сұраныс жоғары. Нұралхан Көшеров осындай кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызына ерекше тоқталды. «Өндіріс…
Алматыда материалдық емес мәдени мұраны сақтау, оны ілгерілету мәселелері жан-жақты талқыланған ұлттық деңгейдегі дөңгелек үстел өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараға Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ЮНЕСКО Хатшылығының өкілдері, сонымен қатар еліміздің түрлі өңірлерінен келген сарапшылар мен мамандар қатысты. Жиын 2025-2026 жылдарға арналған ЮНЕСКО-ның Техникалық гранты аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл бағдарлама пилоттық түрде Қазақстанның бес өңірінде – Жетісу, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарында іске асырылуда. Осы өңірлерде гранттың орындалуы мен оның тиімділігін бақылайтын арнайы жұмыс топтары құрылды. Басқосуда сөз сөйлеген ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ұлттық мәдени дәстүрлерге жүйелі мемлекеттік қолдаудың маңыздылығына назар аударды.…
Электрлік индикаторлы бұрағыштың ішкі құрылысын көріп пе едіңіз? Сырттай қарапайым көрінген бұл құрал сіздің өміріңізді қалай сақтайтынын білесіз бе? Осы бір шағын құрылғы электр тогын анықтап, сізді кездейсоқ тоқ соғудан қорғап қалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Алдымен, индикаторлы бұрағыштың құрамдас бөлшектерін қарапайым тілмен таныстырайық. Құралдың төменгі бөлігін қаптап тұрған қызыл түсті оқшаулағыш қабатқа назар салыңыз. Ол «оқшаулағыш корпус» деп аталады. Негізгі міндеті – кездейсоқ саусағыңыз сырғып кетсе немесе басқа өткізгішке тиген жағдайда, сізді тоқ соғудан сақтайды. Ең төменгі ұшында орналасқан «металл ұштық» тікелей ток көздеріне, мысалы, сымдарға, розеткаға немесе ажыратқышқа жанасып, электр тогының бар-жоғын анықтайды. Бұл – индикатордың негізгі жұмыс істейтін…
Көлігіңіз қалай қозғалады және жолдағы кедергілерден қалай оңай өтеді деп ойланып көрдіңіз бе? Төмендегі қарапайым түсіндірме арқылы сіз көліктің қозғалуына жауапты негізгі механизмдерді жақынырақ таныса аласыз, деп жазады Ertenmedia.kz. Амортизатор және серіппе (аспалы жүйе) Автокөліктің дөңгелегінің үстіңгі жағында орналасқан серіппе мен амортизатор бар. Оларды бірлесе «МакФерсон тіреуіші» деп те атайды. Бұл бөлшектердің басты міндеті – көліктің салмағын көтеріп, жолдағы кедір-бұдыр мен шұңқырлардан өтуді жеңілдету. Олар қозғалыс кезіндегі дірілді сіңіріп, жолаушылардың жайлы жүруін қамтамасыз етеді және дөңгелектің жолмен тұрақты жанасуына мүмкіндік береді. Жетекші білік (Drive Shaft) Жетекші білік – қозғалтқыш пен беріліс қорабынан келетін қуатты дөңгелектерге жеткізетін металл түтік. Оның негізгі…
Ұлттық қорға мұнай-газ компанияларынан наурыз айында түскен қаражат көлемі 83 млрд теңгені немесе 175,6 млн долларды құрады. Бұл қор құрылған 2001 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш, деп жазады Ertenmedia.kz. Жалпы наурызда Ұлттық қорға түскен барлық түсім 98,1 млрд теңгеге (207,6 млн доллар) жеткен. Оның ішінде мұнай-газ саласынан алынатын салықтар мен міндетті төлемдерден бөлек, компаниялар төлейтін айыппұлдар, сот шешімдері бойынша мемлекетке өтелетін сомалар, бұрын берілген бюджет несиелерінің қайтарымы, мемлекеттік активтерді жекешелендіруден келген табыс, сондай-ақ Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кіріс те бар. Жылдың алғашқы үш айында Ұлттық қорға жалпы көлемі 799,5 млрд теңге түскен. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,6…
Түркістан облысында жылыжай шаруашылығы қарқынды дамыған сайын, экологиялық жауапкершілік мәселесі күн тәртібіне шығып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қысқы маусымда жылыжайларды көмірмен жылыту тәжірибесінің кеңінен қолданылуы зиянды қалдықтардың артуына әкеліп, бұл өз кезегінде ауаның ластануына және халық денсаулығына кері әсерін тигізуде. Осыған орай, облыс әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданында жылыжай шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлермен кездесіп, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше тоқталды. Аймақ басшысы жылыжай бизнесінің тек табыс көзі емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. – Жылыжай шаруашылығы экономикалық жағынан өте тиімді сала болғанымен, экологиялық жауапкершілік бірінші орында тұруға тиіс. Көмірден бөлінетін улы қалдықтар қоршаған ортаны ластап, адамдардың денсаулығына қауіп…
Белгілі әнші, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев жас әнші Еркеш Хасенге тосын сый жасап, жаңа көлік алып берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл қуанышты жаңалықты Еркеш Хасен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, көлікке ие болуы күтпеген жерден, аяқ астынан болған. Бір жобаның түсірілімінен соң Еркеш үйіне қайту үшін такси шақырып тұрған сәтте Мейрамбек Бесбаев одан: «Өз көлігің жоқ па?» – деп сұраған екен. Еркештің жоқ екенін білген соң, келесі күні арнайы жеке шақырып алып, жас әншінің жағдайын жүрегіне жақын қабылдағанын айтқан. Содан кейін жақын күндері көлік сатып алуға көмектесетінін жеткізген. – Кеше ғана такси шақырып тұрған сәтімді көріп, бүгін…










