Автор: Лейла Болтаева

меруерт түсіпбаева

Әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі жазбасында журналист Жанар Байсейітоваға қатты сын айтты. Оның сынына себеп болған дүние – әйел тағдырын жеңіл сөздің, арзан әңгіменің, рейтинг қуған контенттің деңгейіне түсіріп жіберген сұхбат себепші болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Меруерт Түсіпбаеваның ашуына тигені сұхбаттағы «екінші әйелімді шәкіртіме ұзаттым» деген мазмұндағы сөз. Мұндай тіркес әйелді тірі адам, жеке тағдыр иесі, құқық субъектісі ретінде емес, біреудің қолындағы мүлік сияқты көрсетеді. Қарапайым оқырманды да шошытқан тұс осы. Әйел – зат емес. Әйел – «берілетін», «ауыстырылатын», «ұстатылатын» дүние емес. Қазақ қоғамы қанша жерден дәстүр, дін, тәрбие туралы сөйлесе де, осындай сәтте шын бет-бейнесі көрінеді. Егер біреудің аузынан…

Толық оқу
қоныс той

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы Төрткүл ауылы соңғы жылдары тек тұрмыс-тіршілігімен емес, ел ішіндегі ауызбіршілігімен де көпке үлгі болып келеді. Осындай ұйымшылдықтың нақты көрінісінің бірі ауыл тұрғындарының бастамасымен құрылған «Төрткүл» қайырымдылық қорының жұмысы, деп жазады Ertenmedia.kz. Қор құрылған күннен бастап тұрмысы төмен отбасыларды қолдауды, әлеуметтік жағынан әлсіз жандарға сүйеніш болуды басты міндеттердің біріне айналдырған. Әсіресе баспана мәселесі ауыл ішіндегі ең өзекті түйіннің бірі ретінде назардан тыс қалмай келеді. Осы бағытта жергілікті жұрттың жұмыла кірісуі Төрткүлдегі қоғамдық жауапкершіліктің қаншалықты жоғары екенін аңғартады. Жуырда қордың ұйытқы болуымен ауылдағы көпбалалы жалғызбасты анаға жаңа үйдің кілті салтанатты түрде табысталды. Бұл – жай ғана баспана…

Толық оқу
Данияр Мейрхан

ҚР Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы ел қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар ұзақ мерзімді жұмыс ретінде қарастыруда. Таяуда Ұлытау облысында оңтүстіктен орталық өңірге жеткізілмек болған 300 келіден астам марихуананың жолы кесілді. Осы ретте Ertenmedia.kz тілшісіне ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан мырза есірткі бизнесінің қазіргі сипаты, жастарды қорғау, синтетикалық заттардың қаупі және қылмыстық арналарды түбірімен тоқтату жайын кеңінен айтып берді. – Данияр Бекболатұлы, Ұлытау облысында ұсталған есірткі арнасы туралы не айтуға болады? – Мұнда бір көліктен есірткі табылды деп қана қарауға болмайды. Әңгіме ел ішіндегі ірі тасымал жолына тосқауыл қойылды деп нық сеніммен айтуға болады. Ұлытау…

Толық оқу
Досым Айдос

Қазақстандағы саяси пікірталас соңғы жылдары тек идеялар тартысына емес, көзқарас еркіндігі мен қоғамдық диалогтың өзегені айналып келеді. Таяуда Айдос Сарым қоғамдық-саяси жағдайларға қатысты ойын айтып, сұхбат берген еді. Осы сұхбатта аты аталған саясаттанушы Досым Сәтпаев өз ойын ортаға салды, деп жазады Ertenmedia.kz. Демалыс күндері ғана Айдос Сарымның жуырдағы сұхбатымен танысуға уақыт табылды. Бірнеше күн бойы қол тимеген соң, бастапқыда оған арнайы назар аудара қоймас па едім. Ондай үгітке құрылған мәтіндерді оқуға әуес те емеспін. Бірақ сұхбат ішінде менің атым аталғанын білген соң, үнсіз қалмай, қысқаша пікір білдіруді жөн көрдім. Сұхбатты оқи бастаған сәттен-ақ одан әлдебір адалдықты дәлелдеу, лоялдылықты көрсету ниеті…

Толық оқу
ұрлық

Италиядағы Парма маңындағы Маньяни-Рокка мұражайында болған ұрлық Еуропаның музей қауіпсіздігіне қатысты ескі сұрақты қайта көтерді. Ренуар, Сезанн және Матисс секілді алыптардың туындылары бірнеше минут ішінде қолды болып, өнер әлемін дүр сілкіндірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жергілікті мәліметтерге қарағанда, ұрлық 22 наурыздан 23 наурызға қараған түні, Пармадан шамамен 20 шақырым жердегі Маньяни-Рокка қорында болған. Бетперде киген төрт адам ғимаратқа кіріп, бірінші қабаттағы залдардың бірінен үш картинаны алып шыққан. Тергеушілердің бағалауынша, бүкіл операция үш минутқа да жетпеген және алдын ала мұқият жоспарланған. Қолды болған жұмыстардың қатарында Пьер Огюст Ренуардың “Les Poissons” (“Балықтар”), Поль Сезаннның “Still Life with Cherries” (“Шиемен натюрморт”) және Анри Матисстің…

