Автор: Лейла Болтаева

Гүлбану

Таяуда журналистерге арналған этносаралық қатынастар тақырыбын жариялау мәселесіне арналған семинар өткен еді. Осы іс-шараға қатысқан Ertenmedia.kz тілшісі «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілі Гүлбану Сейітжановамен сұхбаттасып, медиа этика, ақпараттық дағдарыс, әлеуметтік желідегі қауесет және журналистің қоғамдағы келісімді сақтаудағы рөлі туралы сұрап белген еді. Енді сол сұхбатқа назар аударсаңыздар. – Гүлбану ханым, этносаралық қатынастар тақырыбын жариялау мәселесіне арналған семинардың маңызы жайында айтып берсеңіз? – Семинардың негізгі мақсаты БАҚ өкілдерімен бірге этносаралық қатынас тақырыбын жариялаудың жауапкершілігін талқылауға бағытталды. Бүгінде журналистің мақаласы қоғамдық көңіл күйге әсер ететін маңызды құрал. Бір сөйлем дұрыс құрылмаса, бір дерек нақтыланбаса оның салдары ауыр болуы мүмкін. Сондықтан семинарла журналистермен кәсіби…

Толық оқу
мақпал мен тұрсынбек

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова көпшілік отырған тойда айтқан әзілімен жұртты күлкіге қарық қылды. Өнер иесі танымал әзілкеш әрі асаба Тұрсынбек Қабатовқа қарата тосын тілек айтып, кештің көңіл күйін бір сәтте көтеріп жіберді, деп жазады Ertenmedia.kz. Той үстінде сөз алған Мақпал Жүнісова Тұрсынбек Қабатовқа ел күтпеген әзіл аралас тілек жолдаған. Әншінің астарлы да ойнақы сөзі қонақтардың бірден назарын аударып, залда ду күлкі тудырған. – Тұрсынбекжан, біз сені қатты жақсы көреміз. Бақытты бол! Кіммен болсаң да, қайда жүрсең де бақытты бол. Біріншімен бе, екіншімен бе, үшіншімен бе, тіпті төртіншімен бе – бәрібір, тек бақытты бол, – деді әнші жымиып. Осы сөзден кейін…

Толық оқу
жанболат пен жазира

Белгілі әнші Жазира Байырбекова отбасында өткен ауқымды тойдан кейінгі әсерімен бөлісті. Өнер иесі алғашқы думанның өзі ойлағаннан да жоғары деңгейде өткенін айтып, қонақтарға да, ұйымдастыру ісіне атсалысқан мамандарға да алғысын жеткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әншінің сөзінше, тойға шақырылған қонақтардың басым бөлігі келген. Тіпті олардың саны 99 пайызға жеткен. Осындай құрмет пен ықылас Жазира Байырбекованы ерекше толқытқан. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында алғашқы тойдың сәтті өтуіне үлес қосқан жандардың еңбегін айрықша атап өтті. – Бұлай болады деп ойламадым. Шақырылған қонақтардың 99 пайызы келді. Алғыс білдіреміз. Алғашқы тойымыздың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестеріңізді қосқандарыңыз үшін ерекше ризамыз. Әрқайсыларыңыз өз істеріңіздің нағыз шебері екендеріңізді…

Толық оқу
Сұлтан Сәрсемәлиев

Атырау облысындағы Жаңгелдин ауылында болған Қарабалиндер отбасының қазасына қатысты іс жаңа құқықтық сипатқа ие болды. Тергеу негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке тағылған айыпты кеңейтіп, енді оны тек екі немесе одан да көп адамды өлтірді деген баппен ғана емес, кісі өлтіруді бірнеше рет жасаған деген ауыр белгімен де қарастырып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Атырау облысы полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Сәрсемәлиевке қатысты айыптар тізіміне Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен қатар 13-тармағы да енгізілген. Яғни іс материалдарында енді «екі немесе одан да көп адамды өлтіру» ғана емес, «бірнеше рет жасалған адам өлтіру» деген құқықтық баға да бар. Тергеу үшін бұл жай ғана техникалық толықтыру…

Толық оқу
Маңғыстау

Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағыты қайтадан күн тәртібінің алдыңғы қатарына шықты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асхат Ораловтың төрағалығымен өткен арнайы комиссия отырысында мемлекеттік органдардағы жемқорлық тәуекелдері, оның алдын алу тетіктері және жауапты басшылардың міндеті кеңінен талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға комиссия мүшелерімен бірге мемлекеттік органдардың жетекшілері, құқық қорғау және бақылаушы құрылымдардың өкілдері қатысты. Басқосуда мемлекеттік аппараттағы әлсіз тұстар, жүйелі қатерлер және оларды азайтудың нақты жолдары қаралды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қуаныш Әділханов баяндама жасап, анықталған заңбұзушылықтар, қайталанып отырған тәуекелдер мен профилактикалық жұмыстардың нәтижесін ортаға салды. Отырыс барысында Асхат Оралов сыбайлас…

