Түнде құрылғыны қуатқа қойып ұйықтау көп адамға ыңғайлы. Бірақ батарея денсаулығына келгенде, басты мәселе «түнде мүлде қоспау» емес, құрылғының зарядты қалай басқаратынында жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі iPhone мен кей Android телефондарында түнгі ұзақ қуаттауды ескеріп, батареяны 80 пайыз маңында ұстап, толық зарядты тек оянар уақытқа жақын аяқтайтын жүйелер бар. Apple мұны Optimized Battery Charging деп атайды, ал Google Pixel құрылғыларында Adaptive Charging осыған ұқсас жұмыс істейді. Сондықтан жаңа смартфон қолданатын адам үшін түнгі қуаттау автоматты түрде қауіпті деген түсінік дәл емес. Apple ресми түрде iPhone толық зарядталған соң қуатты өздігінен тоқтататынын, сондықтан оны түнде қуатта қалдыру қауіпсіз екенін жазады.…
Автор: Лейла Болтаева
Жапония Таяу Шығыстағы тәуекел күшейген тұста мұнай жеткізу бағытын қайта қарап жатыр. Осы үдерісте Қазақстанның Қашаған мұнайы Токио үшін балама емес, стратегиялық сақтандыру тетігіне айнала бастағаны байқалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жапонияның ірі INPEX компаниясы Қазақстан мен Әзербайжаннан өндірілетін мұнайға басымдық беру мүмкіндігін қарастырып отыр. Ашық дереккөздердегі хабарларға қарағанда, сөз Қашаған мен Әзербайжандағы Azeri-Chirag-Gunashli кен орындарынан алынатын шикізат туралы болып отыр. Бұған дейін бұл мұнайдың едәуір бөлігі Еуропаға спот жеткізілім ретінде жөнелтіліп келген. Енді жапон нарығына бұру мәселесі күн тәртібіне шықты. Мұндай бетбұрыстың басты себебі түсінікті. Жапония мұнай импортының 90 пайыздан астамын Таяу Шығыстан алады. Ал Ормуз бұғазы маңындағы ахуал күрт…
Елмізде жасыл энергетика мен атом энергетикасын қатар дамыту мәселесі елдің ұзақ мерзімді энергия қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Су, күн мен жел қуаты экологияға түсетін салмақты азайтса, атом электр станциясы өндіріс пен тұрмысқа үздіксіз базалық қуат беретін тұрақты тірек ретінде қарастырылып отыр. Осы ретте Ertenmedia.kz журналисті Энергетика саласының өкілі Серік Түйтібаев сұхбаттасып, АЭС құрылысының мәні, қауіпсіздік талабы, кадр даярлау, технология таңдауға қатысті әңгіме өрбіткен еді. Енді соған назар аударсаңыздар. – Серік мырза, елімізде атом энергетикасын дамытуға қатысты көп айтыла бастады. Білікті маман ретінде атом энергетикасының мәні мен мазмұнын таразалап сайтымыздың оқырмандарына айтып берсеңіз? – Бүгінде елдің энергияға сұранысы жыл сайын өсіп келеді.…
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру енді қағаз жүзіндегі ұран емес, нақты қауіптің ішіне кіріп жұмыс істейтін салалардан анық көріне бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Соның бір мысалы елордадағы Жедел медициналық көмек станциясында өткен түсіндіру кездесуі. Мұнда прокуратура, полиция және әкімдік өкілдері нашақорлықтың алдын алу, еңбек құқығы және медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерді ортаға салды. Астана қалалық прокуратурасы полиция департаментімен және қала әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған жиында жедел жәрдем жүргізушілері мен медицина қызметкерлеріне заң талаптары, құқықтық қорғаныс тетіктері және күнделікті қызмет барысында туындайтын қауіптер туралы кеңінен түсіндірілді. Кездесу барысында нақты ахуалдық жағдайлар талқыланып, тақырыптық бейнероликтер де көрсетілген. Елордадағы ахуалдың өзі…
Қазір нарықта USB арқылы жұмыс істейтін шағын шамдар көбейіп кетті. Көп адамның жұмыс үстелінде не төсек жанында осындай қарапайым, бірақ ыңғайлы шам бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұндай шамдардың жұмысы қиын емес. Оны USB портына немесе адаптер арқылы тоқ көзіне қоса саласыз, шам жанады. Ал егер осы қарапайым құрылғыны смарт-розеткамен бірге пайдалансаңыз, оның мүмкіндігі бірден кеңейе түседі. Мәселен, шамды қашықтан қосып-өшіруге, жұмыс кестесін алдын ала белгілеп қоюға, тіпті күнделікті тәртібіңізге бейімдеуге болады. Айталық, жұмыс үстеліндегі шамды таңертең өзіңіз жұмысқа кірісетін уақытта автоматты түрде жанып, кешке сөніп қалатындай етіп реттеуге мүмкіндік бар. Дәл сол сияқты төсек жанындағы шамды да ыңғайлы режимге келтіруге…
