Автор: Лейла Болтаева

экоакция

Бүгін Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік өтті. Іс-шара барысында 7300-ге жуық адам қатысып, 450 гектар аумақ қоқыстан тазартылды және 2200 түп ағаш көшеті егілді. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаевтың айтуынша, осы бағдарлама аясында ұйымдастырылған «7 OZEN» акциясында өңірдегі өзендердің жағалаулары мен арналары жүйелі түрде тазаланып жатыр. – Өткен сенбіде Қаратал өзенінің жағалауын тазалаған болатынбыз. Бүгін Көксу өзенінің арнасын тазарту шараларын Көксу ауданынан бастап, әрі қарай Ескелді мен Кербұлақ аудандарында жалғастырдық. Жалпы саны 700-ден астам ағаш отырғыздық. Тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан азаматтарға алғысымды білдіремін. Біз ең…

Толық оқу

Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында алғаш рет УЕФА аясындағы ресми матч өтті. 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Словакия құрамалары кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Тарихи ойын жергілікті жанкүйерлердің ерекше қолдауымен есте қалды. 7000 көрерменге арналған стадионда ине шаншар орын болмады. Түркістандықтар матч бойы ұлттық құрамаға зор қолдау көрсетіп, футболшыларға ерекше жігер берді. Алайда, тартысқа толы кездесу қонақтардың жеңісімен аяқталды. Словакия жастары сауатты қорғаныс пен өткір шабуыл ұйымдастырып, 3:1 есебімен басым түсті. Осындай деңгейдегі халықаралық кездесулердің Түркістанда ұйымдастырылуы аймақтағы спорт инфрақұрылымының жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетеді. Бұл сондай-ақ жастар арасында футболға деген қызығушылықты арттырып, жас спортшыларды…

Толық оқу
Нүрбол Тұрашбеков

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары мен суару маусымы жоспарға сай жүріп жатыр. Өңірде жаздық дақыл егу, шаруаларды жеңілдетілген жанар-жағармаймен қамту, тыңайтқыш жеткізу, су үнемдеу технологиясын енгізу және ағын суды әділ бөлу мәселесі тұрақты бақылауда. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Ertenmedia.kz сайтына берген сұхбатында көктемгі науқанның қазіргі барысы, су тапшылығына қарсы амал, шаруаларға көрсетіліп жатқан қолдау жайында кеңінен айтып берді. – Нұрбол Әбдісаттарұлы, Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары қазір қандай деңгейде жүріп жатыр? – Биылғы көктемгі дала жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді. Түркістан облысы ауыл шаруашылығының салмағы үлкен өңір. Сондықтан әр маусым біз үшін мыңдаған шаруаның табысына, ауылдағы еңбек ырғағына,…

Толық оқу
Асан Құрманбеков

Қазақстанның халықаралық қаржылық резерві соңғы жылдары көзге анық көрінетіндей өсті, бірақ сол өсімнің ішкі құрылымына үңілсек, алтынның үлесі бұрынғыдан әлдеқайда күшейгенін байқаймыз. Ұлттық қор активтері де қайта көбейе бастады, оған былтырғы жоғары инвестициялық табыс пен биыл трансферттің қысқаруы әсер етті. Halyk Bank-тің сарапшысы Асан Құрманбеков Ertenmedia.kz сайтына берген сұхбатында резервтің сырттай мықты көрінгенімен, оның өтімділігі, алтын бағасына тәуелділігі және бюджет тәртібі сияқты маңызды сұрақ ашық тұрғанын айтты. – Асан мырза, Қазақстанның халықаралық резерві 140 миллиард долларға жақындады деген дерек нені білдіреді? – Бұл өте жақсы көрсеткіш. Елдің сыртқы қорғаныс қабаты күшейіп келеді деуге болады. Халықаралық резерв дегеніміз қиын кезеңде экономиканы…

Толық оқу
AMANAT партиясы

AMANAT партиясы соңғы жылдары нақты нәтижеге негізделген жұмысты алдыңғы орынға шығарып, азаматтардың күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететін жобаларды жүйелі түрде іске асырып келеді. Партия енді тек саяси ұранмен шектелмей, қарыз, жер, жұмыс, ауыл тірлігі мен қаладағы тұрмыс сапасы сияқты ел ішіндегі ең өзекті мәселелерді шешуге бағытталған сервистік модель қалыптастыруға ден қойды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен кеңесте осы негізгі жобалардың жүзеге асу нәтижелері талқыланды. Бүгінде партия бастамалары миллиондаған азаматты қамтып отыр. Бұл жобалардың басты ерекшелігі – адамды орталыққа қою. Яғни әр бастама қағаз жүзіндегі есеп үшін емес, нақты адамның мәселесін шешуге бағытталған. Соңғы…