Толық оқу
кешкі ас

Кешкі ас дәмді болғанымен, таңертең іштің жайсыздануы көп адамға таныс жағдай. Мамандар мұны көбіне кешкі уақытта дұрыс таңдалмаған тағаммен, мөлшерден тыс жеумен және ұйқыға тым жақын уақытта тамақтанумен байланыстырады, деп жазады Ertenmedia.kz. Артық салмақтан арылуда тамақтану тәртібі шешуші рөл атқарады. Мұнда күндіз не жегеніңіз ғана емес, кешке қандай ас ішкеніңіз де маңызды. Кейбір мамандар кешкі алтыдан кейін мүлде тамақ ішпеуге кеңес береді. Енді бірі кешкі мәзірден ауыр, майлы және тым калориялы асты алып тастап, жеңіл тағамға көшу керек. 25 жылдық тәжірибесі бар дәрігер-диетолог, медицина ғылымдарының кандидаты Мұрат Болатұлының айтуынша, кешкі асты жоспарлағанда ең алдымен адамның созылмалы аурулары ескерілуі керек. Себебі…

Толық оқу
бүгін жұлдыз жорамал

29 наурыз күндері көптеген жұлдыз белгілері үшін маңызды кезең болмақ. Бұл уақытта байланыс, серіктестік және өз мүмкіндігін дұрыс көрсете білу жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Алдағы күндері болашаққа байыппен қарау маңызды. Қазір жасап жатқан әрекеттеріңіз тек бүгінгі нәтиже үшін емес, ұзақ мерзімді негіз қалыптастырады. Еңбегіңіз бен тәртіпке деген көзқарасыңыз айналаңызға көріне бастады. Бұл өз кезегінде сізге қажет адамдарды тартады. Ұжым ішінде белсенділік танытып, көшбасшылық рөлді қолға алуға қолайлы уақыт. Торпақ Ұзақ уақыт бойы көзге түспей істеген жұмыстарыңыз енді нәтижесін бере бастайды. Кәсіби салада алға жылжу байқалады. Ішкі дайындық пен кәсіби мақсаттарды үйлестіру маңызды. Тәлімгердің қолдауы немесе жеке…

Толық оқу
ауа райы

Қазақстанда 29 наурыз, жексенбі күні ауа райы бірқалыпты жылы болады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ал батыс пен оңтүстікте жаңбыр мен найзағай болжануда, деп жазады Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, батыс өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Ақтау мен Атырауда жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 14-22 градус шамасында болады. Елордада күн ашық, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде 0…+2 градус, күндіз +13…+15 градус жылы болады. Алматыда да күн жайлы, ауа температурасы күндіз +21…+23 градусқа дейін көтеріледі. Шымкент пен Түркістанда жауын-шашын күтіледі. Найзағай ойнап, жел күшейеді. Ауа температурасы күндіз +23…+27 градус аралығында болады. Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған, Көкшетау…

Толық оқу
спорт

Астанадағы «Aspan» №7 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде grappling бойынша Student Games League студенттік спорттық турнирінің іріктеу кезеңі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жарыс «Заң мен тәртіп» аясында «Астана – есірткісіз қала» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, сондай-ақ Қазақстан grappling қауымдастығы мен Астана қаласының grappling федерациясының бірлесіп ұйымдастырылуымен өткізілді. – Бүгінгі турнир жастарды спортқа баулудың, оларды зиянды әдеттерден қорғаудың нақты тетіктерінің бірі. Біз үшін ең бастысы – жас буынның дұрыс бағытта дамуы, олардың уақытын тиімді өткізуі. Осындай жарыстар арқылы біз тек мықты спортшыларды ғана емес, сонымен қатар жауапкершілігі жоғары,…

Толық оқу
экоакция

Астанада қыс мезгілінен кейінгі тазалық жұмыстары қарқынды түрде басталды. Қазір елорданың барлық ауданында коммуналдық қызмет өкілдері қаланың сәні мен сәулетін қайта қалпына келтіріп, көшелер мен қоғамдық орындарды жаппай ретке келтіруде, деп жазады Ertenmedia.kz. Санитарлық тазалық шаралары қаланың инфрақұрылымдық нысандарын толық қамтып отыр. Жолдар мен тротуарлар жуылып, аялдамалар, қоршаулар, жарық бағаналары және жол белгілері тазалануда. Бұдан бөлек, тұрғындардың сүйікті демалыс орындары – саябақтар мен скверлерде де жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қала әкімдігінің дерегінше, Нұра ауданында тазалық жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. Мұнда көпірлер мен жаяу жүргіншілер жолдары жуылып, қоғамдық орындар мұқият тазалануда. Сондай-ақ, ауданның көркін ашатын көгалдар мен гүлзарларға да ерекше көңіл…

Толық оқу