Бүгін Алматыдағы «Ғылым ордасында» еліміздің қолжазба мұраларын сақтау, қалпына келтіру және ғылыми зерттеудің заманауи әдістеріне арналған республикалық ғылыми-практикалық семинар басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Екі күнге жоспарланған ғылыми жиын BR28712621 бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. Оның мақсаты – Қазақстан аумағында сақталған шығыс тілдеріндегі қолжазба ескерткіштерді кешенді зерттеу, бірыңғай ұлттық электрондық дерекқор жасау және құнды жазба мұраларды ғылыми айналымға кезең-кезеңімен енгізу. Семинарға еліміздің әр өңірінен келген 70-ке тарта маман – реставраторлар, архив, музей және кітапхана қызметкерлері, ғылыми мекеме басшылары қатысуда. Шараның ашылуында «Ғылым ордасының» бас директоры Ұлар Мұқажанов еліміздің жазба жәдігерлерін сақтаудың ұлттық маңызын айрықша атап өтті. – Қазақ халқының рухани, ғылыми және мәдени…
Автор: Лейла Болтаева
Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатқан қуаты 1000 МВт бу-газ электр стансасының құрылысымен танысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Сайрам ауданында орналасқан бұл станса ұлттық электр желісінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған. Нысан 4 газ турбинасы, 4 кәдеге жарату қазандығы және 2 бу турбинасынан тұрады. Стансада пайдаланылатын бу-газ қондырғысының технологиясы – қазіргі энергетикадағы ең тиімді әрі экологиялық таза шешімдердің бірі. Оның басты ерекшелігі газдың пайдаланылған жылуын қайталай іске қосып, қосымша қуат өндіруге мүмкіндік беруінде. Станса маневрлі қабілетінің арқасында энергия тапшылығы кезінде желіге қажетті қуатты жылдам бере алады. – Ұлттық құрылтайда Президент энергияны көп қажет ететін экономиканы…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысы аясында Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жалғасуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы ауқымды іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов арнайы қатысып, Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы тарихи «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру жұмыстарын жергілікті тұрғындармен бірге атқарды. Олжас Бектенов экологиялық мәдениетті қалыптастыруда су ресурстарын қорғау мен оларды тиімді пайдаланудың ерекше маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама халықтың табиғатқа жанашырлығын арттырып қана қоймай, су тапшылығы жағдайында қосымша ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге де мүмкіндік береді. «Ақ-Ата» бұлағының тарихы XVII–XVIII ғасырлардан бастау алады. Оның жалпы аумағы 3,5 гектарды құрайды. Осы күні бұлақ маңы тазартылып, жасыл…
Бүгінде балаларға арналған сапалы контент әзірлеудің маңызы зор. Өйткені қазіргі бала экранмен ерте танысады, ақпаратты тез қабылдайды. Сонымен қатар көрген дүниесін күнделікті мінезіне, тіліне, ойлау жүйесіне сіңіріп алады. Сондықтан балаларға арналған әр бағдарлама, әр мультфильм, әр шағын ролик тәрбие мен танымның бір бөлігіне айналуы тиіс, деп жазады Ertenmedia.kz. Бір қарағанда балалар контентін жасау жеңіл көрінуі мүмкін. Ашық түсті студия, көңілді жүргізуші, ойын, ән, күлкі, қолөнер, қызықты тапсырма. Бірақ соның артында үлкен жауапкершілік бар. Ересек көрермен ақпаратты салыстырып, сүзгіден өткізе алады. Ал бала экрандағы дүниені көбіне сол күйінде қабылдайды. Сондықтан балаларға арналған контент тек көңіл көтеріп қана қоймай, тілін байытып, қиялын…
Қазақстан ұзақ жылдар бойы көші-қон мәселесіне көбіне әлеуметтік, демографиялық және әкімшілік тұрғыдан қарап келді. Бір кезеңде басты назар қандастарды елге қайтаруға ауғаны да есімізде. Кейін еңбек миграциясын заңдастыру, шетелдік жұмыс күшін квота арқылы реттеу, ішкі көші-қонды оңтүстіктен солтүстікке бағыттау мәселесі алға шықты. Ендігі кезеңде көші-қон саясаты экономиканың нақты сұранысымен тікелей байланыстаратын кеезң туып тұр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі әлемде көші-қон тек шекарадан өту немесе тұруға рұқсат алу мәселесімен шектелмейді. Ол еңбек нарығының, инвестициялық саясаттың, адами капитал сапасының және демографиялық тепе-теңдіктің бір бөлігіне айналғна. Әсіресе Қазақстан секілді аумағы кең, бірақ кей өңірінде халық тығыздығы төмен ел үшін дұрыс жүргізілген көші-қон саясаты…