Толық оқу
Адам Делимханов

Ленинград облысындағы Усть-Луга кентінде қазақстандық жұмысшылар қатысқан жанжалға қатысты жағдай толық реттелді. Бұл туралы Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Адам Делимханов Қазақстанның Бас консулымен және құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесуден кейін мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, болған жағдай тұрмыстық сипаттағы жанжал болған және оның ұлттық не этносаралық астары жоқ. Делимханов осы мәселеге қатысты түрлі алыпқашпа әңгіме мен арандатуға жол бермеуге шақырды. – Қазақ халқы бізге бауыр халық. Бізді көп жылдан бергі достық пен жылы қарым-қатынас байланыстырады. Осындай тұрмыстық жағдайларды ұлтаралық қақтығыс ретінде көрсетуге ешкімге жол бермейміз. Екі халықтың арасына іріткі салуға бағытталған кез келген әрекетті тоқтатамыз, – деді Адам Делимханов.…

Толық оқу
жұлдыз жорамал гороскоп

30 наурыз күні көп нәрсе сабыр сақтап, асығыс шешім қабылдамауға байланысты болмақ. Бұл күн жаңа ой мен жаңа мүмкіндік әкелуі мүмкін, бірақ нәтиже көру үшін әр қадамды байыппен жасап, артық алаңдамау маңызды, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін сізден жинақылық пен эмоцияны бақылауда ұстау талап етіледі. Жұмыста күтпеген міндеттер тууы мүмкін, бірақ асықпай әрекет етсеңіз, бәрін еңсересіз. Жеке өмірде де шыдам танытқан жөн. Барлығы сіз күткендей өрбуі міндетті емес. Күн қысқа сапарға, араласуға және пайдалы әңгімеге қолайлы. Кешке күш жинап, тынығуға уақыт бөлген дұрыс. Торпақ 30 наурыз сізге сенімділік пен тұрақтылық сыйлайды. Ұзақ уақыт кейінге қалдырған мәселелерді бүгін шешуге мүмкіндік туады.…

Толық оқу
гүлдер

Қазақстанда 30 наурыз, дүйсенбі күні көктемгі жылы ауа райы сақталады. Ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн күтіледі, тек батыстағы кей өңірлерде жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Елордада күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын жаумайды. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1…-3 градусқа дейін төмендеп, күндіз +14…+16 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда да жауын-шашынсыз күн күтіледі. Түнде +7…+9 градус, күндіз +24…+26 градус жылы болады. Шымкентте күн ашық, ауа температурасы түнде +9…+11 градус, күндіз +25…+27 градус шамасында сақталады. Ақтауда жауын-шашын болмайды. Түнгі температура +8…+10 градус болса, күндіз +14…+16 градусқа дейін жылынады. Ақтөбеде де күн жауынсыз өтеді, күндіз ауа…

Толық оқу
коммуналка тариф

Сәуірден бастап коммуналдық қызмет нарығы қайтадан қалыпты режимге көшеді. Былтыр күзде енгізілген тариф өсіміне қойылған шектеу алынып тасталмақ. Соның нәтижесінде коммуналдық кәсіпорындар бағаны қайта қарау мүмкіндігіне ие болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Әңгіме халық күнделікті төлейтін негізгі қызметтер туралы болып отыр. Олардың қатарында жылу мен ыстық су, электр қуаты, суық су, кәріз жүйесі, газ, қоқыс шығару және лифт қызметі бар. Яғни өзгеріс тұрғын үй-коммуналдық саладағы базалық төлемдердің бәріне әсер етуі мүмкін. Дегенмен жаңа тариф бірден түбіртекке түсе қоймайды. Алдымен қызмет көрсетуші мекемелер уәкілетті департаменттерге өтінім тапсыруы керек. Кейін бұл өтінімдер қаралады. Әдетте мұндай рәсім 90 күнге дейін созылады. Ал егер мәселе…

Толық оқу
Мейрамбек Шермағамбет

Қызылорда облысында азаматтық қоғам институттарының рөлі халықпен ашық диалог тұрғысынан ерекше маңызға ие болып отыр. Өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар, еріктілер қозғалысы мен азаматтық бастамашыл топтар мемлекеттік саясаттың халыққа жақын болуына ықпал етіп келеді. Осы ретте Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбетпен болған сұхбатта Ertenmedia.kz азаматтық сектордың бүгінгі салмағын саралауға күш салды. – Мейрамбек Зинабдинұлы, қазіргі кезеңде азаматтық қоғамның рөлі неге ерекше айтыла бастады? – Бүгінгі қоғам бұрынғыдан әлдеқайда сергек. Адамдар өз ауылсы мен отбасындағы мәселеге бей-жай қарағысы келмейді. Бұл дұрыс құбылыс. Азаматтық қоғам ел ішіндегі жауапкершілік сезімі. Бір адам ауылдағы ауызсу мәселесін көтерсе, бір ұйым мүмкіндігі шектеулі азаматтың құқығын қорғауды…

Толық оқу