Жаңа Конституция жобасындағы 18-бапты нақтылау қажет. Бұл туралы Конституциялық комиссияның VIII отырысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, Конституция жобасының 18-бабына қатысты заңгерлер мен сарапшылардан бірнеше ұсыныс түскен. – Осы баптың 2-тармағында: «Сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды» деп жазылған. Бұл тұжырым жалпы алғанда дұрыс. Алайда оның орыс тіліндегі нұсқасында «мерзімнен артық ұстау» деген шешуші сөз тіркесі түсіп қалған, – деді Жандос Өмірәлиев. Оның пікірінше, бұл кейбір мамандардың «сот шешімінсіз күдіктіні ұстауға мүлдем болмайды» деген түсінігіне әкелуі мүмкін. – Мәтінге зер салып қарасақ, шынымен де солай ойлауға негіз бар. Алайда…
Автор: Лейла Болтаева
Конституцияның қазақ тіліндегі мәтінімен жұмыс істейтін арнайы топ құрылып, маңызды әрі сапалы жұмыс атқарылды. Бұл туралы Конституциялық комиссияның сегізінші отырысында ҚазГЗУ АҚ басқарма төрағасы, профессор Талғат Нәрікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, Конституция мәтініндегі терминдер жүйеленіп, қазақ тілінің заңдылықтары мен ерекшеліктеріне сай реттелген. – Комиссияның алғашқы отырысында көтерілген терминдерді біріздендіру мәселесі толық ескерілді. Бұған дейін заңгерлер қолданыстағы Конституцияда «құқылы», «хақылы», «құқығы бар», «құқығы жоқ», «хақысы бар» секілді терминдердің бір мәтінде әртүрлі қолданылуын сынға алған еді. Жаңа мәтінде осы терминдер нақты мағынасына қарай жүйеленіп, бірізділік сақталды. Сонымен қатар терминологияда қазақ тілінің табиғи заңдылықтары мен ерекшеліктері басты назарға алынды, – деді…
Түркістан облысында 200 орындық жаңа перинаталдық орталықтың құрылысы ресми түрде басталды. Маңызды медициналық нысан Ордабасы ауданының Ордабасы ауылында салынып жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Орталықтың іргетасын қалау рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты. Әкімнің айтуынша, бұл жобаның маңызы зор өңірдегі демографиялық өсім мен халық санының тұрақты артуы осындай заманауи медициналық нысандардың қажеттілігін тудырып отыр. – Бүгін Түркістан облысында тағы бір игі бастаманың куәсі болып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында медициналық инфрақұрылымды дамыту керектігін ерекше атап өткен болатын. Бүгін соның нақты қадамы ретінде жаңа перинаталдық орталықтың іргетасын қаладық. Бұл орталық Ордабасы, Бәйдібек, Сайрам, Түлкібас аудандары мен Арыс қаласының тұрғындарына…
ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталин жаңа Конституция жобасы бойынша кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді. Жиында негізгі заңның еңбек адамын қорғауға бағытталған тұстары жан-жақты талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. ҚРКФ Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жаңа Конституциядағы басты құндылық адам екенін атап өтті. – Жаңа Конституция жүйеден жоғары тұратын адам құндылығын бекітетін құжат. Онда еңбек ету құқығы, лайықты жалақы мен еңбек жағдайына қатысты мемлекеттің жауапкершілігі нақты белгіленген. Енді заңдар бір ғана орталықтың қалауымен емес, халықтың қатысуымен қабылданады. Әрбір жұмысшының өз дауысын естіртуге мүмкіндік беретін қадам, – деді Сатыбалды Дәулеталин. ҚРКФ Төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев Конституция жобасында «еңбек ету бостандығы» ұғымының…
Қазақстан Ұлттық банкі «Цифрлық теңгені шығару, айналымға енгізу және өтеу тәртібін бекіту туралы» қаулы жобасын әзірлеп, талқылауға ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Цифрлық теңге ұлттық валютаның цифрлық үлгісі және заңды төлем құралы. Оның шығарылуы, айналымы және өтелуі Ұлттық банктің Цифрлық теңге платформасында жүзеге асады. Жеке және заңды тұлғалар үшін цифрлық шоттарды банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ашады және қызмет көрсетеді. Қаулы жобасы цифрлық теңгені шығару, айналымға енгізу және өтеу ережелерін, оның ішінде цифрлық шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібін, цифрлық теңгенің таңбалануын, смарт-келісімшарттарды қолдануды, сондай-ақ Цифрлық теңге платформасы қатысушыларына қойылатын талаптар мен олардың өзара іс-қимыл тәртібін белгілейді. Құжатты…