Толық оқу

Қазақстандықтардың рубльге сұранысы 14 айлық құлдыраудан кейін алғаш рет өсе бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ақпан айының қорытындысы бойынша рубльді сатып алу көлемі оны сатудан 1,1 млрд теңгеге асып түскен. Мұндай жағдай соңғы рет 2024 жылдың қараша айында байқалған еді. Рубльге сұраныс әсіресе Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жоғары. Алматы мен Астанада рубль саудасы әлі де теріс көрсеткіш көрсетіп отыр. Алайда соңғы кездері бұл қалалардағы жағдай да оң динамикаға қарай бет алған. Ақпан айында рубль бағамы біршама тұрақталып, орташа есеппен 6,45 теңгені құрады. Бұл қаңтар айындағы бағамнан (6,5 теңге) сәл төмен. Ал доллардың таза сұранысы 136 млрд теңгеге дейін төмендеген.…

Толық оқу
аккула қанаты

Бұрынғы үлкен әрі бұрышты көліктердің капотындағы ұзын металл антенналар бүгінде тарихқа айналды. Қазір олардың орнын төбесінде орналасқан кішкентай әрі сүйкімді «акула жүзбеқанаты» тәрізді антенналар басты, деп жазады Ertenmedia.kz. Осыдан біраз жыл бұрын көлік антеннасына арналған әртүрлі қондырғыларды шығару табысты бизнес болды. Ол кезде мұндай жаңалықтармен айналысқан кәсіпкерлер жыл сайын жүздеген мың доллар пайда табатын. Алайда заманауи автокөліктердің дизайны айтарлықтай өзгергендіктен, үлкен әрі көзге ұрып тұратын антенналардың орнын шағын ғана, сәнді антенналар алмастырды. Шындығында, «акула жүзбеқанаты» тек сән үшін ғана емес, көліктің байланыс мүмкіндігін арттыру мақсатында да орнатылады. Оның ішінде Bluetooth, Wi-Fi, ұялы байланыс, GPS, спутниктік жүйелер және жүргізушіге көмек беретін…

Толық оқу
Трамп

Трамптың соңғы мәлімдемелерінен Ақ үй қожайыны Иранға қатысты ақпараттық соғысты үдетіп, теокартиялық билік режиімінде алауызыдық туғызуға бет бұрғанын байқауға болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бастапқыда Трамп Иранға шабуыл жасауға 48 сағат уақыт белгілеп, кейін ол райынан қайтқан соң, көпшілік Трамп жеңілді деп ойлап қалды. Біреулер бұл соғыста Иран жеңіске жетті деп санаса, енді бірі АҚШ енді шегінді деген пікірді ұстанды. Десекте Трамптың әрбір сөзіне емес, оның нақты әрекеттеріне мән беру керек. Бір күндегі Трамптың мәлімдемелері бір-біріне қарама-қайшы келуі мүмкін. Сол себепті оқиғаға кеңірек ауқымда, ұзақ мерзімдік тұрғыда қараған жөн. Трамп журналистерге берген сұхбатында Иран билігінде маңызды өзгерістер болатынын, қазіргі уақытта Иранның…

Толық оқу
томография

Қостанай облысында мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалуын тексерген аудиторлар бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Әсіресе дәрігерлік амбулаторияларды салуға арналған медициналық құрал-жабдықтардың бағасы бірнеше есе көтерілгені белгілі болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Тексеру барысында анықталғандай, медициналық жабдықтар сметалық құжатта көрсетілген бағадан шын мәнінде 18-46 есеге дейін арзанға сатып алынған. Ал кейбір жабдықтардың құны банкрот деп танылған компаниялардың прайс-листері бойынша белгіленген. Нәтижесінде, медициналық құрал-жабдықтар бағасы шамамен 200 млн теңгеге жасанды түрде көтерілген. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласында жалпы сомасы 12 млрд теңге болатын өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Олардың қатарында конкурс талаптарына сәйкес келмейтін компанияларды жеңімпаз деп тану, еш негізсіз «қызметтік пайдалану үшін» деген белгі қою арқылы…

Толық оқу

Бұрын діни түсіндіру жұмысы көбіне мешіт мінберіндегі уағыз, жамағатпен кездесу немесе діни сұраққа жауап беру шеңберінде болғаны жасырын емес. Қазір жағдай өзгерді. Жастардың басым бөлігі ақпаратты әлеуметтік желіден алады. Діни сұрақтың жауабын да алдымен интернеттен іздейді. Ал интернетте сенімді біліммен қатар күмәнді уағыз, эмоцияға құрылған насихат өте көп. Осындай ортада имамның да, теологтың да жауапкершілігі артады, деп жазады Ertenmedia.kz. Имам қоғаммен күн сайын бетпе-бет жұмыс істейді. Ол адамдардың қуанышы мен қайғыға батқанда қасынан табылады. Жұма намазындан кецінгі уағыз, мешіттегі кездесубәрі имамның тікелей алаңы. Ал теолог діни ағымдарды, идеялық тәуекелді, радикалдану белгілерін, мәтін мен контекст арасындағы айырманы ғылыми тұрғыдан талдайды. Осы…

Толық оқу