Қазақстанда бұрын-соңды болмаған ерекше қылмыстық іс қаралғанын Михаил Козачков алға тартты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шығыс Қазақстан облысындағы «Kaz Ceramics» кәсіпорны Беларусь еліне бериллий оксидінен жасалған өнімдер экспорттаған. Тергеу мен соттың пайымдауынша, бұл тауарлар жаппай қырып-жою қаруын жасауға қолданылуы мүмкін екен – 2024 жылы «Kaz Ceramics» зауытынан жұмыстан шығарылған Юрий Падалко есімді азамат құқық қорғау органдарына келіп, кәсіпорын «көрші мемлекетке қару-жарақ бөлшектерін жеткізіп жатыр» деп мәлімдеген. Оның мәліметтерінің дереккөзі, өз сөзімен айтқанда, зауыттың темекі шегетін орнында болған әңгімелер екен, – дейді Михаил Козачков. Осы хабардан кейін Ресей шекарасында Беларуське бағыт алған «Газель» көлігі ұсталды. Оның ішіндегі «Kaz Ceramics» өнімдері контрабандалық тауар ретінде рәсімделіп,…
Автор: Лейла Болтаева
Жаңа Конституцияның жобасы кәсіби заңгерлердің, әртүрлі сала сарапшыларының және азаматтық қоғам өкілдерінің ұзақ әрі жүйелі жұмысы нәтижесінде әзірленді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында Мәжіліс депутаты, «Respublika» партиясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров мәлімдеді. Айдарбек Қожаназаров, реформаны талқылау алты айдан астам уақыт бойы жүргізілгеніне тоқталды. Осы кезең ішінде жүздеген, мыңдаған азамат өз ұсыныстарын жолдады. Комиссия мүшелері ғана емес, жұртшылық та бұл құжатты қазіргі заман талаптарына толық жауап беретін, терең ойластырылған және елдің ұзақ мерзімді даму бағдарын айқындайтын маңызды құжат ретінде бағалап отыр. Соған орай ол жаңа Конституцияның жобасын референдумға шығаруды ұсынды. – Конституциялық комиссияның мүшесі ретінде жекелеген баптардың редакциясы…
Конституциялық комиссияның VIII отырысында Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай мемлекеттің жария-құқықтық жауаптылығын Конституция деңгейінде бекітуді ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі азаматтардың құқықтарын жиі бұзады. Бұл көбіне өтініштерді қараудың кешігуі, шешім қабылдамау немесе сот шешімдерін орындаудан жалтару сияқты жағдайларда көрінеді. Соның салдарынан адамдар құқықтық белгісіздік жағдайында қалып отыр. – Заңсыз әрекеттер немесе әрекетсіздік билік өкілеттіктерінің орындалу тәртібін бұзып, жеке тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіреді. Сондықтан мемлекет азаматтарды қорғау үшін өзара іс-қимыл рәсімдерін жетілдіріп, заңнаманың тиімділігін арттыруы тиіс, – деді Серік Ақылбай. Ол 2021 жылы қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс мемлекеттік органдардың санасын өзгерткенін атап өтті. Кодекс бойынша…
Қазақстандық жаңа брендтер өз өнімдерін дүкен сөрелеріне жеңілдетілген шарттармен қоя алады. Сауда және интеграция министрлігі ішкі саудадағы кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған ережелерге өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа ережеге сәйкес, отандық өндірушілер тауарларын сауда орындары мен дүкен сөрелеріне жеңілдікпен орналастырады. Бұл мүмкіндік Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген жаңа брендтерге беріледі. Жеңілдік мерзімі үш айдан басталады. Ол үшін өндіруші жазбаша өтініш беруі керек. Сонымен қатар ережеге айналым қаражатын толтыру кезінде қажетті сауда жабдықтары, тауарлар мен шикізаттарды тек Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енген кәсіпкерлерден алу туралы талап енгізілген. Бұдан бөлек, кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мен кепілдік беру туралы шарт жасалғаннан кейін,…
Түркия авиациялық саладағы технологиялық тәуелсіздікке ерекше көңіл бөлуде. Әсіресе әскери авиацияға қажетті қозғалтқыштар мен қосалқы қуат жүйелерін дамытуға басымдық берілген, деп жазады Ertenmedia.kz. Ресми Анкараның осы бағыттағы жұмыстар Түркияның сыртқы тәуелділіктен арылуға және жаһандық геосаяси жағдайда тәуелсіз әскери шешімдер қабылдау қабілетін күшейтуге бағытталған. Осы саладағы басты орталықтардың бірі TRMOTOR компаниясы. Кәсіпорын әскери авиация платформаларына арналған ұлттық газ-турбиналық қозғалтқыштар мен қуат қондырғыларын жобалаумен айналысады. TRMOTOR ұстанған стратегиялық бағыт сыртқы көздерге тәуелділікті жойып, отандық технологияларды дамыту және халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болу. TRMOTOR әскери тәуелсіздікті нығайтады 2017-2021 жылдары TRMOTOR ұлттық энергетикалық жүйелер саласындағы зерттеу және конструкторлық жұмыстарды күшейтті. 2021 жылдан бастап компания 5-ші буын…
Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қабылдаған шаралары оң нәтиже бере бастады. Халыққа берілетін несие көлемінің өсу қарқыны төмендеді, ал кепілсіз тұтынушылық несиелендіру бұрынғы қарқынын жоғалтты. Сонымен қатар, банктер бизнес пен экономиканы қаржыландыруды арттырып, сектордың тұрақтылығын сақтап қалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Реттеу шараларының нәтижесі 2025 жылы халыққа берілген несие 19,8%-ға өсіп, 24,8 трлн теңгеге жетті. 2024 жылы бұл көрсеткіш 23,9% болған еді. Әсіресе тұтынушылық несиелендіру қарқыны айтарлықтай бәсеңдеді. Тұтынушылық несие көлемі бір жыл ішінде 21%-ға (16,7 трлн теңге) артты. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 33,5% болған. Кепілсіз несиелендіру қарқыны екі есеге жуық төмендеді: 2024 жылы – 29,3%,…
Ауа райының нашарлауына байланысты Астанадағы бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары 6 ақпан күні қашықтан оқуға көшірілді, деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 ақпанда Астанада бұлтты болып, қатты жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-3°C болып, әрі қарай төмендейді. Бүгін оңтүстікте дауылды жел соғады. Барлық өңірлерде ауа райы өте қолайсыз.
«Дьявол носит Prada 2» фильмі әлі жарыққа шықпай жатып рекорд орнатты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 20th Century Studios студиясының мәліметінше, фильмнің трейлері бір тәулікте 222 млн рет қаралған. Бұл – студия үшін рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін, 2025 жылы шыққан қысқа тизер де бір күнде 181,5 млн қаралым жинаған болатын. «Дьявол носит Prada» фильмінің алғашқы бөлімі 2006 жылы жарық көріп, көрермен ықыласына бөленген еді. Онда сән әлемінің қатал талаптары мен ішкі тартыстары көрсетілді. Жаңа бөлімде бұрынғы актерлер Мэрил Стрип, Энн Хэтэуэй, Эмили Блант және Стэнли Туччи қайта оралды. Мэрил Стрип сән әлеміндегі қатал Миранда Пристли рөлін қайта сомдайды. Энн Хэтэуэйдің кейіпкері Энди Сакс…
Таиландтағы Кхао-Яй ұлттық саябағында туристі піл таптап өлтірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға таңғы сағат 05:30 шамасында болған. 69 жастағы турист кемпинг аумағында серуендеп жүрген кезінде орман шетіндегі пілмен бетпе-бет келген. Куәгерлердің айтуынша, піл кенеттен ер адамға шабуылдап, оны тұмсығымен көтеріп, жерге лақтырып, таптап кеткен. Басқа туристер қауіпсіздік мақсатында араласпаған. Ер адам өз шатырынан 20 метр қашықтықта оқиға орнында көз жұмды. Оқиға туралы хабар жеткен соң ұлттық саябақ қызметкерлері мен полиция келіп, пілді кемпинг аумағынан алыстатқан. Медициналық тексеру нәтижесінде марқұмның аяқ-қол сүйектері сынғаны және ауыр дене жарақаттары алғаны белгілі болды. Қайтыс болған адамның кім екені анықталды ол 69 жастағы Джиратхачай Джирапатбуньяторн…
6 ақпанға арналған жұлдыз жорамалын астрологтар ұсынады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тоқты «Сыйлық әкелгендердің де сыйынан сақ бол! » деген дана сөз әлі күнге маңызын жоғалтқан жоқ. Бүгін соны есіңізде ұстаңыз. Торпақ Бүгін ұсақ-түйекке мән бермей, жағдайды тұтас қараңыз. Сонда көп нәрсе анық әрі қызықты болады. Егіздер Жалғыздық та ләззат сыйлайды, әсіресе сирек әрі қалағаныңыз болса. Дегенмен, ұзақ жалғыздықтың зиянды екенін де ұмытпаған жөн. Шаян Айналаңыздағылардың сынай қарап, жақтырмаған көзқарастарына мән бермеңіз. Мүмкін олар жай ғана қызғаныштан істеп отырған шығар. Ашуға бой алдырсаңыз, өзіңізге зиян келтіресіз. Арыстан Ой-қиялыңыз бүгін өзіңіздің физикалық мүмкіндіктеріңізден асып түседі. Артық күш жұмсап, шаршап қалмаңыз. Бикеш Бүгін…