Қарағандыда Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусіновтің жары Саида Елеусіноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаменті ресми сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әңгіме наурыз айының басында қоғам назарын аударған тұрмыстық жанжалға байланысты болып отыр. Жәбірленуші тарап Саида Елеусінова күш қолданды деп мәлімдесе, оның өзі болған жағдайды кәдімгі көршіаралық тұрмыстық дау ретінде сипаттайды. Сонымен қатар ол кейбір адамдар бұл жанжалды күйеуінің танымал есімі арқылы әдейі ушықтырды деп есептейді. Белгілі болғандай, екі тарап та бір-біріне қарсы арыз жазған. Майқұдық полиция бөлімінде аталған оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы, яғни денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бойынша екі бірдей сотқа…
Лазерлік қару туралы сөз шықса, көпшіліктің көзіне бірден фантастикалық фильмдердегі от шашқан сәуле, ғарыштағы шайқас, үнсіз атылатын «өлім қаруы» елестейді. Бірақ қазір лазерлік технология киноның қиялынан шығып, нақты әскери жүйенің бір бөлігіне айналып бара жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінгі лазерлік қару әзірге «Жұлдыздар соғысындағы»дай көрінбейді. Аспанды тіліп өтетін қызыл не көк сәуле де жоқ, «пию-пию» деген дыбыс та естілмейді. Соған қарамастан, мұндай қару қазірдің өзінде дрондарға қарсы қолданылып жүр. Кей жүйелер нысанды бірден жарып жібермейді, оның орнына сенсорын, бақылау жүйесін немесе навигациясын істен шығарады. Яғни көзге көрінбейтін, бірақ нақты әсер ететін құралға айналып отыр. Осындай бағыттағы ең белгілі жобалардың бірі…
Жанболат пен Жазираның әулетіне жаңа келін болып түскен Асылы оқырмандарына маңызды ескерту жасады. Ол соңғы кезде өздерінің атын жамылып, жалған парақшалар мен фейк лотереялар көбейгенін айтып, көпшілікті сақ болуға шақырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Асылы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған. Оның айтуынша, кейінгі уақытта «Қазбек пен Асылы» деген атаумен бірнеше жалған аккаунт ашылып, солар арқылы қолдан жасалған ұтыс ойындары таратылып жатыр. – Достар, маңызды ақпарат! Соңғы уақытта біздің атымыздан, яғни “Қазбек пен Асылы” деп бірнеше фейк парақша ашылып, жалған лотереялар жүргізіліп жатыр. Біз ешқандай лотерея ұйымдастырып жатқан жоқпыз. Сондықтан белгісіз парақшаларға сенбеңіздер, ешкімнің есепшотына ақша аудармаңыздар, – деп жазды…
Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен ер адам ұсталды. Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде тарап, қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәліметке қарағанда, дәрігерлер шақырту бойынша науқасты қарауға барған. Тексеру кезінде олар пациенттің мас күйде екенін байқап, қолында пышақ барын байқап қалады. Жағдайдың қауіпті екенін түсінген медицина қызметкерлері тәуекелге бармай, көліктің ішіне кіріп бекініп, бірден полиция шақырған. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Жетісу ауданында болған. Жедел жәрдем бригадасы шақырту орнына барған кезде агрессияны науқастың ұлы көрсеткен. Ол алкогольдік мас күйде болып, дәрігерлерге қоқан-лоқы жасап, қауіпті заттарды көрсеткен. Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқиға орнына полиция шақырылған.…
Грузиядан Қазақстанға қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген алаяқ экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті ұйымдасқан топтың мүшесі бола отырып, 2019-2021 жылдар аралығында Қазақстанның бірнеше өңірінде қаржы пирамидасының құрылымдарын басқарған. Қылмыстық топ азаматтарға жоғары табыс уәде ету арқылы 10 миллиард теңгеден астам қаражат тартқан. Бас прокуратураның хабарлауынша, осы іске қатысы бар бірқатар адам бұған дейін нақты мерзімге сотталған. Ал аталған күдікті қылмыс жасалғаннан кейін жасырынып кеткен. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған. 2026 жылдың ақпан айында ол Грузия аумағында ұсталған. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы негізінде күдікті елге қайтарылды. Қазір ол тергеу изоляторына…