Соңғы жылдары Қазақстанда жүрек-қантамыр, қант диабеті және басқа да созылмалы аурулардың таралуы артып келеді. Оның бір себебі дұрыс тамақтанбау. Бұл мәселеде ерекше мән беруді қажет ететін факторлардың бірі – омега-3, омега-6 және омега-9 май қышқылдарының ағзада жеткілікті болуы. Алматыдағы белгілі гастроэнтеролог Зәмза Қуанышқызы осы қышқылдардың денсаулыққа әсерін және оларды қалай дұрыс қолдану керектігін түсіндіріп берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Омега-3, омега-6 және омега-9: айырмашылықтары қандай? – Омега-3, омега-6 және омега-9 – адам ағзасына өте қажетті, бірақ ағзамыз өздігінен өндіре алмайтын полиқанықпаған май қышқылдары. Сондықтан олар тамақ арқылы келіп түсуі керек. Әсіресе омега-3 пен омега-9 май қышқылдарының маңызы зор, – дейді Зәмза…
Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі су ресурстарының әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында жаңа үш шағын гидроэлектр станциясын салуды жоспарлап отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Министрліктің мәліметінше, Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында жаңа гидроэлектр станцияларының құрылысы басталады. Қазіргі уақытта осы үш нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Министрлік алдағы уақытта тағы бес нысан бойынша жобалау жұмыстары жоспарланғанын хабарлады. Олардың үшеуі жеке инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылады деп күтілуде. Бұл жұмыстар былтыр қыркүйекте қабылданған «Қазсушар» РМК гидротехникалық құрылыстарында шағын ГЭС-терді дамыту жөніндегі жол картасы аясында жүргізілуде. Қазірдің өзінде шағын ГЭС орнатуға…
Жұлдыздар жаңа күннің тосын сыйларына дайын болуға кеңес береді. Осы бейсенбіде сізді не күтіп тұрғанын жұлдыз жорамалдан біліңіз, деп жазады Ertenmedia.kz. ТОҚТЫ Бұл бейсенбіде Тоқтыларға позитивті адамдармен көбірек араласқан дұрыс. Олар көңіліңізді көтеріп қана қоймай, қызықты идеяларымен де бөліседі. ТОРПАҚ Басқа адамдардың мәселелеріне бас қатырмай, өз өміріңізге назар аударыңыз. ЕГІЗДЕР Оқиғалар толқынында адаспауға отбасыңыз көмектеседі. Жақындарыңызға уақыт бөліңіз, олар сізге қамқорлықпен жауап береді. ШАЯН Бейсенбі күні Шаяндардың бойында қуат пен күш тасиды. Осы энергия кешкі уақытта сіз үшін маңызды оқиға болған кезде өте қажет болады. АРЫСТАН Бұл күнгі шаруаларыңызды жақсы көңіл-күймен еңсересіз. Еңсеңізді түсірмеңіз, бәрін сәтті аяқтайсыз! БИКЕШ Бикештерге адамдардың…
Көктемнің соңғы күндері Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болмақ. 26 наурызда елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталғанымен, кейбір өңірлерде күн күрт суытып, жел күшейеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Абай облысында күн ашық, жауын-шашын болмайды. Солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14, оңтүстік пен орталықта екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-6°С, күндіз +8…+13°С, облыстың оңтүстігінде +18°С, шығысында +2°С жылы. Ақмола облысында жауын-шашынсыз ауа райы. Батыс, оңтүстік және шығыс аудандарда тұман түсіп, түнде жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Түнде 0…+5°С, күндіз +8…+13°С жылы. Ақтөбе облысында күн ашық. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, облыстың орталығы мен оңтүстігінде…
Елімізде тұрмыстық газ баллондарының қауіпсіздігіне қатысты мәселе өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Аталған мәселе ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабындағы кеңесте кеңінен сөз болды. Жиында тұрмыстық газ баллондарын пайдалану тәртібі, олардың техникалық жағдайы, ескі баллондардың айналымда жүруі және халық қауіпсіздігін күшейту мәселесі жан-жақты талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Басқосуға қатысқанымызда еліміздегі тұрмыстық газ баллондарының едәуір бөлігі белгіленген пайдалану мерзімінен әлдеқашан асып кеткені айтылды. Соңғы үш жылдағы деректер алаңдатарлық. Қазақстанда тұрмыстық газ баллондарының 30 жарылысы тіркеліп, 110 адам зардап шеккен. Оның 27-сі көз жұмған. Әрбір осындай оқиғаның артында бір отбасының қайғысы, бір шаңырақтың күйреуі, бір ауыл немесе бір көшенің қауіптен көз ашпай отырған…