Ұлытау облысында марганец рудасын заңсыз өндірген азаматқа сот үкімі шықты. Ол бірнеше жыл бойы лицензиясыз әрі келісімшартсыз жер қойнауын пайдаланған, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлытау облысы прокуратурасының мәліметінше, тергеу Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жүргізілген. 2020-2023 жылдар аралығында 50 жастағы Қостанай облысының тұрғыны ешқандай лицензиясыз «Шығыс Қаражал» кен орнынан марганец рудасын өндірген. Іс материалдарына сәйкес, заңсыз өндірілген руда сатылып, одан түскен табыс қолма-қол ақшаға аударылып, жалған мәмілелер арқылы заңдастырылған. Заңсыз әрекеттер барысында 16 мың тоннадан астам марганец рудасы өндірілген. Тергеу дерегінше, мемлекетке келтірілген тікелей залал сомасы 1,3 миллиард теңгеден асады. Сонымен қатар, өндірілген және қайта өңделген темір-марганец рудасын Қазақстанда және шетел нарықтарында…
Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары құр сөзден нақты іске көшіп, үлкен жобаларға ұласып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф арасындағы келіссөздерде басты назарда Қазақстанның Араб теңізі арқылы Үнді мұхитына шығатын логистикасын жолға қою мәселесі тұрды. Бұрынғыдай бұлыңғыр жоспарлар емес, нақты келісімшарттар, порттар және теміржол бағыттары айқындалды. 2025-2027 жылдарға арналған Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жол картасының алғашқы нәтижелері де белгілі болды. Екі елдің ендігі мақсаты – тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткізу. Бұл ретте Пәкістан Қазақстанға халықаралық нарықтарға балама жол ретінде Карачи және Гвадар порттарын ұсынды. Карачи қалыптасқан ірі логистикалық орталық болса, Гвадар…
Юпитер Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар болып саналады. Бірақ ғалымдар оның бұрын ойлағаннан сәл ғана кіші екенін анықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. NASA-ның «Юнона» ғарыш аппараты арқылы алынған жаңа деректер Юпитердің өлшемі мен формасын бұрынғыдан да дәл өлшеуге мүмкіндік берді. Бұл ақпарат ғалымдарға алып ғаламшардың ішкі құрылымын егжей-тегжейлі зерттеп, табиғатын терең түсінуге жол ашады. «Юнона» аппаратының бақылауларына сәйкес, Юпитердің экваторлық диаметрі 142 976 шақырымды құрайды, бұл бұрынғы өлшеулерден шамамен 8 шақырымға қысқа. Ал солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі диаметрі 133 684 шақырым болып шықты, ол алдыңғы есептеулерден 24 шақырымға аз. Жер сияқты Юпитер де мінсіз шар тәрізді емес, ол полюстерден сәл…
Астрологтар бүгін барлық жұлдыз белгілеріне икемді болуға кеңес береді. Күннің энергетикасы жаңа бастамаларға жол ашады, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін сізге шығармашылық шабыт келіп, ескі мәселелерді жаңаша шешесіз. Өзіңіздің батыл идеяларыңыз жаңа бастамалардың негізіне айналуы мүмкін. Ішкі түйсігіңізге сеніңіз, ол сізге дұрыс бағытты көрсетеді. Торпақ Күнделікті тіршілігіңізді реттеп, тұрақты болашаққа негіз қалауға қолайлы күн. Қарапайым нәрселерге өзгеріс енгізуден қорықпаңыз, бұл сенімділігіңізді арттырады. Егіздер Бүгін ақпарат алмасу мен жаңа таныстықтарға қолайлы күн. Сөйлесу барысында күтпеген мүмкіндіктерге жол ашылады. Әрбір кездесу сізге шабыт беруі мүмкін, сондықтан жаңа идеяларға ашық болыңыз. Шаян Өзіңіздің ішкі әлеміңізге тереңірек үңіліп, жан қалауын түсінуге тырысыңыз. Бүгін біраз…
Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі. Желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-ке жетеді. Алматы және Қонаев қалаларында да түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз оңтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Ақмола облысында түнде батыс пен солтүстікте қар жауып, боран соғады, көктайғақ күтіледі. Күндіз өңірдің батыс, солтүстік және оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда таңертең және күндіз қар мен жаңбыр жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Жамбыл облысында тұман түседі, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысқан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с жетеді. Тараз…










