Автор: Лейла Болтаева

безоар

Ел азаматтары күз-қыс айларында құрманы жиі тұтынып келеді. Бірақ көпшілік біле бермейтін бір жайт бар – осы тәтті әрі пайдалы жемістің шамадан тыс мөлшерде тұтынылуы денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Дәрігер Мұрат Болатұлының айтуынша, құрма сияқты жемістердің құрамында танин деп аталатын илегіш заттар бар. Осы танин асқазанда жиналып, бірте-бірте безоар атты бөгде түзіліске айналады екен. Уақыт өте келе бұл түзіліс асқазан қуысын толық жауып, ас қорытуды қиындатады. Қазақстандық дәрігерлер де безоардың пайда болуына қатысты жағдайлар сирек болса да кездесетінін айтады. Әсіресе күз-қыс мезгілінде құрманы қабығымен көп мөлшерде тұтынған азаматтар осындай шағыммен ауруханаға жиі жүгінеді екен. Фитобезоар жеміс-жидек қабығынан…

Толық оқу
мопед курьер

Қазақстандықтар 2026 жылғы көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеуі тиіс. Алайда мопед иелері салық төлеуге міндетті ме, жоқ па, бұл мәселе көпшілікті толғандырып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстанда заң бойынша тіркелген және есепке алынған барлық көлік құралдарына салық салынады. Бұған А және А1 санатындағы көліктер де жатады. Салық кодексінің 565-бабында мотоцикл, мотороллер, мотошана және шағын су көліктері үшін қозғалтқыш қуатына қарай салық мөлшері бекітілген: қуаты 55 кВт (75 ат күшіне дейін) – 1 АЕК; қуаты 55 кВт (75 ат күшінен асатындар) – 10 АЕК. Дегенмен, аталған тізімде «мопед» деген ұғым жоқ. Бұл мәселені нақтылау үшін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне…

Толық оқу
чип нотбука

Көптеген қазақстандықтардың үйінде істен шыққан смартфон, ноутбук немесе басқа да электронды құрылғылардың шаң басып жатқаны рас. Олардың ішінде алтын мен күміс сияқты бағалы металдар бар екенін естігенде, кейбіреулер ескі техниканы «бөлшектеп», пайда табуды да ойлап қалады. Бірақ бұл іс шынымен де тиімді ме? Ertenmedia.kz сарапшылары осы сұраққа жауап іздеп көрді. Шын мәнінде, смартфон мен ноутбук секілді құрылғылардың ішінде расында алтын кездеседі. Бірақ оның мөлшері өте аз. Мамандардың пікірінше, бір грамм таза алтын алу үшін ондаған смартфон қажет екен. Ал ноутбуктер смартфондардан үлкен болғанымен, алтынның мөлшері де айтарлықтай көп емес. SD Bullion сараптамалық компаниясының дерегінше, бір ноутбукта шамамен 0,1 грамм алтын…

Толық оқу
жиналыс

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысында вегетациялық кезеңге дайындық жұмыстарын талқылап, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында «Қазсушар» РМК облыстық филиалының өндірістік бөлімше басшылары өңірдегі шаруаларды суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Қазіргі таңда облыс бойынша 63 дана сорғы қондырғысын сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жабдықтар суару каналдарындағы су деңгейі төмендеген жағдайда пайдаланылмақ. Мамыр айының соңына дейін барлық қондырғылар өңірдегі өндірістік учаскелерге жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, облыста суару каналдарын механикалық тазарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл жыл басынан бері 316,9 шақырымды құрайтын 118 канал учаскесі тазаланған. Жалпы, жыл…

Толық оқу
алаяқтық

Бүгін Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) ел азаматтарына дипфейк технологиясын қолданатын жаңа алаяқтық әрекеттер туралы ескертіп, шұғыл үндеу жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Агенттіктің хабарлауынша, алаяқтар ҚМА өкілінің жалған бейнесін және агенттіктің атынан ашылған жалған веб-сайттарды пайдалануда. – Таратылып жатқан бейнероликтерде агенттік өкілінің атынан жалған инвестордың оқиғасы баяндалады. Сценарий бойынша, инвестиция жасағаннан кейін оған кіріс көрсетіліп, кейін қаражатты шешіп алу үшін түрлі комиссиялар, салықтар және «тексерулер» үшін төлем жасау талап етіледі. Бірнеше төлем жасағаннан кейін де қаражатқа қол жеткізу мүмкін болмайды. Содан соң «ақшаның бір бөлігін банктер мен реттеушілер арқылы қайтаруға мүмкіндік бар» деп көрсетіледі. Әрі қарай, бейнероликтегі «толығырақ» батырмасын басқан адам…

Толық оқу
нутрициолог тамақтану

Соңғы уақытта Қазақстанда дұрыс тамақтануға қызығушылық артып келеді. Осы қызығушылықпен бірге нутрициолог курсын оқып алып, әлеуметтік желіде кеңес беретіндер де көбейген. Мұндай «сарапшылардың» кеңесіне сақтықпен қараған жөн, деп жазады Ertenmedia.kz. Рационалды тамақтану жөніндегі клиникалық психолог Ержігіт Тоқтарұлының пікірінше, қазір сәнге айналған нутрициолог мамандығының нақты анықтамасы да жоқ. Медициналық білімі мен тәжірибесі жоқ адамдар диета және дұрыс тамақтану бойынша кеңес беріп, «суперфудтарды» белсенді насихаттауда. Чиа тұқымы, годжи жидегі, спирулина, лактозасыз әрі глютенсіз тағамдар, өсімдік сүті сияқты өнімдер кәдімгі тағамнан әлдеқайда қымбат тұрады. Бірақ бұл өнімдердің ешқандай кереметі жоқ, дейді маман. – Аталған өнімдерден алатын пайдаңыз өте аз. Егер сізде қандай да…

Толық оқу
Шымкент мұнай зауыты

Бүгіннен бастап Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары (ЖАЖ) басталды. Бұл жұмыстар еліміздің «Азаматтық қорғау туралы» заңы мен Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес жүргізіліп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоспарлы жөндеудің негізгі мақсаты жабдықтардың сенімділігін қамтамасыз етіп, технологиялық процестердің тұрақтылығын сақтау, сонымен қатар өндірістік тиімділікті арттыру. ЖАЖ аясында зауыттағы 573-тен астам қысыммен жұмыс істейтін жабдық пен 170-тен аса технологиялық құбырға міндетті техникалық тексеру және сараптама жүргізу көзделген. Жөндеу жұмыстары кезінде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптары ерекше бақылауда болады. Жалпы алғанда, іс-шараға 2035-тен астам адам мен 222 бірлік арнайы техника жұмылдырылады. Ең күрделі жұмыстардың қатарында ЭЛТҚ-АТ қондырғысының П-101/1-1,2…

Толық оқу
су ішу

Күніне екі-үш литр су ішу шынымен қажет пе, әлде оның нақты нормасы жоқ па? Бұл сұрақ салауатты өмір салтын ұстанушылар арасында әлі күнге дейін пікірталас тудырып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Диетологтардың өзі су тұтынудың ортақ ережесі бойынша бір шешімге келе алмай отыр. Олардың ұсынымдары әртүрлі. Тіпті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары да «күніне 2 литр су ішу» туралы қағиданың маркетингтік айла екенін, нақты медициналық негізі жоқ екенін ашық айтқан. Сайтымызға пікір білдірген терапевт Мұрат Болатұлы суды ішу режимінің базалық ережелері мен жиі жіберілетін қателіктерге тоқталды. Дәрігердің айтуынша, суды тұтыну мөлшері әр адам үшін жеке белгіленеді. Бұл адамның өмір салтына, тамақтану…

Толық оқу
Гороскоп 365

27 наурызы барлық жұлдыз белгілері үшін өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктерге толы күн болмақ. Біреу қаржы мәселесінде табысқа жетсе, енді бірі махаббатын кездестіреді, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Келіссөздер мен маңызды мәмілелер жасауға қолайлы күн. Ашықтық танытсаңыз, сәттілік сіз жақта болады. Торпақ Бастаған істі соңына дейін жеткізіңіз. Кешке көңіл-күйіңіз көтеріліп, жақын адамыңызбен әңгімелесу жағымды әсер сыйлайды. Егіздер Жанжалдар мен даулы жағдайлардан аулақ болғаныңыз жөн. Маңызды кездесулерді басқа күнге ауыстырыңыз. Кешкі уақытта жағымды жаңалық пен пайдалы таныстықтар күтіледі. Шаян Жоспарыңыз ойдағыдай болмаса да, алған бетіңізден таймаңыз. Жеке өміріңізде романтикалық тосынсыйлар күтіп тұр. Арыстан Жеке қарым-қатынасыңызды нығайтуға қолайлы күн. Қызықты таныстықтар махаббатқа ұласуы әбден…

Толық оқу
ауыл ауа райы

«Қазгидромет» 27 наурыз, жұма күнгі ауа райына арналған болжамын жариялады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық әрі жылы болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Елдің батыс аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ сақталады. Күндізгі ауа температурасы батыс және солтүстік-батыста 15-25 градус, солтүстік және шығыс облыстарда 10-17 градус, орталық аймақтарда 13-24 градус аралығында жылы болады. Елдің оңтүстігінде күн күрт жылынып, 21-30 градус, ал оңтүстік-шығыста 18-27 градусқа дейін көтеріледі. Таулы аудандарда ауа температурасы 10-15 градус жылы болады. Абай облысының солтүстігінде түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып, көктайғақ орын алуы ықтимал. Желдің жылдамдығы кей…

Толық оқу